Климатқа адамның әсері. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 7 сынып, дидактикалық материал.

 Тыңдалым мәтіні

 Бертінге дейін ауа райының маусымдық және аймақтық дәрежедегі ауытқуы қалыпты құбылыс болып келді. Алайда 1980-жылдары ғалымдар климатта әдеттен тыс бір құбылыстың болып жатқанын байқады. Орташа ғаламдық температура көтеріле бастады. Бұл үрдіс «ғаламдық жылыну» деген атпен танымал болды.

 Ғаламшар тарихында Жер климаты көптеген табиғи өзгерістерге ұшырады. Бірақ бұл өзгерістің жөні бөлек. Температураның жоғарылауы мен парникті газдардың бөлінуі арасындағы тығыз байланысты көрсететін дәлелдер бар. Қазір ғалымдардың көбі осының кем дегенде бір бөлігіне антропогендік ластану кінәлі дегенге келіскендей. Кейбір есептеулер бойынша, Жер температурасы таяу жүзжылдықта 5,8 градусқа көтерілуі мүмкін. Ал өзге болжамдар температураның жоғарылауы баяу болатындығын көрсетеді. Десе де қанша уақыт алмасын, мұның салдары қатерлі болуы мүмкін. Тіпті апатты болуы ғажап емес.

 Температура таяу 100 жылда Цельсий бағаны бойынша кем дегенде 1,4 градусқа көтеріледі. Бұл соңғы 100 жылдағы жоғарылаудан ең кемі екі есе көп. Болашақта температураның өсуі біздің климатымызды толығымен өзгертіп, экстремалды жағдайлардың көбеюіне әкеледі. Әлем бойынша құрғақшылық, су тасқыны және қатты дауылдар болады. Ең экстремалдық болжамдар орындалса, ірі мұздықтардың еруі салдарынан теңіз деңгейі 90 сантиметрге көтеріліп, көптеген жағалаудағы жерлерді тіршілікке жарамсыз етеді.

 Әлемдік климат пен экожүйенің апатты өзгерісін болдырмау үшін парникті газдардың бөлінуін тоқтатуымыз қажет. Дамушы елдердің өзге мемлекеттерді қуып жетуге талпынуы салдарынан ғаламдық энергияны тұтыну әлі де көбеюі мүмкін. Бұл – 2050 жылға қарай бүкіл әлемдегі бөлінетін парникті газдардың мөлшері екі еселенеді деген сөз.

 Егер біз маңызды өзгерістерді қазір жасамасақ, ғаламдық жылыну одан әрі жалғасып, апатты салдарға әкелуі мүмкін.

1-тапсырма: Мәтінді тыңдай отырып, көп нүктенің орнына тиісті жалғауларды жалғай отырып, сөйлемдерді толықтырыңыздар.

Дескриптор:

  • Сөйлемдерді мәтін мазмұнына сай толықтырады;
  • Сөздерге ілік септігі мен тәуелдік жалғауын дыбыс үндестігіне қарай (сингорманизм) жалғайды.
  • Жұбының жұмысын жауап кілтімен тексереді.

1.Кейінгі уақытқа дейін ауа райы......... маусымдық және аймақтық дәрежедегі ауытқу....... қалыпты құбылыс болып келді.

2. Температура.......... жоғарылау........ мен парникті газдар....... бөліну....... арасындағы тығыз байланысты көрсететін дәлелдер бар.

3. Алдағы уақытта температура......... өсу....... біздің климатымызды түбегейлі өзгертіп, экстремалды жағдайлардың көбеюіне әкеледі.

4. Ірі мұздықтар......... еру....... салдарынан теңіз деңгейі 90 сантиметрге көтеріледі.

5. Әлемдік климат пен экожүйе............ апатты өзгеріс.......... болдырмау үшін парникті газдар......... бөліну........... тоқтатуымыз қажет.

«Себеп-салдар» айналмасы

Топта ғаламдық жылынудың себебін, салдарын анықтап, оның шешу жолдарын ұсыныңыз.

Дескриптор:

  • 1-топ: Жер шарының орташа температурасының күрт өзгеруінің себептерін талдайды.
  • Мәселенің себептері мен салдарын, шешу жолдарын анықтауда тірек сөздерді қолданады.
  • Мына тіркестерді қолданып сөйлеңіздер:
  • Біздің ойымызша, ..............................................................
  • Себебі, біз оны былай түсіндіреміз:.......................................................................................
  • Осыған байланысты біз мынадай қорытынды шығардық: ............................................................................................................

«Себеп-салдар» айналмасы

Топта ғаламдық жылынудың себебін, салдарын анықтап, оның шешу жолдарын ұсыныңыз.

Дескриптор:

  • 2-топ: Ғаламдық жылынудың салдарын анықтайды.

  • 3-топ: Мәселенің шешу жолдарын ұсынады.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇

Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу