«Ұқсатым. Сән. Талғам.» Киім түсі. 3-бөлім. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 7 сынып, сабақ жоспары.


САБАҚ:

Мектеп: ХББ НЗМ Петропавл қаласы

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Нургужина Г.М.

Сынып: 7Т2

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

3-бөлім: «Ұқсатым. Сән. Талғам.» Киім түсі

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

Т1.Мәтін үзінділері арқылы оқиғаның дамуын болжау.

 Сабақтың мақсаттары

Мәтін үзінділері арқылы оқиғаның дамуын болжайды.

 Жетістік критерийлері

1.Мәтіннің мазмұнын түсінеді.

2.Оқиғаның дамуын болжай алады.

Тілдік мақсаттар

Сабақ тақырыбына қатысты жаңа сөздер мен жаңа ұғымдар беріледі. Сөйлемдерінің лексикалық –грамматикалық талаптарға сай құрылуына назар аударылады.

Лексикалық минимум:

Талғам, жарасымды, келіссөз, тағып алыңыздар, орамал, ұсақ-түйек,

келіссөз, ару

Құндылықтарды дарыту

Өз идеялары мен көзқарастарына ой тастайтын, жаңа идеяларға және көзқарастарға ашықтық

Осыған дейін меңгерілген білім

Берілген сұрақты дұрыс түсініп, лайықты жауап береді, шағын диалогке қатысады.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

3 мин.

2 мин.

1.Ұйымдастыру кезеңі.

2. «Топтастыру» стратегиясы.Сабақтың тақырыбын анықтау.

-Балалар, суреттерде не бейнеленген?

-Осы суреттердің ұқсастығы мен айырмашылығы неде?

- Cабақтың тақырыбын анықтаңыз.

3. Суреттер бойынша 3 топқа бөлінеді.

4.Сабақтың мақсаттары мен жетістік критерийлері талқыланады.

Слайд

Сабақтың ортасы

5 мин.

3 мин.

12 мин.

15 мин.

3 мин.

Топтық жұмыс.Тыңдалым алды тапсырма.

Жаңа сөздермен жұмыс

1-тапсырма. Берілген сөздердің мағынасын түсіндіріп жазыңыз.

Талғам-

Жарасымды-

Келіссөз-

Тағып алыңыздар-

Орамал-

Ұсақ-түйек-

Келіссөз-

Ару-

Бағалау. Топтар бір-бірін тексереді. Дұрыс жауаптар слайдта көрсетіледі.

Дұрыс жауаптар:

Талғам - бір нәрсеге деген ұнамды көзқарас, талғағыштық.

Жарасымды - келісімді, лайықты, қонымды, үйлесімді.

Келіссөз - мәселені талқылау, пікір алысумен шектелген келісім сөз.

Тағып алыңыздар - киіңіздер.

Орамал - әйелдер басына салатын жаулық.

Ұсақ-түйек - уақ-түйек, майда-шүйде заттар.

Келіссөз – мәселені талқылау, пікір алысумен шектелген келісім сөз..

Ару-асқан сұлу, керім, кербез (әйел, қыз)

Жеке жұмыс.Тыңдалым тапсырмасы:

Мәтін үзінділері арқылы оқиғаның дамуын болжайды. 2-тапсырма. Тыңдалым мәтіннің алғашқы 0,15 сек. бөлігін тыңдап болжам жасаңыз.

1.Мамандар көктемде

____________________________________________________

2.Мәселен, сұр немесе көк түс сізді

_____________________________________________________

3.Сондай-ақ келіссөздерге барарда аруларға

_____________________________________________________

4.Басшылықпен жиналысқа

____________________________________________________

Бағалау критерийлері:

1.Мәтіннің мазмұнын түсінеді.

2.Оқиғаның дамуын болжай алады.

Бір-бірін бағалау. Оқушылар дәптерлерді сағат тілімен бір-бірімен алмастырып, бағалайды.

Дұрыс жауаптар слайдта көрсетіледі.

Дұрыс жауаптар:

1.Мамандар көктемде киетін киімнің түсіне де мән бергенді жөн көреді.

2.Мәселен, сұр немесе көк түс сізді таныс емес кісіге өзіне сенімді, батыл, қайсар және тұрақты адам етіп көрсетеді.

3.Сондай-ақ келіссөздерге барарда аруларға қызыл түсті аксессуар тағып алыңыздар деген кеңес айтамыз.Мәселен, қызыл сөмке, орамал сынды ұсақ-түйек сізге бұл кездесуде көмектеспек.

4.Басшылықпен жиналысқа қызыл не сары түстерді киген жөн дейді мамандар.

Тыңдалымнан кейінгі тапсырма. Талқылау

(жеке-жұпта-топта).

3-тапсырма. Берілген сұрақтарды талқылаңыз.

1.Мәтіндегі негізгі ойды 3-4 сөйлеммен айтып көріңіз.

2.Тыңдалымдағы автор ойымен келісесіз бе? Неге?

3.Қандай кеңестер пайдалы? Неге?

4.Киім таңдауда кімнің кеңесімен пайдаланасыз? Неге?

Бағалау. «Екі жұлдыз, бір тілек»

Түсіндірме сөздігімен

жұмыс,

синонимдер

сөздігімен

жұмыс

https:

//www.youtube.com/

watch?v=

wmIXuIUEsc0

«Киім түсі» бейнекөрінісі

Слайд

Парақша

Сабақтың соңы

2 мин.

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Тыңдалым алдында сөздермен жұмыс, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, дарынды балалар «жуан» сұрақтарға жауап береді, топта басқа оқушыларға көмектеседі.

Топтар бір-бірін тексереді.

Бір-бірін бағалау.

«Екі жұлдыз, бір тілек»

«Киім түсі» бейнекөрінісі

Өз идеялары мен көзқарастарына ой тастайтын, жаңа идеяларға және көзқарастарға ашықтық

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу