Уақыт алтыннан қымбат (жалғасы). Қазақ тілі (орыс сыныбы), 7 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Сабақ : № 2

Мектеп: Қарағанды қ. ХББ НЗМ

Күні:

Мұғалім: Жусупова А.А., Омирбекова Д.Ш.

Сынып: 7L2

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Уақыт алтыннан қымбат (жалғасы).

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

7.ТБ1.4.

Одағай түрлерін мәтіннен ажырата алады, ауызша жұмыстарда орынды қолдану.

Сабақ мақсаты:

Оқушылардың барлығы

Мәтіннен кейбір одағайларды түрлеріне ажырата алады;

Сахналық көріністе одағайлардың кейбір түрін қолдана алады.

Мәтін мазмұнын аша алды.

Оқушылардың көпшілігі

Мәтіннен барлық одағайларды түрлеріне ажырата алады;

Сахналық көріністе одағайлардың көп түрін қолдана алады.

Мәтін тақырыбын аша алды.

Оқушылардың кейбірі

Мәтіннен барлық одағайларды түрлеріне ажырата алады;

Сахналық көріністе одағайлардың барлық түрін қолдана алады.

Мәтін идеясын аша алды.

Құндылықтарды игерту:

Өзіне және өзгелерге құрмет мұғалім мен оқушылардың бір-бірімен амандасуында, сыпайы, ойын ашық білдіріп, тыңдауда, сабақты уақытында бастап, аяқтауда, тапсырмаларды нұсқалық бойынша толық орындауда, бір-біріне қолдау көрсетуінде көрініс табады. Патриотизм мен азаматтық жауапкершілік уақытты пайдамен өткізу қажеттігін түсіну арқылы жүзеге асырылады. Өмір бойы оқу қағидасы ақпаратты өздігінен табу, сабақ мақсатын білуде, кері байланыс беруде, рефлексия жасауда, алған білімінің практикалық мәнін түсінуде көрініс табады. Ашықтық оқушыларға ақпаратты алуында бірдей мүмкіндіктер беруде, сабақ мақсатын бірге құрастыруда, бағалау мен кері байланыс беруде, бірнеше көзқарастың бар екенін түсінуде орын алады. Еңбексүйгіштік жұмыс орынын таза сақтауда, оқушылардың белсенді жұмысында, ал шығармашылық жаңа идеяларды ұсынуда көрініс табады.

Пәнаралық байланыс:

Драматургия

АКТ-ны қолдану дағдылары:

PowerPoint таныстырылымы.

Дескриптор

  • І деңгей

Мәтіннен 1-2 одағайды түрлеріне ажырата алады;

Сахналық көріністе одағайлардың 1 түрін дұрыс қолдана алады.

Көріністің мазмұны түсінікті.

  • ІІ деңгей

Мәтіннен 3-4 одағайды түрлеріне ажырата алады;

Сахналық көріністе одағайлардың 2 түрін дұрыс қолдана алады.

Көріністің тақырыбы айқын.

  • ІІІ деңгей

Мәтіннен 5-6 одағайды түрлеріне ажырата алады;

Сахналық көріністе одағайлардың 3 түрін дұрыс қолдана алады.

Көріністің идеясы ашылды.

Тілдік мақсаттар:

Оқушылар:

Одағайлардың сөйлемде жазылу ережесін біліп, қолдануын дағдыға айналдырады.

Пән лексикасы және терминология:

Одағай, көңіл-күй, шақыру, жекіру,

Жаңа сөздер мен терминология.

Алақай! Бәрекелді! Әттеген-ай! Қап! Пай-пай! Жә! Тәйт! Ойпырай! Шөре-шөре! Құрау-құрау!

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

Келесі көріністе сіздер ………………………….. тамашалайсыздар.

Назарларыңызға ұсынылған қойылымда ………………… куәгері боласыздар.

Осыған дейін меңгерілген білім

«Уақыт алтыннан қымбат» тақырыбында сөздік қорын дамытып, тыңдалым дағдыларын дамытты. Мүмкін, шығар көмекші етістіктерінің қолданылу ережесін дағдыға айналдырады.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақ басы

10 мин

Қызығушылықты ояту үшін миға шабуыл.

Оқушылар сандықшадан кезекпен қағазды алып, онда жазылған одағайдың көңіл-күйін жеткізіп, айтады.

Тыңдаған оқушылар одағай түрін анықтайды.

Тақырыпқа ену үшін сұрақтарға жауап береді:

Көңілді болғандай қандай одағайларды қолданамыз?

Көңілсіз болғандай қандай одағайларды қолданамыз?

Үй жануарларын шақырғанда қандай одағайларды қолданамыз?

Ұрысқанда қандай одағайларды қолданамыз?

Оқу мақсатымен, тілдік мақсатпен танысады;

Жетістік критерийлерін болжайды;

Жетістік критерийлерімен танысады.

Дидактикалық материал 1,

Слайд 1-5

Сабақ ортасы

10 мин

10 мин

5 мин

Тапсырма №1

Мәтінді оқыңыз;

Мәтіннен одағайларды тауып, тыныс белгісін қойыңыз;

Одағайларды 3 мағыналық тобына бөліп жазыңыз;

Бірін-бірі бағалау;

Тапсырма №2

Топта сахналанған полилог дайындаңыз;

Сахналық көрініс талаптары:

«Уақыт алтыннан қымбат» тақырыбына арналуы;

Көңіл-күйді көрсете алу;

Одағайдың барлық түрін көрсете алу;

Көрініс уақыты - 1 минут.

Тыңдаған топтардың кері байланысы.

Сұрақтарға жауап беріңіз:

1. Көріністің идеясы қандай? Топ оны қаншалықты жеткізе алды? Себебін түсіндіріңіз.

2. Одағайлар мағынасына сай қолданылды ма? Себебін түсіндіріңіз.

Слайд 6

Мәтін жазылған үлестірме қағаз;

Дидактикалық материал 2,

Таймер

Сабақ соңы

5 мин

Рефлексия.

Оқушылар өздеріне қиық қағазға жазылып үлестірілген одағайды қиып, үш топқа бөліп, тиісті қорапшаларға салады.

Шағын 3 қорапша

Дидактикалық материал 4

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциация үш түрде іске асады:

1- үлгерімі төмен оқушыларға қолдау топтық жұмыста үлгерімі жақсы оқушылар тарапынан көрсетіледі.

2 –оқушылардың тапсырмасынан күтілетін нәтиже дифференциацияланған.

Оқушылар бір-бірін дискрипторлар арқылы бағалайды. Сол арқылы кері байланыс беріледі.

Сабақ философияға қатысты болғандықтан, белсенді азаматтық позициясын қалыптастыруға септігін тигізеді. Сабақта оқушылардың өміріне қауіпті ештеңе пайдаланылмайды. PowerPoint таныстырылымы, аудиофайл тыңдау үшін компьютер қолданылады.

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырылды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды?

Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме?

Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба?

Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақ талаптарға сай өтті. Оқушылар сөздік қорын молайтты. Жұпта бір-біріне қолдау көрсетіп, қарым-қатынас жасады.

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2..

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу