Саяхат түрлері. Саяхатқа шығудың пайдасы. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 7 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары
1-бөлім: Саяхат. Көрікті жерлер. Климат.
Сабақ: № 1-2 | Мектеп: Қарағанды қ. ХББ НЗМ | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Күні : 01.09-02.09.2022 | Мұғалім: Нурмуханова А.Е., Камерденова Ж.Е., Ермагамбетов Е.М. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 7Т2 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы: | Саяхат түрлері. Саяхатқа шығудың пайдасы
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаты: | Т2. Назарын шоғырландырып тыңдау 7.Т2.Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, негізгі және қосымша ақпараттарды анықтау. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаты: | Тақырыпқа сай жаңа сөздермен танысу арқылы сөздік қорларын арттырады, негізгі және қосымша ақпарат туралы түсінік алады, мәтіннен негізгі және қосымша ақпараттарды ажыратады. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері: | Мәтін бойынша негізгі және қосымша ақпараттарды дұрыс анықтайды. Қосымша және негізгі ақпарат болатын сөйлемдерді дұрыс құрастырады. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды игерту: | Қоғам мен мәдениет, адамгершілік қасиеттер, рухани тәрбие, т.б. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс: | Жаратылыстану бағытындағы пәндер: география, тарих | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
АКТ-ны қолдану дағдылары: | Таныстырылым | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар: | Пән лексикасы және терминология: Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: Бұл сөйлем негізгі ақпарат, себебі........... Бұл сөйлем қосымша ақпарат, себебі........... | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | Сөздердің сөйлемдегі өзара байланысу тәсілдерін меңгеріп, лексикалық тақырыптар бойынша төрт дағдысын дамытты. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жоспар | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 8 мин | Қызығушылықты ояту
Оқушылар интербелсенді тақтада көрсетілген суреттерге қарап сабақ тақырыбына болжам жасайды. Суреттерге ортақ қандай тақырып? Адамдар саяхаттау үшін қандай жерлерді таңдайды? «Саяхат» сөзімен байланысты білетін сөздер мен сөз тіркестерін дәптерлеріне жазады. Ж 1минут. Тақтада осы сөзге қатысты сөздік бұлтша толтырылады, ол үшін оқушылар өздерінің сөздерін оқиды, дәптердегі бұлтшаларын да толтырады. Мұғалім жазып тұрады. Т Оқушыларды сабақ мақсатымен таныстыру. | Суреттер | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 30 минут
| Негізгі бөлім Жаңа сөздермен танысыңыз.
Тыңдалым мәтіні Қазақстанда туризмнің бірнеше түрі қарқынды дамып келеді. 1.Мәдени-танымдық туризм Елімізде 25 мыңнан астам ескерткіштер және географиялық көрікті жерлер бар. Қазақстандағы Қожа Ахмет Иассауи кесенесі әлемдік маңызы бар ескерткіш болып танылады және ол ЮНЕСКО ұйымның қорғауына алынған. Археология, тарих және сәулет ескерткіштерінің көлемі бойынша Қазақстан нағыз «ашық аспан астындағы мұражай» болып саналады. Туристер Түркістан қаласындағы кесенелермен, қола дәуіріндегі Тамғалы петроглифтермен, тарихи мұражайлармен, халқымыздың этномәдениетмен танысады. 2.Экологиялық туризм Табиғаты сақталған аймақтың саны мен әртүрлілігі бойынша Қазақстанда экологиялық туризм де дамып келеді. Елімізде 12 ұлттық табиғи парк және 10 қорық бар. Туристер мен саяхатшылар еліміздегі Бурабай, Алакөл көлдерін, Каспий теңізін, Баянауыл, Көкшетау, Қарқаралы, Алматы жерлерінің биік таулары мен ормандарын тамашалайды. Қорықтардағы өсімдіктер мен жануарлар, құстар түрлерін тамашалайды. 3.Спорттық туризм Қазақстанның климаты мен табиғаты елімізде спорттық туризмнің дамуына мүмкіндік береді. Мысалы, тау шаңғы туризмі, альпинизм, су туризмі, ат туризмі, велотуризм сияқты спорттық туризм түрлері. Мысалы, Алматыдағы Шымбұлақ тау шаңғы трассалары әлемге танымал. 4.Сауықтыру туризмі Қазақстан - емдік-сауықтыру туризмі үшін керемет лайықты жер. Оның ерекшелігі емдік табиғи ресурстарды белсенді қолдануында: ыстық бұлақтар, емдік қасиеті бар батпақтар, ем болатын климат. Қазақстанда қымыз терапиясы, минералды суларды пайдалану мен пантоемдеу қолданылады. Өз денсаулығын жақсартқысы келетіндер үшін Қазақстанда көптеген демалыс орындары салынған. Олар Алакөл көлінің жағалауы, Бурабай мен Баянауыл шипажайлық зоналары, Каспий теңізінің жағалауы, Алатау, Тарбағатай, Қарқаралы таулары сияқты әдемі және экологиялық таза жерлерде орналасқан. 5.Діни туризм Діни туризм Қазақстанда көбінесе мұсылмандық діни орындарға барумен байланысты. Туристер әйгілі дін негізін қалаушылардың мешіттері мен кесенелеріне, зираттарына бара алады. Мысалы, Қожа Ахмет Яссауи және Арыстан баб кесенелері, Шақпақ-Ата мен Бекет-Ата жер асты мешіттері. Қазақстанның заманауи діни ғимараты ретінде Нұр-Cұлтан қаласындағы мешіттерге барады. 6.Іскерлік туризм Іскерлік туризм Қазақстанның Нұр-Cұлтан, Алматы және Атырау секілді ірі қалаларында дамыған. Мұнда шетелдік бизнес-туристер көп келеді халықаралық конференциялар, саммиттер, жарыстар жиі өткізіледі. Теориялық ақпарат. Негізгі және қосымша ақпарат Мәтіндегі негізгі ақпарат негізгі оймен тығыз байланысты болады. Автордың оқырманға жеткізбек болған мәтіннің негізгі ойын білдіретін сөйлемдер, деректер. Оған көбіне мәтіннің немесе абзапцтың басындағы алғашқы сөйлемдер жатады. Қосымша ақпарат негізгі ақпаратты мысалдармен, деректермен, дәйексөздермен толықтырып, кеңейтіп тұрады. Қосымша ақпараттар сөйлемде негізгі ақпараттан кейін тұрады. Тапсырма. Берілген мәтіндегі сөйлемдердің қайсысы негізгі және қайсысы қосымша ақпарат болатынын анықтаңыздар. Оқушылар сыныпта ортақ талқылау жүргізеді, мәтіндегі негізгі қосымша ақпараттарды анықтап, олардың неге негізгі және қосымша ақпарат болатынын дәлелейді. Сүт-жас баладан қартайған адамдарға дейін тұтынатын пайдалы әрі тез сіңетін тағам түрі. Ғалымдар сүтте тірі ағзаның өсуі мен дамуы үшін қажетті дәрумендердің екі жүзге жуық түрі бар екенін дәлелдеген. Олар: белоктар, май, минерал тұзы, түрлі дәрумендер, түрлі ферменттер. Авиценна «Адам баласы үшін ең жақсы, ең маңызды тағам – сүт» деген. Бірақ өндірістік жолмен жасалатын сүттер емес, табиғи сүт пен одан жасалатын сүт өнімдері адам ағзасына өте пайдалы. Тыңдалым тапсырмасы. Мәтінді тыңдап, ондағы ақпараттардың қайсысы негізгі және қайсысы қосымша екенін анықтаңыз. Ж
Дескриптор: -мәтінді 1- рет тыңдап, негізгі ақпаратты белгілейді; -мәтінді 2-рет тыңдап, 2 қосымша ақпаратты белгілейді; -жауап кілтімен тексереді. Оқушылар 3 топқа бөлінеді. Әр топтағы оқушыларға тақтада сөйлемдер ұсынылады. Тыңдалымнан кейінгі тапсырма. Берілген сөйлемнің негізгі немесе қосымша ақпарат екенін анықтаңыз. Мәтіндегі ақпараттар бойынша негізгі немесе қосымша ақпараттармен толықтырып, шағын мәтін құраңыз. Дескриптор: -берілген сөйлемнің қандай ақпаратқа жататынын анықтайды; -сөйлемді 1 негізгі немесе 2 қосымша ақпаратпен толықтырып жазады; -мәтіндегі ақпараттарды қолданып, өз сөзімен жазады. 1-топ: Түркістандағы Қожа Ахмет Иассауи кесенесі халықаралық ұйымның қорғауында (қосымша ақпарат) 2-топ: Қазақстанның кейбір қалаларында іскерлік туризм өте жақсы дамып келеді. (негізгі ақпарат) 3-топ. Сауықтыру орындарында демалушыларды табиғи ресурстармен емдейді. (қосымша ақпарат) Топтар өзара жұмыстарын алмастырып, тексереді. Әр топтан бір-бір оқушының бағалауы тыңдалады. Кері байланыс Сабақ мақсатына қайта оралып, талқылау |
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 2 мин
| Рефлексия Бүгінгі сабақта қандай жаңа білім алдым? Сабақта алған білімімді қайда қолдана аламын? Маған әлі де ........... көмек керек? Үй жұмысы Жаңа сөздерді жаттау. Негізгі және жанама ақпараттың ережесін оқу Тыңдалым мәтіні бойынша интеллект карта әзірлеу |
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Қосымша ақпарат | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Дифференциация үй жұмысы түрінде іске асырылады. Оқушылар үйде
| Дұрыс жауап санымен. | География пәнінің көмегі керек. Берілген тапсырмалардың ешқайсысы оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндірмейді. Оқушылар сабақ барысында жеке жұмыс істеу дағдыларын дамыта алады. Осы сабақ барысында экологиялық мәдениетін жоғарылатуға мүмкіндік бар. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?