Абай Құнанбаев. «Сағаттың шықылдағы емес ермек». Қазақ тілі (орыс сыныбы), 7 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары
Сабақ : № 6 | Мектеп: Қарағанды қ. ХББ НЗМ | |||||||||||||||
Күні: | Мұғалім: Жусупова А.А., Омирбекова Д.Ш. | |||||||||||||||
Сынып: 7L2 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | ||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы: | Абай Құнанбаев. «Сағаттың шықылдағы емес ермек» | |||||||||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: | Т4. Көркем шығармаларды тыңдау 7.Т4. Повестердің және лирикалық поэзиялық шығармалардан үзінді тыңдау, тақырыбы мен идеясын талдау | |||||||||||||||
Сабақ мақсаты: | Оқушылардың барлығы Мәтін бойынша 5-7 сұраққа дұрыс жауап бере алды. Шығарма мазмұнына өмірден 1 мысал келтіре алады. Оқушылардың көпшілігі Мәтін бойынша 8-10 сұраққа дұрыс жауап бере алды. Шығарма тақырыбына өмірден 2 мысал келтіре алады. Оқушылардың кейбірі Мәтін бойынша 11-13 сұраққа дұрыс жауап бере алды. Шығарма идеясына өмірден 3 мысал келтіре алады. | |||||||||||||||
Құндылықтарды игерту: | Өзіне және өзгелерге құрмет мұғалім мен оқушылардың бір-бірімен амандасуында, сыпайы, ойын ашық білдіріп, тыңдауда, сабақты уақытында бастап, аяқтауда, тапсырмаларды нұсқалық бойынша орындауда, бір-біріне қолдау көрсетуінде көрініс табады. Патриотизм мен азаматтық жауапкершілік уақытты пайдамен өткізу қажеттігін түсіну арқылы жүзеге асырылады. Өмір бойы оқу қағидасы ақпаратты өздігінен табу, сабақ мақсатын білуде, кері байланыс беруде, рефлексия жасауда, алған білімінің практикалық мәнін түсінуде көрініс табады. Ашықтық оқушыларға ақпаратты алуында бірдей мүмкіндіктер беруде, сабақ мақсатын бірге құрастыруда, бағалау мен кері байланыс беруде, бірнеше көзқарастың бар екенін түсінуде орын алады. Еңбексүйгіштік жұмыс орынын таза сақтауда, оқушылардың белсенді жұмысында, ал шығармашылық жаңа идеяларды ұсынуда көрініс табады. | |||||||||||||||
Пәнаралық байланыс: | Философия | |||||||||||||||
АКТ-ны қолдану дағдылары: | PowerPoint таныстырылымы, аудиофайл.. | |||||||||||||||
Тілдік мақсаттар: | Оқушылар: Бұйрық рай, мақсатты келер шақ, өткен шақ көрсеткіштерінің мағынасын ашады. Пән лексикасы және терминология: Өлең, тақырып, идея, шумақ, тармақ, ұйқас,. Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: Өлең жолдарында келтірілген «_______» сөзі «________» деген мағынаны білдіреді. Өмірден мысал келтіретін болсақ, _______________. | |||||||||||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | «Елу жылда ел жаңа» мақалына көзқарасын білдіріп, эссе жазды. | |||||||||||||||
Жоспар | ||||||||||||||||
Жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер | ||||||||||||||
Сабақ басы 5 мин | Қызығушылықты ояту үшін миға шабуыл. Жұпта тақырыпқа ену үшін сұрақтарға жауап береді: Портретте кім бейнеленген? Абай туралы қандай ақпараттарыңыз бар? Уақыт лексикалық тарауы мен Абай ақын арасында қандай байланыс болуы мүмкін? Оқу мақсатымен, тілдік мақсатпен танысады; Жетістік критерийлерін болжайды; Жетістік критерийлерімен және дескрипторлармен танысады. | Слайд 1-5 | ||||||||||||||
Сабақ ортасы 5 мин 5 мин 15 мин 10 мин | Тапсырма №1: Сөздер мен суреттерді сәйкестендіріңіз. Жауаптарыңыздың дұрыстығын жұпта тексеріңіз. Жауаптарыңыздың дұрыстығын слайдтағы нұсқамен тексеріңіз.
