Абай Құнанбаев. «Сағаттың шықылдағы емес ермек». Қазақ тілі (орыс сыныбы), 7 сынып, дидактикалық материал.
Дидактика №1
Жалған | ||
Ермек | ||
тиянақты | ||
Ұры | ||
Бұлдыр |
Дидактика №2
Оқушының аты-жөні:_________________ Сынып: _________ Күні_________
Тақырып | Абай Құнанбаев. «Сағаттың шықылдағы емес ермек» |
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | Т4. Көркем шығармаларды тыңдау 7.Т4. Повестердің және лирикалық поэзиялық шығармалардан үзінді тыңдау, тақырыбы мен идеясын талдау |
Бағалау критерийлері: | Тыңдаған шығарманың мазмұнын жалпы түсінеді; Шығарманың мазмұнын баяндай алады. |
Тапсырма: | 1. Сұрақтармен танысыңыз. 2. Мәтінді тыңдаңыз. 3. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз. 4. Жауаптарыңызды жұпта тексеріңіздер; |
Дескрипторлар: | •І деңгей Мәтін бойынша 5-7 сұраққа дұрыс жауап бере алды. Шығарма мазмұнына өмірден 1 мысал келтіре алады. •ІІ деңгей Мәтін бойынша 8-10 сұраққа дұрыс жауап бере алды. Шығарма тақырыбына өмірден 2 мысал келтіре алады. •ІІІ деңгей Мәтін бойынша 11-13 сұраққа дұрыс жауап бере алды. Шығарма идеясына өмірден 3 мысал келтіре алады. |
- Сағаттың шықылдағы қандай мағынаны білдіреді? ________________________
- Бір минут автор немен салыстырады? ___________________________________
- Не себептен автор сағатты кісі өмірімен салыстырады? ____________________
- Не себептен автор сағатты ұрымен салыстырады? __________________________
- Автордың уақытқа айтқан сұрауы қандай? ________________________________
- Ақыл уақыттың қай қылығын байқаған? __________________________________
- Күн жиылғанда не болады? _____________________________________________
- Он екі ай жиылғанда не болады? ________________________________________
- Жыл жиылғанда не болады? ____________________________________________
- Дәурен жалған болса, не ақиқат? _________________________________________
- Тәңірден автор не сұрайды? _____________________________________________
- Шығарманың тақырыбы не туралы? ______________________________________
- Шығарманың идеясы қандай? ___________________________________________
Сағаттың шықылдағы емес ермек,
Һәмишә өмір өтпек ол білдірмек.
Бір минут бір кісінің өміріне ұқсас,
Өтті, өлді, тағдыр жоқ қайта келмек.
Сағаттың өзі ұры шықылдаған,
Өмірді білдірмеген, күнде ұрлаған.
Тиянақ жоқ, тұрлау жоқ, келді, кетті,
Қайта айналмас, бұрылмас бұлдыр заман.
Өткен өмір белгісі осы сыбдыр,
Көңілді күнде сындыр, әлде тындыр.
Ақыл анық байқаған қылығыңды,
Қу шыққансып қағасың босқа бұлдыр.
Күн жиылып ай болды, он екі ай жыл,
Жыл жиылып, қартайып қылғаны бұл.
Сүйенген, сенген дәурен жалған болса,
Жалғаны жоқ бір тәңірім, кеңшілік қыл.
Дидактика №3
Жауап парағы
1. Сағаттың шықылдағы қандай мағынаны білдіреді?
Жауап: өмір өтпек
2. Бір минут автор немен салыстырады?
бір кісінің өміріне, ұрыға
3. Не себептен автор сағатты кісі өмірімен салыстырады?
Өтті, өлді, тағдыр жоқ қайта келмек.
4. Не себептен автор сағатты ұрымен салыстырады?
Өмірді ұрлаған.
5. Автордың уақытқа айтқан сұрауы қандай?
Көңілді сындыр, әлде тындыр.
6. Ақыл уақыттың қай қылығын байқаған?
Қағасың босқа бұлдыр.
7. Күн жиылғанда не болады?
ай болды,
8. Он екі ай жиылғанда не болады?
Жыл;
9. Жыл жиылғанда не болады?
Қартайып қылғаны бұл.
10. Дәурен жалған болса, не ақиқат?
Жалғаны жоқ бір тәңірім.
11. Тәңірден автор не сұрайды?
кеңшілік қыл.
12. Шығарманың тақырыбы не туралы?
Уақыттың өткіншілігі туралы,
13. Шығарманың идеясы қандай?
Идеясы уақытты бағалау қажеттігі
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?