Абай Құнанбаев. «Сағаттың шықылдағы емес ермек». Қазақ тілі (орыс сыныбы), 7 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Сабақ : № 7

Мектеп: Қарағанды қ. ХББ НЗМ

Күні:

Мұғалім: Жусупова А.А., Омирбекова Д.Ш.

Сынып: 7L2

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Абай Құнанбаев. «Сағаттың шықылдағы емес ермек»

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

А4. Мәтіннің негізгі аспектілерін анықтау және талқылау

7.А4. Шығармадағы кейіпкерлерге автор берген мінездеменің тілдік құралдарын талдау.

Сабақ мақсаты:

Оқушылардың барлығы

Қарастырылған тілдік құралдардың кейбірін тауып, талдады.

Постерде ақпарат ашылған.

Оқушылардың көпшілігі

Қарастырылған тілдік құралдардың көпшілігін тауып, негізінен талдады.

Постерде ақпарат толық ашылған.

Оқушылардың кейбірі

Қарастырылған тілдік құралдардың барлығын тауып, толық талдады.

Постерде ақпарат шағын және толық ашылған.

Құндылықтарды игерту:

Өзіне және өзгелерге құрмет мұғалім мен оқушылардың бір-бірімен амандасуында, сыпайы, ойын ашық білдіріп, тыңдауда, сабақты уақытында бастап, аяқтауда, тапсырмаларды нұсқалық бойынша орындауда, бір-біріне қолдау көрсетуінде көрініс табады. Патриотизм мен азаматтық жауапкершілік уақытты пайдамен өткізу қажеттігін түсіну арқылы жүзеге асырылады. Өмір бойы оқу қағидасы ақпаратты өздігінен табу, сабақ мақсатын білуде, кері байланыс беруде, рефлексия жасауда, алған білімінің практикалық мәнін түсінуде көрініс табады. Ашықтық оқушыларға ақпаратты алуында бірдей мүмкіндіктер беруде, сабақ мақсатын бірге құрастыруда, бағалау мен кері байланыс беруде, бірнеше көзқарастың бар екенін түсінуде орын алады. Еңбексүйгіштік жұмыс орынын таза сақтауда, оқушылардың белсенді жұмысында, ал шығармашылық жаңа идеяларды ұсынуда көрініс табады.

Пәнаралық байланыс:

Философия, әдебиет теориясы

АКТ-ны қолдану дағдылары:

PowerPoint таныстырылымы, ғаламторға қосылған компьютер.

Тілдік мақсаттар:

Оқушылар:

Бұйрық рай, мақсатты келер шақ, өткен шақ көрсеткіштерінің мағынасын ашады.

Пән лексикасы және терминология:

Шумақ, тармақ, ұйқас, троп, инверсия, градация, аллитерация, ассонанс, лексикалық қайталаулар.

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

Өлең жолдарында келтірілген «_______» сөзі «________» жатады. Себебі оның мақсаты - _______________ жеткізу.

Осыған дейін меңгерілген білім

Абай Құнанбаев. «Сағаттың шықылдағы емес ермек» өлеңін тыңдап, мазмұнын талдады.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақ басы

5 мин

Қызығушылықты ояту және топқа бөліну.

Қиық қағазға жазылған өлең жолдарын алып, шумақтарға бірігу арқылы топқа бөлініңіздер;

Оқу мақсатымен, тілдік мақсатпен танысады;

Жетістік критерийлерін болжайды;

Жетістік критерийлерімен және дескрипторлармен танысады.

Слайд 1-5

Сабақ ортасы

15 мин

15 мин

5 мин

Тапсырма:

1-топ: Өлеңнің лексикалық ерекшеліктеріне (троптар) талдау жасаңыз;

2-топ: Өлеңнің синтаксистік ерекшеліктеріне (инверсия, градация, лексикалық қайталауларға) талдау жасаңыз;

3-топ: Өлеңнің дыбыстық ерекшеліктеріне (ұйқас, аллитерация, ассонанс) талдау жасаңыз;

4-топ: Өлеңнің философиялық мәнін өмірмен байланыстырып талдаңыз.

Топтар өз постерлерін сынып алдында таныстырады. Сөз сөйлеу уақыты - 3 минут.

Мұғалімнің немесе топтардың кері байланысы:

Мұғалім оқушылардың талдаған жұмыстарына «Екі жұлдыз, бір тілек» принципі бойынша кері байланыс береді.

Слайд 6, дидактикалық материалдар.

Оқушылар дайындаған постерлер немесе слайд

Сабақ соңы

5 мин

Рефлексия. Оқушылар қиық қағаздарға жазып береді.

  • Сабақта мен не білдім?
  • Сабақта менде қандай сұрақ қалды?
  • Сабақта менің көңіл-күйім қандай болды?

Слайд 6

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциация үш түрде іске асады:

1- үлгерімі төмен оқушыларға қолдау топтық жұмыста үлгерімі жақсы оқушылар тарапынан көрсетіледі.

2 –оқушылардың тапсырмасынан күтілетін нәтиже дифференциацияланған.

Оқушылар бір-бірін дискрипторлар тұсына «+» белгісін қоя отырып, бағалайды. Сол арқылы кері байланыс беріледі.

Сабақ философияға қатысты болғандықтан, белсенді азаматтық позициясын қалыптастыруға септігін тигізеді. Сабақта оқушылардың өміріне қауіпті ештеңе пайдаланылмайды. PowerPoint таныстырылымы, аудиофайл тыңдау үшін компьютер қолданылады.

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырылды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды?

Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме?

Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба?

Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақ талаптарға сай өтті. Оқушылар сөздік қорын молайтты. Жұпта бір-біріне қолдау көрсетіп, қарым-қатынас жасады.

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2..

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу