Уақыт мақал-мәтелдерде. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 7 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары
Сабақ : № 5 | Мектеп: Қарағанды қ. ХББ НЗМ | |||||
Күні: | Мұғалім: Жусупова А.А., Омирбекова Д.Ш. | |||||
Сынып: 7L2 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | ||||
Сабақтың тақырыбы: | Уақыт мақал-мәтелдерде. | |||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: | Ж2. Эссе жазу 7.Ж2.Эссе құрылымы мен дамуын сақтап, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазу. | |||||
Сабақ мақсаты: | Оқушылардың барлығы Эссе тақырыпқа арналған; Эссе кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды бар. Оқушылардың көпшілігі Эссе сұраққа жауап берген; Кіріспеде мәселе туралы жалпы ақпарат берілген; Негізгі бөлімде мәселенің себептері мен оған автор көзқарасы берілген. Қорытындыда автордың мәсеені шешуге ұсынысы берілген. Оқушылардың кейбірі Эссе сұраққа нақты жауап берген; Кіріспеде мәселе туралы жалпы ақпарат, мысалдар, қорытынды берілген; Негізгі бөлімде мәселеге аргумент пен контраргумент, олардың себептері мен оларға автор көзқарасы (келісу/келіспеу) берілген. Қорытындыда ойы жинақталып, ұсынысы берілген. | |||||
Құндылықтарды игерту: | Өзіне және өзгелерге құрмет мұғалім мен оқушылардың бір-бірімен амандасуында, сыпайы, ойын ашық білдіріп, тыңдауда, сабақты уақытында бастап, аяқтауда, тапсырмаларды нұсқалық бойынша орындауда, бір-біріне қолдау көрсетуінде көрініс табады. Патриотизм мен азаматтық жауапкершілік уақытты пайдамен өткізу қажеттігін түсіну арқылы жүзеге асырылады. Өмір бойы оқу қағидасы ақпаратты өздігінен табу, сабақ мақсатын білуде, кері байланыс беруде, рефлексия жасауда, алған білімінің практикалық мәнін түсінуде көрініс табады. Ашықтық оқушыларға ақпаратты алуында бірдей мүмкіндіктер беруде, сабақ мақсатын бірге құрастыруда, бағалау мен кері байланыс беруде, бірнеше көзқарастың бар екенін түсінуде орын алады. Еңбексүйгіштік жұмыс орынын таза сақтауда, оқушылардың белсенді жұмысында, ал шығармашылық жаңа идеяларды ұсынуда көрініс табады. | |||||
Пәнаралық байланыс: | Философия | |||||
АКТ-ны қолдану дағдылары: | PowerPoint таныстырылымы. | |||||
Тілдік мақсаттар: | Оқушылар: Шартты рай формасының қолданылу ережесін дағдыға айналдырады. Пән лексикасы және терминология: Уақыт тақырыбына қатысты мақал-мәтелдер. Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: Мәселенің бір (екінші) жағын қарастыратын болсақ; Жоғарыда айтылған ойымызды қорытындылайтын болсақ; Менің пікірімше, | |||||
Осыған дейін меңгерілген білім | Лексикалық тараудың алғашқы сабағы | |||||
Жоспар | ||||||
Жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер | ||||
Сабақ басы 5 мин | Қызығушылықты ояту үшін миға шабуыл. Жұпта тақырыпқа ену үшін мақалдың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді:
Берілген мақалдың астарлы мағынасы қандай деп ойлайсыз? Мақалдың мәніне өмірден мысал келтіре аласыз ба? Қандай? Сіз осы мақалдың мәнімен келісесіз бе, келіспейсіз бе? Неге? Оқу мақсатымен, тілдік мақсатпен танысады; Жетістік критерийлерін болжайды; Жетістік критерийлерімен және дескрипторлармен танысады. | Слайд 1-5 | ||||
Сабақ ортасы 30 мин 5 мин | Тапсырма: 1. «Елу жылда ел жаңа» деген мақалдың мәні қазіргі өмір үшін қаншалықты маңызды деп ойлайсыз? Өз пікіріңізді эссе түрінде жазыңыз. Көлемі – 110-120 сөз. 2. Эсселеріңізді жетістік критерийлері бойынша тексеріңіз. Жұбыңызға кері байланыс беріңіз. | Слайд 6-7 Дидактикалық материалдағы жетістік критерийлері | ||||
Сабақ соңы 5 мин | Рефлексия. Оқушылар қиық қағаздарға жазып береді. Сабақта маған не пайдалы болды?Сабақта маған не қызықты болды?Сабақта маған не қиын болды? | Слайд 8 | ||||
Қосымша ақпарат | ||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | ||||
Дифференциация үш түрде іске асады: 1- үлгерімі төмен оқушыларға сөздік пайдалану арқылы қолдау көрсетіледі. 2 –оқушылардың тапсырмасынан күтілетін нәтиже дифференциацияланған. | Оқушылар бір-бірін дискрипторлар тұсына «+» белгісін қоя отырып, бағалайды. Сол арқылы кері байланыс беріледі. | Сабақ философияға қатысты болғандықтан, белсенді азаматтық позициясын қалыптастыруға септігін тигізеді. Сабақта оқушылардың өміріне қауіпті ештеңе пайдаланылмайды. PowerPoint таныстырылымы, аудиофайл тыңдау үшін компьютер қолданылады. | ||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырылды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? | Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз. | |||||
Жалпы баға Сабақ талаптарға сай өтті. Оқушылар сөздік қорын молайтты. Жұпта бір-біріне қолдау көрсетіп, қарым-қатынас жасады. Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1. 2.. Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1. Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?