Мерейтой – өмірдің жаңа белесі. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 7 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары
Сабақ : № 9 | Мектеп: Қарағанды қ. ХББ НЗМ | |||||
Күні: | Мұғалім: Жусупова А.А., Омирбекова Д.Ш. | |||||
Сынып: 7L2 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | ||||
Сабақтың тақырыбы: | Мерейтой – өмірдің жаңа белесі | |||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: | ТБ1. Сөз таптары 7.ТБ1.2. Салыстырмалы, күшейтпелі, асырмалы шырайлардың қызметін білу, жазба, ауызша жұмыстарда қолдану. | |||||
Сабақ мақсаты: | Оқушылардың барлығы Мәтіндегі шырайлардың қызметін түсінеді; Ауызша сөйлесімде шырай түрлерін қолданады. Оқушылардың көпшілігі Мәтіндегі шырайлардың қызметін толық түсіне алады; Ауызша сөйлесімде шырай түрлерін дұрыс қолданады. Оқушылардың кейбірі Мәтіндегі шырайлардың қызметіне анықтама құрастырады; Ауызша сөйлесімде кейбір шырай түрлерін қолдана алады. | |||||
Құндылықтарды игерту: | Өзіне және өзгелерге құрмет мұғалім мен оқушылардың бір-бірімен амандасуында, сыпайы, ойын ашық білдіріп, тыңдауда, сабақты уақытында бастап, аяқтауда, тапсырмаларды нұсқалық бойынша орындауда, бір-біріне қолдау көрсетуінде көрініс табады. Патриотизм мен азаматтық жауапкершілік уақытты пайдамен өткізу қажеттігін түсіну арқылы жүзеге асырылады. Өмір бойы оқу қағидасы ақпаратты өздігінен табу, сабақ мақсатын білуде, кері байланыс беруде, рефлексия жасауда, алған білімінің практикалық мәнін түсінуде көрініс табады. Ашықтық оқушыларға ақпаратты алуында бірдей мүмкіндіктер беруде, сабақ мақсатын бірге құрастыруда, бағалау мен кері байланыс беруде, бірнеше көзқарастың бар екенін түсінуде орын алады. Еңбексүйгіштік жұмыс орынын таза сақтауда, оқушылардың белсенді жұмысында, ал шығармашылық жаңа идеяларды ұсынуда көрініс табады. | |||||
Пәнаралық байланыс: | Әлеуметтану | |||||
АКТ-ны қолдану дағдылары: | PowerPoint таныстырылымы, аудио мәтін | |||||
Дескриптор |
| |||||
Тілдік мақсаттар: | Оқушылар: Тұрақты тіркестер мен тура мағынадағы сөздер ерекшелігі. Пән лексикасы және терминология: Тілегім келеді, болсын, болғай, мерейтой, шын көңілмен, құттықтаймыз, қадірменді, сіңірген еңбегіңіз, қосқан үлесіңіз, ерен еңбегіңіз, деніңізге саулық, еңбегіңізге жеміс. Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: Мәтінде келтірілген «_______» сөзі «________» жатады. Себебі оның мақсаты - _______________ жеткізу. | |||||
Осыған дейін меңгерілген білім | «Мерейтой – өмірдің жаңа белесі» тақырыбындағы құттықтау сөз мәтініне тілдік талдау. | |||||
Жоспар | ||||||
Жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер | ||||
Сабақ басы 5 мин | Қызығушылықты ояту үшін миға шабуыл. Сурет арқылы тақырыпты болжау. Сұрақтарға жауап беру:
Оқу мақсатымен, тілдік мақсатпен танысады; Жетістік критерийлерін болжайды; Жетістік критерийлерімен танысады. | Слайд 1-5 | ||||
Сабақ ортасы 10 мин 5 мин 15 мин | Тапсырма: Жұптық жұмыс. Оқушылар шырай категорияларын түсіну үшін кесте бойынша оның анықтамасын шығарады. Топтық жұмыс. Анықтамаларын салыстырып, ортақ тұжырым шығарады. Сын есімдерден шырай түрлерін жасайды: көп, жақсы, маңызды, мөлдір, ақ, дәмді, әдемі, жұмсақ, таза, жас. Берілген сөздерді қолданып, құттықтау мәтінін жазыңыз: Өте әдемі жасқа келдіңіз, ең биік асуларды бағындырыңыз, адал достарыңыз бұдан да көбірек болсын, сұп-сұлу қалпыңызда жүре беріңіз. | Слайд 6, Дидактика № 1 Дидактика № 2 Дидактика № 3 | ||||
Сабақ соңы 5 мин | Рефлексия. Оқушылар қиық қағаздарға жазып береді. Сабақта маған не пайдалы болды?Сабақта маған не қызықты болды?Сабақта маған не қиын болды? | Слайд 7 | ||||
Қосымша ақпарат | ||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | ||||
Дифференциация үш түрде іске асады: 1- үлгерімі төмен оқушыларға қолдау жұптық жұмыста үлгерімі жақсы оқушылар тарапынан көрсетіледі. 2 – үлгерімі төмен оқушыларға сөздік, алдыңғы сабақтағы материалдар үлгісін қолдануға рұқсат етіледі. 3 – оқушылардың тапсырмасынан күтілетін нәтиже дифференциацияланған. | Оқушылар бір-бірін дискрипторлар тұсына «+» белгісін қоя отырып, бағалайды. Сол арқылы кері байланыс беріледі. | Сабақ қазіргі салт-дәстүрге қатысты болғандықтан, белсенді азаматтық позициясын қалыптастыруға септігін тигізеді. Сабақта оқушылардың өміріне қауіпті ештеңе пайдаланылмайды. PowerPoint таныстырылымы, аудиофайл тыңдау үшін компьютер қолданылады. | ||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырылды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? | Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз. | |||||
Жалпы баға Сабақ талаптарға сай өтті. Оқушылар сөздік қорын молайтты. Жұпта бір-біріне қолдау көрсетіп, қарым-қатынас жасады. Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1. 2.. Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1. Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?