Тапсырма №2: Сұрақтармен танысыңыз. Мәтінді тыңдаңыз. Тапсырма №3: Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз. Сұраққа жауапты мәтіннен табыңыз; Жауаптарыңызды жұпта тексеріңіздер; Жауаптарыңызды жауап парағымен сәйкестендіріңіз; Сұрақтар: 1. Сағаттың шықылдағы қандай мағынаны білдіреді? Жауап: өмір өтпек 2. Бір минут автор немен салыстырады? бір кісінің өміріне, ұрыға 3. Не себептен автор сағатты кісі өмірімен салыстырады? Өтті, өлді, тағдыр жоқ қайта келмек. 4. Не себептен автор сағатты ұрымен салыстырады? Өмірді ұрлаған. 5. Автордың уақытқа айтқан сұрауы қандай? Көңілді сындыр, әлде тындыр. 6. Ақыл уақыттың қай қылығын байқаған? Қағасың босқа бұлдыр. 7. Күн жиылғанда не болады? ай болды, 8. Он екі ай жиылғанда не болады? Жыл; 9. Жыл жиылғанда не болады? Қартайып қылғаны бұл. 10. Дәурен жалған болса, не ақиқат? Жалғаны жоқ бір тәңірім. 11. Тәңірден автор не сұрайды? кеңшілік қыл. 12. Шығарманың тақырыбы не туралы? Уақыттың өткіншілігі туралы, 13. Шығарманың идеясы қандай? Идеясы уақытты бағалау қажеттігі Тапсырма №4: Шығарманың идеясына қатысты өмірден 1-3 мысал келтіріңіз. Жұпта бір-біріңіздің мысалдарыңызбен танысыңыздар, ең жақсысын таңдаңыз; Топта бір-біріңіздің мысалдарыңызбен танысыңыздар, ең жақсысын таңдаңыз; Сыныпта бір-біріңіздің мысалдарыңызбен танысыңыздар, ең жақсысын таңдаңыз; | Слайд 6-7 Дидактикалық материалдар №1 Слайд 8, Дидактикалық материалдар №2-3, Аудио жазба Слайд - 9 | ||||||||||||||
Сабақ соңы 5 мин | Рефлексия. Оқушылар қиық қағаздарға жазып береді. Сабақта маған не пайдалы болды?Сабақта маған не қызықты болды?Сабақта маған не қиын болды? | Слайд 10 | ||||||||||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | ||||||||||||||
Дифференциация үш түрде іске асады: 1- үлгерімі төмен оқушыларға сөздік беру немесе сабақ материалымен алдын ала танысуға мүмкіндік беру арқылы қолдау көрсетіледі. 2 –оқушылардың тапсырмасынан күтілетін нәтиже дифференциацияланған. | Оқушылар бір-бірін дискрипторлар тұсына «+» белгісін қоя отырып, бағалайды. Сол арқылы кері байланыс беріледі. | Сабақ философияға қатысты болғандықтан, белсенді азаматтық позициясын қалыптастыруға септігін тигізеді. Сабақта оқушылардың өміріне қауіпті ештеңе пайдаланылмайды. PowerPoint таныстырылымы, аудиофайл тыңдау үшін компьютер қолданылады. | ||||||||||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырылды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? | Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз. | |||||||||||||||
Жалпы баға Сабақ талаптарға сай өтті. Оқушылар сөздік қорын молайтты. Жұпта бір-біріне қолдау көрсетіп, қарым-қатынас жасады. Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1. 2.. Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1. Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?