Мерейтой – өмірдің жаңа белесі. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 7 сынып, презентация.


Сынып жұмысы

Мерейтой – өмірдің жаңа белесі

Сұрақтарға жауап беріңіз

Мерейтой дегеніміз – не?

Мерейтойды қай жаста мерекелеп атап өтеді?

Мерейтойда қандай лебіздер айтылады?

Лексикалық тақырып:

Мерейтой – өмірдің жаңа белесі

Оқу мақсаты:

ТБ1. Сөз таптары

7.ТБ1.2. Салыстырмалы, күшейтпелі, асырмалы шырайлардың қызметін білу, жазба, ауызша жұмыстарда қолдану.

Жетістік критерийлері

Оқушылардың барлығы

Мәтіндегі шырайлардың қызметін түсінеді;

Ауызша сөйлесімде шырай түрлерін қолданады.

Оқушылардың көпшілігі

Мәтіндегі шырайлардың қызметін толық түсіне алады;

Ауызша сөйлесімде шырай түрлерін дұрыс қолданады.

Оқушылардың кейбірі

Мәтіндегі шырайлардың қызметіне анықтама құрастырады;

Ауызша сөйлесімде кейбір шырай түрлерін қолдана алады.

Тапсырма

Жұптық жұмыс. Оқушылар шырай категорияларын түсіну үшін кесте бойынша оның анықтамасын шығарыңыз.

Топтық жұмыс. Анықтамаларын салыстырып, ортақ тұжырым шығарыңыздар.

 

Сын есімдерден шырай түрлерін жасаңыз:

көп, жақсы, маңызды, мөлдір, ақ, дәмді, әдемі, жұмсақ, таза, жас.

 

Берілген сөздерді қолданып, құттықтау мәтінін жазыңыз:

Өте әдемі жасқа келдіңіз, ең биік асуларды бағындырыңыз, адал достарыңыз бұдан да көбірек болсын, сұп-сұлу қалпыңызда жүре беріңіз.

Рефлексия

Сабақта маған не пайдалы болды?

Сабақта маған не қызықты болды?

Сабақта маған не қиын болды?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу