Климаттық өзгерістер. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 7 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Бөлім:

3-бөлім: Жердегі климаттық өзгерістер

Мектеп:

Күні:

6-сабақ

Мұғалімнің

аты-жөні:

Сынып:

7 Т2

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Климаттық өзгерістер

Сабақта іске асатын оқу мақсаты (оқу бағдараламасынан сілтеме)

О5.Қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді оқу

Сабақтың мақсаты

7.О5. Қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді кесте, диаграмма, сызба, шартты белгілер түрінде ұсыну.

Жетістік критерийі

  • Қосымша ақпарат көзінен алған мәліметтерді түсінеді;
  • Мәліметтерді кесте, диаграмма, сызба, шартты белгілер түрінде оқи алады және ұсына алады;

Тілдік мақсаттар

Мұздықтардың еруі- таяние ледников

Саны азаяды – количество уменьшается

Күшейеді- усилится

Суытады -похолодает

Құндылықтар

Құрмет, ынтымақстастық, өмір бойы оқу, азаматтық жауапкершілік, ашықтық, жыл сайын,

Жаһандық азаматтыққа тәрбиелеу

Адами құндылықтарды дәріптеу

АКТ дағдысын қолдану

Осы сабақ барысында оқушылар Power Point бағдарламасынан тақырыпқа қатысты көрнекі құралдарды пайдаланып, интербелсенді тақтаны қолданады.

Өмірмен байланыс

Климаттық өзгерістерді талқылау

Пәнаралық байланыс

География, физика

Алдыңғы білім

7.О2.Стильдік ерекшеліктерді анықтау

Сабақ барысы

Жоспарланған кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

5 мин

Ұйымдастыру кезеңі

«Бес қадам» стратегиясы. Сыныптан 4 оқушы шығады, бес қадам аттап жылдам жауап береді.

  • Ауа-райына 5 сөзбен мінездеме беріңіз /аязды күн, жаңбырлы күн, ашық күн т.б./
  • Суға 5 сөзбен мінездеме беріңіз

/мөлдір су, шалшық су, таза су т.б./

  • Жерге 5 сөзбен мінездеме беріңіз /құмды жер, шөлді жер, тастақты жер т.б./
  • Желге 5 сөзбен мінездеме беріңіз /суық жел, ызғарлы жел, самал жел т.б./

Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру

Слайд

Сабақтың ортасы

15 минут

Мағынаны тану кезеңі

Сөздік диктанты өткен сабақтағы сөздермен жүргізіледі.

Кесте-таблица, диаграмма- диаграмма, көрсетілген - указанные, ілгері динамика – положительная динамика, төмен көрсеткішнизкиий показатель, өзгеріссіз- без изменений, өсу - рост, байқау- наблюдать, жіктеу- классификация, жоспарлау - планировать.

Оқушылар дәптерді алмасып, дұрыс немесе бұрысын тексереді. /+,-/

Жеке жұмыс

Берілген сөйлемдерді толықтыру.

1. География сабағында ............ белдеулерге байланысты ............. толтырдық. / климаттық, кесте/

2. Биыл жаһандық жылынуға қатысты ғаламторда ақпарат ......... /көрсетілген/.

3. Альтернативті энергия көздерін пайдалануды ......... /жоспарлауда/

4. Денсаулықты құртқанша табиғи ресурсты қолдануды .......... айқын көрсеткен. /диаграммада/

Оқылымалды тапсырмасы

Жаңа сөздермен жұмыс

Мұздықтардың еруі- таяние ледников

Саны азаяды – количество уменьшается

Күшейеді- усилится

Суытады - похолодает

Оқылым тапсырмасы

Жеке жұмыс

Кесте түрінде берілген мәліметтерді таныса оқиды.

Антарктида мен Гренландия

мұздықтардың еруі

2300 жылдары 2,5 м

дүниежүзілік мұхит деңгейінің көтерілуі

Мұздықтардың еруі

Еуропа суытады

Арктика

ақ аюдың саны азаяды

Ормандар, көлдер, қала

инфраструктурасына кері әсер етеді

Дауылдар, су тасқындар

күшейеді

Оқылымнан кейінгі тапсырма

Жұптық жұмыс

Климаттың өзгерулері - түгелдей жер бетінде немесе оның ірі аймақтарында климат жағдайларының ұзақ бағытты (он жылдан астам) немесе ырғақты (геологиялық уақытта, тарихи уақытта) өзгерулері. Палеогеографиялық зерттеулердің негізінде анықталған геологиялық климаттың өзгерулері Жер тарихында ұзаққа созылған жылы және суық кезендердің болғанын дәлелдейді. Көбінесе метеорологиялық байқаулардың негізінде, қазіргі Климаттың өзгерулері кейінгі ондаған (кейде жүздеген) жылды қамтиды және циклді сипатта болады. Әр түрлі себептерден туындаған ұзақтығы 11, 35, 80—90 жылдарға созылған, сондай-ақ ғасырдан асқан климаттык ырғақтар (мысалы, 1800—1900 жылдық ырғақтар) және т.б. анықталды. Климаттың Күн активтілігінің ғасырлық және ғасырдан ұзақ өзгерістерімен байланыстары туралы болжамдар бар. Климаттың өзгерулері әр түрлі дәрежеде табиғи ортаның барлық құрам- бөліктері мен ауыл шаруашылығы өндірісіне әсер етеді.

Ауа-райының жылынуынан келесі өзгерістер туындауы мүмкін деген болжамдар бар:

  • Антарктида мен Гренландияның мұздықтарының еруі.
  • Мұздықтар еруі барысында дүниежүзілік мұхит деңгейі 2300 жылдары 2,5 м. жоғарылауы мүмкін,
  • Мұздықтардың еруі барысында пайда болған тұщы су мөлшері Гольфстримнің жылу ағысын бұзып Еуропаның суытуына алып келеді.
  • Арктика мұздықтарының еруі ақ аюдың өліміне алып келуі мүмкін.
  • Ормандарға, көлдерге, қала инфраструктурасына кері әсерін тигізеді.
  • Дауылдар, су тасқындары жиілігі өседі.

1-тапсырма. Асты сызылған сөздерге түсініктеме беріңіз.

2-тапсырма: Мәтінге сүйене отыра, 3 сұрақ құрастырыңыз.

Слайд

флипчарт

https://kk.wikipedia.org/wiki/

Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия

Бағалау

Жетістік критерийлері бойынша

Үй жұмысы

Жаңа сөздерді жаттау

Слайд

Сабақта саралау тапсырмалары болды ма? Қалайша қолдау көрсете аламын? Қабілетті оқушыларды оқытуда алдыма қандай міндеттер қоямын?

Оқушылардың материалды қаншалықты игергенін қалай бағалаймын?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасын сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ/ оқыту мақсаттары шыншыл ма?

Барлық оқушылар ОМ жетті ме?

Егер жоқ болса, неге?

Сабақтағы саралау дұрыс өтті ме?

Сабақтағы кезеңдер сақталды ма? Жоспардан тыс не жасалды? Неге?

Жалпы бағалау

Қандай екі аспект жақсы өтті? (оқыту мен білім беру туралы ойланыңыз)

1:

2:

Сабақты жақсартуға не себеп болатын еді? (оқыту мен білім беру туралы ойланыңыз)

1:

2:

Сабақ барысында сыныптың жетістігі туралы не ойладым/ жеке оқушылардың қиындығы, келесі сабақтарда неге назар аудару қажет?

 

              



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу