Климаттық өзгерістер мен дауыл салдары. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 7 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Бөлім:

3-бөлім: Жердегі климаттық өзгерістер

Мектеп:

Күні:

4-сабақ

Мұғалімнің

аты-жөні:

Сынып:

7 Т2

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Климаттық өзгерістер мен дауыл салдары

Сабақта іске асатын оқу мақсаты (оқу бағдараламасынан сілтеме)

О2. Стильдік ерекшеліктерді анықтау

Сабақтың мақсаты

7.О2. Ресми-іскерлік (өтініш, нұсқаулық, ресми құттықтаулар, ұсыныстар) салаға қатысты мәтіндердің тілдік ерекшелігін анықтап, талдау жасау.

Жетістік критерийі

екі мәтіннің стилін анықтай алады;

мәтіннің тілдік ерекшелігіне талдау жасай алады

Тілдік мақсаттар

Халықаралық, жиын, табиғи апаттар, насихаттау, зардап шегу, озық тәжірибелер, жел тұрса, жер сілкінсе, дүлей күші, бай балам салса.

Құндылықтар

Құрмет, ынтымақстастық, өмір бойы оқу, азаматтық жауапкершілік, ашықтық, жыл сайын,

Жаһандық азаматтыққа тәрбиелеу

Төзімділікке, сабырлылыққа тәрбиелеу

АКТ дағдысын қолдану

Осы сабақ барысында оқушылар Power Point бағдарламасынан тақырыпқа қатысты көрнекі құралдарды пайдаланып, интербелсенді тақтаны қолданады.

Өмірмен байланыс

Климаттық өзгерістерді талқылау

Пәнаралық байланыс

География, физика

Алдыңғы білім

7 Т6. Тыңдалым материалдары бойынша жауап беру

Сабақ барысы

Жоспарланған кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

5 мин

Ұйымдастыру кезеңі

Ой шақыру. Түрлі түсті қағаздардың көмегімен оқушылар жұптасып, берілген сурет жайлы баяндайды.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру

Слайд

Сабақтың ортасы

15 минут

10 минут

5 минут

Мағынаны тану кезеңі

Оқылымалды тапсырмасы

Жаңа сөздерді меңгерту

Халықаралық

международный

Жиын

собрание, сход

Табиғи апаттар

природных катастроф

Насихаттау

пропаганда

Зардап шегу

пострадавших

Озық тәжірибелер

передового опыта

Жыл сайын

ежегодно

Жел тұрса

если ветер

Жер сілкінсе

если землетресение

Дүлей күші

стихийные силы

Бай балам салса

паниковать

Жеке жұмыс

Мұғалім сандар жазылған қағаздарды сынып қабырғасына іледі. Қағаздың арғы бетінде жаңа сөздер беріледі. Арнайы қалташадан оқушылар бір-бірден сан жазылған парақты ала отырып, қабырғадағы саның арт жағындағы сөздермен танысып, есте сақтаған сөздерді үлгіріп дәптерге жазып отырады. Кейін тақтаға сөздердің дұрыс жазылу нұсқасымен сәйкестендіреді.

Оқылым тапсырмасы

Жұптық жұмыс

«Климаттық өзгерістер» тақырыбында екі мәтін ұсынылады. Бірі - ресми-іскерлік стильде, екіншісі – публицистикалық стильде. Оқушылар мәтіндермен танысып, тілдік ерекшелігі мен айырмашылығын анықтап, Венн диаграммасына түсіреді.

1 - мәтін 2 - мәтін

1-мәтін

Табиғи апат – климаттық өзгеріс салдары

Жыл сайын қазан айында бүкіл әлем бойынша аталып өтілетін Халықаралық табиғи апаттар қаупін азайту күніне байланысты Алматыда жиын өтті. Бұл шара биылғы жылы БҰҰ негізінің қаланғанына 71 жыл толу уақытына сәйкес ұйымдастырылды. 

 БҰҰ Бас Ассамблеясы 1989 жылы әлемді алаңдатқан табиғи апаттардың алдын алу және оған қарсы әлем елдерін біріктіру мақсатында қазан айының екінші сәрсенбісін Халықаралық табиғи апаттар қаупін азайту күні деп белгілеп, бұл күнді жыл сайын атап өтуге қаулы еткен болатын.

