Уақыт өлшемдері. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 7 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары
Сабақ : № 3 | Мектеп: Қарағанды қ. ХББ НЗМ | |||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалім: Жусупова А.А., Омирбекова Д.Ш. | |||||||||||||||||||
Сынып: 7L2 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | ||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы: | Уақыт өлшемдері | |||||||||||||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: | А3. Орфоэпиялық нормаларды сақтау 7.А3. Ауызша мәтіндер құрауда екпін түрлерін сөз және сөйлем ішінде орынды қолданып айту. | |||||||||||||||||||
Сабақ мақсаты: | Оқушылардың барлығы Сұхбатта сөз екпінін орынды қолдана алады. Уақыт өлшеміне қатысты кейбір тұрақты тіркестерді мағынасына сай қолданады; Оқушылардың көпшілігі Сұхбатта сөз және фразалық екпінді орынды қолдана алады. Уақыт өлшеміне қатысты тұрақты тіркестердің көбін мағынасына сай қолданады; Оқушылардың кейбірі Сұхбатта сөз, фразалық, ой екпінін орынды қолдана алады. Уақыт өлшеміне қатысты тұрақты тіркестердің барлығын мағынасына сай қолданады; | |||||||||||||||||||
Құндылықтарды игерту: | Өзіне және өзгелерге құрмет мұғалім мен оқушылардың бір-бірімен амандасуында, сыпайы, ойын ашық білдіріп, тыңдауда, сабақты уақытында бастап, аяқтауда, тапсырмаларды нұсқалық бойынша толық орындауда, бір-біріне қолдау көрсетуінде көрініс табады. Патриотизм мен азаматтық жауапкершілік уақытты пайдамен өткізу қажеттігін түсіну арқылы жүзеге асырылады. Өмір бойы оқу қағидасы ақпаратты өздігінен табу, сабақ мақсатын білуде, кері байланыс беруде, рефлексия жасауда, алған білімінің практикалық мәнін түсінуде көрініс табады. Ашықтық оқушыларға ақпаратты алуында бірдей мүмкіндіктер беруде, сабақ мақсатын бірге құрастыруда, бағалау мен кері байланыс беруде, бірнеше көзқарастың бар екенін түсінуде орын алады. Еңбексүйгіштік жұмыс орынын таза сақтауда, оқушылардың белсенді жұмысында, ал шығармашылық жаңа идеяларды ұсынуда көрініс табады. | |||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс: | Драматургия | |||||||||||||||||||
АКТ-ны қолдану дағдылары: | PowerPoint таныстырылымы. | |||||||||||||||||||
Дескриптор |
Сұхбатта екпінді соңғы буында түсіре алады. 1-2 тұрақты тіркесті мағынасына сай қолданады;
Сұхбатта сөйлем мүшелерінің арасына екпін түсіре алады. 3-4 тұрақты тіркесті мағынасына сай қолданады;
Сұхбатта ерекше назардағы сөзге екпін түсіре алады. 5-6 тұрақты тіркесті мағынасына сай қолданады | |||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар: | Оқушылар: Екпіннің қолдануын дағдыға айналдырады. Пән лексикасы және терминология: Ет асым, қас қағым, жарты сағат, сүт пісірім, шай қайнатым, ас пісірім, бір тәулік. Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: Келесі көріністе сіздер ………………………….. тамашалайсыздар. Назарларыңызға ұсынылған қойылымда ………………… куәгері боласыздар. | |||||||||||||||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | «Уақыт алтыннан қымбат» тақырыбында сөздік қорын дамытып, тыңдалым дағдыларын дамытты. Одағайларды мағыналарына сай қолданды. | |||||||||||||||||||
Жоспар | ||||||||||||||||||||
Жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер | ||||||||||||||||||
Сабақ басы 5 мин | Қызығушылықты ояту үшін миға шабуыл. Тақырыпқа ену үшін уақыт өлшемдері туралы сұрақтарға жауап береді.
«Миға шабуыл» 1 ғасыр қаншаға тең? 1 жыл қаншаға тең? 1 ай қаншаға тең? 1 апта қаншаға тең? 1 тәулік қаншаға тең? 1 сағат қаншаға тең? 1 минут қаншаға тең? Оқу мақсатымен, тілдік мақсатпен танысады; Жетістік критерийлерін болжайды; Жетістік критерийлерімен танысады. | Үлестірме қағаз; Слайд 1-4 | ||||||||||||||||||
Сабақ ортасы 10 мин 15 мин 5 мин | Тапсырма №1 Уақыт өлшемдері мен уақыт өлшемдеріне қатысты тұрақты сөз тіркестерін сәйкестендіріңіз; Орындаған жұмысыңызды дұрыс таныстырылымдағы дұрыс нұсқамен тексеріңіз
Жұпта, топта, сыныпта бірін-бірі бағалау; Мұғалімнің кері байланысы: Жауап кілттері: «Қас қағым» сәт. 1 секунд; «Бір тәулік». 24 сағат; «Сүт пісірім». 30-50 минут; « Жарты сағат». 30 минут; «Шай қайнатым». 40-60 минут; «Ас пісірім». 1 жарым немесе 2 сағат; «Ет асым». 2-3 сағат. Тапсырма № 2 Топта еркін тақырыптағы сахналанған көріністі дайындап, қойыңыз; Сахналық көрініс талаптары: Берілген тұрақты тіркестерді мағынасына сай қолдануы; Айтылым нормаларын сақтау; Көрініс уақыты - 2 минут. Кері байланыс. Тыңдаған топтардың кері байланысы. | Слайд 5 Мәтін жазылған үлестірме қағаз; Таймер Слайд 3-9 | ||||||||||||||||||
Сабақ соңы 5 мин | Рефлексия. Оқушылар қиық қағаздарға жазып береді. Сабақта маған не пайдалы болды? Сабақта маған не қызықты болды? Сабақта маған не қиын болды? | Үлестірме қағаз | ||||||||||||||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||||||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | ||||||||||||||||||
Дифференциация үш түрде іске асады: 1- үлгерімі төмен оқушыларға қолдау топтық жұмыста үлгерімі жақсы оқушылар тарапынан көрсетіледі. 2 –оқушылардың тапсырмасынан күтілетін нәтиже дифференциацияланған. | Оқушылар бір-бірін дискрипторлар арқылы бағалайды. Сол арқылы кері байланыс беріледі. | Сабақ философияға қатысты болғандықтан, белсенді азаматтық позициясын қалыптастыруға септігін тигізеді. Сабақта оқушылардың өміріне қауіпті ештеңе пайдаланылмайды. PowerPoint таныстырылымы, аудиофайл тыңдау үшін компьютер қолданылады. | ||||||||||||||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырылды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? | Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз. | |||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақ талаптарға сай өтті. Оқушылар сөздік қорын молайтты. Жұпта бір-біріне қолдау көрсетіп, қарым-қатынас жасады. Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1. 2.. Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1. Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?