Уақыт алтыннан қымбат. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 7 сынып, дидактикалық материал.
Дидактика №1
Дидактика №2
Томирис пен Нарқызыл туралы ертегі
10 жыл уақыт бойы бірі естісе, бірі естімеген Домина елін басқарып келе жатқан Тоқсоба хан мен Ханша сұлу алғашқы перзенттерін ұзақ күтті.
Ертегіде одан ары ары не болуы мүмкін?
Қуаныштарына орай отасқандарына 10 жыл болғанда әдемі, аппақ кішкентай ғана қыз дүниеге келді. Тақ мұрагерін күткен ата-анасы ер бала болмаса да, мықты әрі жаужүрек ханшайым болсын деп есімін Томирис деп қойыпты.
Қалай ойлайсыз, Томирис қандай бала болып өседі? Неге?
Томирис өте өнерлі болды. Ол кішкентай кезінен домбыра тартуды үйреніп, жақсы күйлерді де білетін. Кітап оқып көп елдің салтымен таныс болды. Бос уақытында ерекше құрмартып айналысатын ісі – атпен серуендеп жүретін. Осымен де ол қатарластарынан барлық жағынан ерекшеленетін.
Күндердің бір кұнінде Томир бой жетіп, он алты жасқа толы. Патша мен патшайым қызына арнап үлкен той жасады. Қонақтар жер-жерден келіп, түрлі сыйлықтар алып келді. Оның ішінде ең ерекеше сыйлықты атасы мен әжесі әкелді.
Қалай ойлайсың, ол қандай сыйлық болы мүмкін? Неге?
Атасы мен әжесі «Адассаң жол көрсетер, армандарыңа жеткізетін серігің болсын» деп, өте жүйрік Нарқызыл атты тұлпарды сыйлады. Томирис жас ханшайым болғандықтан, әке-шешесі Нарқызыл екеуіне Орданың ішінде ғана жүруге рқөсат берген. Күндердің бір күнінде күнделікті қайталанатын өмірден жалығып, Нарқызыл екеуі Ордадан қашып шықты. Олар шаһардан алыстай бергенде жерде жатқан құм сағатты тауып алады. Томирис сағатты қолына ала бергенде, Нарқызыл екеуі «уақыт серуеніне» аттанып кетеді.
Ертегіде одан ары ары не болуы мүмкін?
Томирис пен Нарқызыл қызықты серуенде жүргенде, ай артынан ай, жыл артынан жыл өте шығады. Сөйтіп, уақыттың қалай өтіп кеткенін байқамай қалады. Серуеннің қызығына қанған кезде, ол ата-анасын есіне түсіреді де, оларды сағынғанын түсінеді. Томирис пен Нарқызыл туған елдеріне оралады, бірақ барлығы өзгеше еді.
Қандай өзгерістер болды деп ойлайсыз?
Томирис дүниеге келген сарай ендігі ескі, ал оның ата-анасы қартайып, дүниеден өтіп кетіпті. Осы мезетте ол өзінің уақытын қызық қуып босқа өткізгендігін түсінеді.
Дидактика №2
аңшылық | |
Тұлпар, ат | |
Тақ мұрагері | |
Дүниеге келді | |
Құм сағаты | |
Қызметші | |
Перзент, бала, сәби, нәресте, балдырған, бөбек | |
Отасу, отау құру, шаңырақ көтеру, үйлену |
№ | Дұрыс болжамдар | Жауабым | Себебі |
1 | 1-болжам | ||
2 | 2-болжам | ||
3 | 3-болжам | ||
4 | 4-болжам | ||
5 | 5-болжам |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?