«Live To Tell» («Айту үшін өмір сүру») тұжырымдамасын басты тақырып еткен биылғы жиынның негізгі мақсаты - өмір талаптарынан туындайтын апаттарды тоқтатуға бағытталған әлемдік шараларды кеңінен насихаттау болып табылады. «Жыл сайын түрлі табиғи апаттар салдарынан  әлем бойынша мыңдаған адам көз жұмып, миллиондаған жан зардап шегіп, көптеген елдердің  экономикалары үлкен шығындарға батып жатады, табиғи апаттардың 90 пайызы ғаламдық климат өзгерісінен туындап отырады» деп пікір білдірген. Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказ аймақтарын назарға ала отырып, озық тәжірибелермен бөлісу жұмыстары, ағымдағы бастамалар мен табиғи апат қауіптерін еңсеруде адам шығынын барынша азайтудың мүмкіндіктерін талқылады.

Табиғи апаттар қаупін азайту мәдениетін қалыптастыруға ықпал ететін бұл жиынға Біріккен Ұлттар Ұйымының Табиғи апаттар қаупін азайту жөніндегі бюросы (ТААБ БҰҰ – UNISDR) мен ЮНЕСКО-ның Алматыдағы кластерлік бюросы, сонымен қатар, Төтенше жағдайлар комитетінің өкілдері, ТЖ ТААО директоры қатысты. Жиын соңында адамзатты табиғи апат зардаптарын жеңілдетуге және оған дайын болуға шақыратын фильм көрсетілді.

2-мәтін

Климаттық қару

Құйт сен, құйт сенбе! Ауа температурасы күндегі межеден асса, ойламаған жерден аспанда қара бұлт үйіріліп, бұрын-соңды болмаған жел тұрса, жер сілкінсе, табиғат-ананы «сыбап» алудың қажеті шамалы. Бұл адамның қолынан туған жасанды табиғи апат болуы ықтимал. Бұл сөзімізге шетелдік журналистердің жарыса жазған мақалалары куә. Кей ғалымдардың сөзіне сенсек, әлемдік державалар табиғаттың дүлей күшін бағындырып, катаклизмдерді қолдан ұйымдастырады. Мәселен, АҚШ-тың Флорида штатын күл-талқан еткен Катрина дауылын сол елдің бұқаралық ақпарат құралдары орыстардың ісі деп байбалам салса, ресейліктер былтырғы орман өртін американдықтардан көруде. Бұл соңғы уақыттағы апаттар ғана емес. Индонезия мен Филиппин аралдарын су астында қалдырған алып толқындар, Жапониядағы арты радиациялық жарылысқа соқтырған жер дүмпуі сынды апаттар жиі орын алуда. Жаппай қырып-жою қаруын дүниеге әкелген Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейін жаппай қарулану үдерісін жүргізген мемлекеттер неліктен «табиғат-ананың» «мінезін» қару етіп қолдануда? Табиғатты қару ету кімге тиімді?

Оқылымнан кейінгі тапсырма

Жеке жұмыс

INSERT әдісімен жұмыс жасау

  • Мәтінді оқи отыра, келесі шартты белгілерді қояды:

V - білемін

+ - жаңа білім

  • Басқаша ойладым

? – түсінбедім, сұрақтарым бар

  • Мәтінді екінші рет оқи отырып, кестені толтырады.

Төмендегі кестені толтырады

INSERT

V - білемін

+ - жаңа білім

- Басқаша ойладым

? – түсінбедім, сұрақтарым бар

Кері байланыс

Слайд

http://kaznews.kz/news/57432

http://www.halyk-gazeti.kz/index.php?option=com

Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия

«Ыстық орындық»

Өз ойын ортаға салады, оқушылардың сұрағына жауап береді.

Бағалау

Жетістік критерийлері бойынша

Үй жұмысы

Жаңа сөздерді жаттау

Слайд

Сабақта саралау тапсырмалары болды ма? Қалайша қолдау көрсете аламын? Қабілетті оқушыларды оқытуда алдыма қандай міндеттер қоямын?

Оқушылардың материалды қаншалықты игергенін қалай бағалаймын?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасын сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ/ оқыту мақсаттары шыншыл ма?

Барлық оқушылар ОМ жетті ме?

Егер жоқ болса, неге?

Сабақтағы саралау дұрыс өтті ме?

Сабақтағы кезеңдер сақталды ма? Жоспардан тыс не жасалды? Неге?

Жалпы бағалау

Қандай екі аспект жақсы өтті? (оқыту мен білім беру туралы ойланыңыз)

1:

2:

Сабақты жақсартуға не себеп болатын еді? (оқыту мен білім беру туралы ойланыңыз)

1:

2:

Сабақ барысында сыныптың жетістігі туралы не ойладым/ жеке оқушылардың қиындығы, келесі сабақтарда неге назар аудару қажет?

 

              



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
Пікір жазу