Мерейтой – өмірдің жаңа белесі. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 7 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Сабақ : № 8

Мектеп: Қарағанды қ. ХББ НЗМ

Күні:

Мұғалім: Жусупова А.А., Омирбекова Д.Ш.

Сынып: 7L2

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Мерейтой – өмірдің жаңа белесі

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

О2. Стильдік ерекшеліктерді анықтау

7.О2. Ресми-іскерлік (өтініш, нұсқаулық, ресми құттықтаулар, ұсыныстар) салаға қатысты мәтіндердің тілдік ерекшелігін анықтап, талдау жасау.

Сабақ мақсаты:

Оқушылардың барлығы

Құрылымдық бөліктердің ерекшеліктерін (мәтіндік) анықтады.

Оқушылардың көпшілігі

Мәтіннің стильдік ерекшеліктерін (мәтіндік, синтаксистік) анықтады.

Оқушылардың кейбірі

Мәтіннің тілдік ерекшеліктерін (мәтіндік, синтаксистік, лексикалық) анықтады.

Құндылықтарды игерту:

Өзіне және өзгелерге құрмет мұғалім мен оқушылардың бір-бірімен амандасуында, сыпайы, ойын ашық білдіріп, тыңдауда, сабақты уақытында бастап, аяқтауда, тапсырмаларды нұсқалық бойынша орындауда, бір-біріне қолдау көрсетуінде көрініс табады. Патриотизм мен азаматтық жауапкершілік уақытты пайдамен өткізу қажеттігін түсіну арқылы жүзеге асырылады. Өмір бойы оқу қағидасы ақпаратты өздігінен табу, сабақ мақсатын білуде, кері байланыс беруде, рефлексия жасауда, алған білімінің практикалық мәнін түсінуде көрініс табады. Ашықтық оқушыларға ақпаратты алуында бірдей мүмкіндіктер беруде, сабақ мақсатын бірге құрастыруда, бағалау мен кері байланыс беруде, бірнеше көзқарастың бар екенін түсінуде орын алады. Еңбексүйгіштік жұмыс орынын таза сақтауда, оқушылардың белсенді жұмысында, ал шығармашылық жаңа идеяларды ұсынуда көрініс табады.

Пәнаралық байланыс:

Философия, әдебиет теориясы

АКТ-ны қолдану дағдылары:

PowerPoint таныстырылымы, ғаламторға қосылған компьютер.

Тілдік мақсаттар:

Оқушылар:

Қалау, бұйрық рай көрсеткіштерінің мағынасын ашады.

Пән лексикасы және терминология:

Тілегім келеді, болсын, болғай, мерейтой, шын көңілмен, құттықтаймыз, қадірменді, сіңірген еңбегіңіз, қосқан үлесіңіз, ерен еңбегіңіз, деніңізге саулық, еңбегіңізге жеміс.

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

Мәтінде келтірілген «_______» сөзі «________» жатады. Себебі оның мақсаты - _______________ жеткізу.

Осыған дейін меңгерілген білім

Абай Құнанбаев. «Сағаттың шықылдағы емес ермек» өлеңіне әдеби талдау жүргізілді.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақ басы

10 мин

Қызығушылықты ояту және топқа бөліну.

Сурет бойынша лексикалық тақырыпты болжайды.

Оқушылар қиық қағаздарда сөз тіркесімен берілген тілектерді алады,

Карусель әдісі бойынша алған тілектерін жұпта бір-біріне айтып, қағаздарымен алмасады. Келесі оқушымен жаңа жұп құрып, барлық тілектермен танысады. Жағдаятта сөздерді естіп, айтып, ұзақ мерзімді жадымен жұмыс жасайды.

Оқушылар сурет бойынша лексикалық тақырыпты болжайды.

Оқу мақсатымен, тілдік мақсатпен танысады;

Жетістік критерийлерін болжайды;

Жетістік критерийлерімен және дескрипторлармен танысады.

Слайд 1-4, Дидактика № 1

Сабақ ортасы

5 мин

Тапсырмалар:

1. Жаңа сөздермен танысыңыз;

2. Мәтінді оқыңыз;

Құрметті Үміт Нәзірқызы!

 Сізді торқалы мерей тойыңыз – 60 жасқа толуыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!

 Халқымыздың шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, жақсы қасиеттерді бойына дарыта білген ұстазға деген құрметі қашан да ерекше. Өйткені, қоғамның басты байлығы – адам болса, сол «адамның адамшылығы жақсы ұстаздан», - дейді дана Абай.

 Ұлы ойшыл айтқандай, Сіз өзіңіздің барлық саналы ғұмырыңыз бен күш-жігеріңізді Еліміздің білім беру саласына арнап, көп жылдар бойы бірнеше ұрпақ саналы шәкірттеріңізді өмірге дайындадыңыз. Қазір де олар Отаны – Қазақстан үшін едіміздің көптеген салаларында адал қызмет етуде. Сіздің оған қосқан үлесіңіз зор.

 Сізге шын жүректен зор денсаулық, қажымас қайрат, бақыт, береке тілеймін.

 

 Игі тілекпен,

Қарағанды облысының

Білім беру департаменті бастығыАқберді А.Қ.

3. Мәтінге көрсетілген аспектілер бойынша талдау жасаңыз:

Тақырыбы, стилі, жанры, құрылымы, мақсаты, кілт сөздері

4. Жауаптарыңыздың дұрыстығын жұпта тексеріңіз;

5. Жауаптарыңыздың жауап кілтімен тексеріңіз.

Слайд 5-7, Дидактика № 2

Сабақ соңы

5 мин

Рефлексия. Оқушылар қиық қағаздарға жазып береді.

  • Сабақта қандай стильдегі құттықтаулармен таныстым?
  • Ресми стильдегі құттықтаудың ерекшелігі қандай?

Слайд 8

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциация үш түрде іске асады:

1- үлгерімі төмен оқушыларға қолдау жұптық жұмыста үлгерімі жақсы оқушылар тарапынан көрсетіледі.

2 –оқушылардың тапсырмасынан күтілетін нәтиже дифференциацияланған.

3- үлгерімі төмен оқушыларға қолдау сөздік қолдану арқылы көрсетіледі.

Оқушылар бір-бірін дискрипторлар тұсына «+» белгісін қоя отырып, бағалайды. Сол арқылы кері байланыс беріледі.

Сабақ философияға қатысты болғандықтан, белсенді азаматтық позициясын қалыптастыруға септігін тигізеді. Сабақта оқушылардың өміріне қауіпті ештеңе пайдаланылмайды. PowerPoint таныстырылымы, аудиофайл тыңдау үшін компьютер қолданылады.

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырылды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды?

Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме?

Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба?

Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақ талаптарға сай өтті. Оқушылар сөздік қорын молайтты. Жұпта бір-біріне қолдау көрсетіп, қарым-қатынас жасады.

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2..

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу