Саяхат түрлері. Саяхатқа шығудың пайдасы. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 7 сынып, дидактикалық материал.

Сөздер

Аударма

1. сан есім+шығыс с. астам

А. больше / имя числительное

2. кесене

Ә. мовзолей

3. сәулет

Б. архитектура

4. мұражай

В. музей

5. қола дәурі

Г. бронзовый век

6. аймақ

Д. регион, край, зона

7. әртүрлілік

Е. разновидность

8. қорық

Ж. заповедник

9. тамашалау

З. любоваться

10.тау шаңғы

И. горнолыжный

11.емдік-сауықтыру

К. лечебно-оздоровительный

12. батпақ,саз

Қ. глина

13. ыстық бұлақ

Л. горячие родники

14. демалыс орындары

М. зоны отдыха

15. жағалау

Н. побережье

16. дін негізін қалаушылар

О. основатели религии

17. мешіт

 Ө. мечеть

18. іскерлік

 П. деловой

Теориялық ақпарат.

Негізгі және қосымша ақпарат

Мәтіндегі негізгі ақпарат негізгі оймен тығыз байланысты болады. Автордың оқырманға жеткізбек болған мәтіннің негізгі ойын білдіретін сөйлемдер, деректер. Оған көбіне мәтіннің немесе абзапцтың басындағы алғашқы сөйлемдер жатады. Қосымша ақпарат негізгі ақпаратты мысалдармен, деректермен, дәйексөздермен толықтырып, кеңейтіп тұрады. Қосымша ақпараттар сөйлемде негізгі ақпараттан кейін тұрады.

Үлгі:

Сүт-жас баладан қартайған адамдарға дейін тұтынатын пайдалы әрі тез сіңетін тағам түрі. (негізгі ақпарат)

Ғалымдар сүтте тірі ағзаның өсуі мен дамуы үшін қажетті дәрумендердің екі жүзге жуық түрі бар екенін дәлелдеген. Олар: белоктар, май, минерал тұзы, түрлі дәрумендер, түрлі ферменттер.(қосымша ақпарат). Авиценна «Адам баласы үшін ең жақсы, ең маңызды тағам – сүт» деген.  Бірақ өндірістік жолмен жасалатын сүттер емес, табиғи сүт пен одан жасалатын сүт өнімдері адам ағзасына өте пайдалы (қосымша ақпарат).

Тыңдалым тапсырмасы. Мәтінді тыңдап, ондағы ақпараттардың қайсысы негізгі және қайсысы қосымша екенін анықтаңыз. Ж

Ақпарат

Негізгі

Қосымша

Табиғаты сақталған аймақтың саны мен әртүрлілігі бойынша Қазақстанда экологиялық туризм де дамып келеді

Қазақстанда туризмнің бірнеше түрі қарқынды дамып келеді.

Қазақстан - емдік-сауықтыру туризмі үшін керемет лайықты жер.

Дескриптор:

-мәтінді 1- рет тыңдап, негізгі ақпаратты белгілейді;

-мәтінді 2-рет тыңдап, 2 қосымша ақпаратты белгілейді;

-жауап кілтімен тексереді.

Мәтін

1.Мәдени-танымдық туризм

Елімізде 25 мыңнан астам ескерткіштер және географиялық көрікті жерлер бар. Қазақстандағы Қожа Ахмет Иассауи кесенесі әлемдік маңызы бар ескерткіш болып танылады және ол ЮНЕСКО ұйымның қорғауына алынған.

Археология, тарих және сәулет ескерткіштерінің көлемі бойынша Қазақстан нағыз «ашық аспан астындағы мұражай» болып саналады. Туристер Түркістан қаласындағы кесенелермен, қола дәуіріндегі Тамғалы петроглифтермен, тарихи мұражайлармен, халқымыздың этномәдениетмен танысады.

2.Экологиялық туризм

Табиғаты сақталған аймақтың саны мен әртүрлілігі бойынша Қазақстанда экологиялық туризм де дамып келеді. Елімізде 12 ұлттық табиғи парк және 10 қорық бар.

Туристер мен саяхатшылар еліміздегі Бурабай, Алакөл көлдерін, Каспий теңізін, Баянауыл, Көкшетау, Қарқаралы, Алматы жерлерінің биік таулары мен ормандарын тамашалайды. Қорықтардағы өсімдіктер мен жануарлар, құстар түрлерін тамашалайды.

3.Спорттық туризм

Қазақстанның климаты мен табиғаты елімізде спорттық туризмнің дамуына мүмкіндік береді. Мысалы, тау шаңғы туризмі, альпинизм, су туризмі, ат туризмі, велотуризм сияқты спорттық туризм түрлері. Мысалы, Алматыдағы Шымбұлақ тау шаңғы трассалары әлемге танымал.

4.Сауықтыру туризмі

Қазақстан - емдік-сауықтыру туризмі үшін керемет лайықты жер. Оның ерекшелігі емдік табиғи ресурстарды белсенді қолдануында: ыстық бұлақтар, емдік қасиеті бар батпақтар, ем болатын климат. Қазақстанда қымыз терапиясы, минералды суларды пайдалану мен пантоемдеу қолданылады. Өз денсаулығын жақсартқысы келетіндер үшін Қазақстанда көптеген демалыс орындары салынған. Олар Алакөл көлінің жағалауы, Бурабай мен Баянауыл шипажайлық зоналары, Каспий теңізінің жағалауы, Алатау, Тарбағатай, Қарқаралы таулары сияқты әдемі және экологиялық таза жерлерде орналасқан.

5.Діни туризм

Діни туризм Қазақстанда көбінесе мұсылмандық діни орындарға барумен байланысты. Туристер әйгілі дін негізін қалаушылардың мешіттері мен кесенелеріне, зираттарына бара алады. Мысалы, Қожа Ахмет Яссауи және Арыстан баб кесенелері, Шақпақ-Ата мен Бекет-Ата жер асты мешіттері.

Қазақстанның заманауи діни ғимараты ретінде Нұр-Cұлтан қаласындағы мешіттерге барады.

6.Іскерлік туризм

Іскерлік туризм Қазақстанның Нұр-Cұлтан, Алматы және Атырау секілді ірі қалаларында дамыған. Мұнда шетелдік бизнес-туристер көп келеді халықаралық конференциялар, саммиттер, жарыстар жиі өткізіледі.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇

Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу