Күн тәртібі – уақыт тиімділігін арттыру кепілі. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 7 сынып, дидактикалық материал.
Тыңдалым мәтіні
Тайм менеджмент – бұл уақытты басқару тәсілдері мен әдістерін зерттейтін менеджмент саласы.
Уақытты дұрыс жоспарлау үшін бірнеше қағидаларға сүйенеміз. Олар:
1. Мақсат пен бағдарды айқындау.
Мақсат пен бағдарды айқындау кезіңде ұстанатын басты талап жоспардан ауытқымау.
Ал жоспардың өзі төрт түрлі болды.
- Біріншісі – ұзақ мерзімді жоспар, ол 5 жылдан 10 жылға құрылады.
- Екіншісі – көлемді жоспар, 3 айдан 1 жылға дейін құрылады.
- Үшіншісі – қысқа мерзімді жоспар, жеке-жеке тапсырмалар жіліктеп жазылады.
- Төртіншісі – күнделік, күнделікті тапсырмалар мен олардың уақыты белгіленеді.
2. Жоспардағы тапсырмаларды жеке-жеке бөліп жазып шығу. Ол үшін ақ қағазға төрт бағана сызу керек. Олардың әрқайсына жазылатыны:
- шаруалардың тізімі (ең маңыздылары)
- шаруалардың атаулары
- орындалу барысы туралы мәліметтер,
- орындалу туралы белгісі (егер орындалса – қосу белгісін, орындалмаса – алу белгісін қоямыз).
3. Істерді орындау басымдылығына қарай 4 топқа бөлеміз.
- Маңызды әрі шұғыл;
- Маңызды, бірақ шұғыл емес;
- Шұғыл, бірақ маңызды емес;
- Шұғыл да, маңызды да емес;
4. Демалысты дұрыс ұйымдастыру. Оларға жататыны:
- Адам күніне кеміне 7 сағат ұйықтау керек. Дұрыс ұйқы жұмыс өнімінің кепілі.
- Дұрыс және уақытылы тамақтануға дағдылану.
- Жұмыс арасында 10 – 15 минут бой жазып тұру керек.
- Демалыс күндері табиғат аясына шығып тұру.
- Еңбек демалысын алғанда жұмыс туралы ойламай жақын немесе алыс жаққа саяхат құру абзал.
5. Уақытты тиімді пайдалану!
Адам боп бұл өмірге келгесін ащының да, тұщының да дәмін татамыз. Дегенмен, барлығына бір сәтте қол жеткізгіміз келетіні тағы бар. Сіз үшін қымбат не? Сұрақ жеңіл болғанмен, сауалға жауап лезде табыла кетпейді. Қымбат ұғымын әркім әр түрлі топшылайды. Бірі - Отан, бірі - Ана, бірі - Денсаулық ұғымына теңеп жатады. Ал кез - келген табысқа жету үшін адам өз уақытын дұрыс пайдалана білуі керек.
Уақыт сіздің уысыңызда тұрмайды. Осы турасында «Таңғажайыпты күтпе, таңғажайыпты жаса» деп айтылған қанатты сөз орынды. Сәні мен салтанаты жарасқан жиында сіз үшін ешкім билеп бермейтіні секілді, арманға қол созбасаңыз — өмірдің бекер өткендігі.
Тыңдалым мәтініне сөздік
Сөз | Синонимі | аудармасы |
басқару | билеу | Управлять |
тәсіл | әдіс | Метод |
зерттеу | Зерделеу | Исследовать |
сала | ая | сфера |
жоспарлау | ойластыру | Планировать |
қағида | Ереже | Принцип |
сүйену | таяну | Опираться |
бағдар | бағыт | направление |
айқындау | анықтау | Определить |
ауытқымау | Ауып кету | Не отклоняться |
жіліктеу | талдау, саралау, сараптау, жіктеу | Классифицировать |
баған | бағана | столбец |
сызу | Сызық сызу | чертить |
атқарылатын | орындау | выполнить |
шаруа | жұмыс, іс, қызмет, еңбек, қаракет | заботы (хлопоты) |
мәлімет | ақпарат | сведение |
шұғыл | Деpеу, тез, жедел | Срочно |
дағдылану | жаттығу, төселу, ысылу, әдеттену, машықтану, әккілену | привыкать |
бой жазу | Демалу | Отдохнуть |
ащының да, тұщының да дәмін тату | Жақсы мен жаманды көру | Познать жизнь |
топшылау | жорамалдау, болжау, шамалау, мөлшерлеу, жобалау | Предполагать |
уысыңызда тұрмайды | Ұстай алмау | Не сможешь удержать |
Дидактика №1
Топқа бөліну үшін күн тәртібінің кестесі қиылып беріледі, оқушылар өздеріне тиген іс-әрекеттер пен оның сағатын сәйкестендіріп жұп құрайды, ал тәулік уақыты бойынша топқа бөлінеді.
Топ | Жұп | |||||||
Уақыты | Сағаты | Іс-әрекеті | ||||||
Таң |
|
| ||||||
Түс |
|
| ||||||
Түстен кейін |
|
| ||||||
Кеш |
|
| ||||||
|
|
Дидактика №2
Сұрақтармен танысыңыздар;
Жұпта сұрақтарға жауапты болжаңыз;
Топта ең жақын жауапты таңдаңыздар;
Мәтінді мұқият тыңдаңыз;
Өз жауабыңыз бен мәтін жауабын салыстырыңыз?
№ | Сұрақ | Ықтимал жауап | Мәтін бойынша жауап |
1 | Тайм менеджмент деген не? | ||
2 | Ал жоспардың неше түрі болды екен? | ||
3 | Жоспар құруда төрт бағана сызу керек. Олар не үшін қолданылады? | ||
4 | Істерді орындау басымдылығына байланысты қандай 4 топқа бөлеміз? | ||
5 | Демалысты ұйымдастырудың қандай түрлерін білесіз? | ||
6 | Не себептен уақытты тиімді пайдалану керек? |
Критериалды бағалау
№ | Жетістік критерийлері | Өте жақсы | Жақсы | Қанағаттанарлық |
1. | Өз жауабын нақты жеткізуі | Сұраққа жауап беруде өз ойын 1-2 мысалмен дәлелдейді. | Сұраққа нақты, қысқа жауап береді. | Сұрақтан ауытқиды. |
2. | Тыңдалым мәтінін түсінуі | Мәтінді тыңдап, 5-6 жауапты дұрыс таба алды. | Мәтінді тыңдап, 3-4 жауапты дұрыс таба алды. | Мәтінді тыңдап, 1-2 жауапты дұрыс таба алды. |
3. | Өз болжамы мен мәтінді салыстыруы; | Өз жауабы мен мәтін жауабы негізінде, өзінің қателесу себебін түсіндіре алды. | Өз жауабы мен мәтін жауабы негізінде, өзінің қатесін түзете алды. | Өз жауабы мен мәтін жауабы негізінде, өзінің қатесін таба алды. |
Жауап парағы
№ | Сұрақ | Ықтимал жауап | Мәтін бойынша жауап |
1 | Тайм менеджмент деген не? | Уақытты басқару | |
2 | Ал жоспардың неше түрі болды екен? | Бірінші – ұзақ мерзімді жоспар, екінші – көлемді жоспар, үшінші – қысқа мерзімді жоспар, төртінші – күнделік. | |
3 | Жоспар құруда төрт бағана сызу керек. Олар не үшін қолданылады? | - шаруалардың тізімі - шаруалардың аттары - орындалуы. - орындалу барысы | |
4 | Істерді орындау басымдылығына байланысты қандай 4 топқа бөлеміз? | - Маңызды әрі шұғыл - Маңызды, бірақ шұғыл емес - Шұғыл, бірақ маңызды емес - Шұғыл да, маңызды да емес | |
5 | Демалысты ұйымдастырудың қандай түрлерін білесіз? | - Күніне кеміне 7 сағат ұйықтау керек. - Дұрыс және уақытылы тамақтану. - Жұмыс арасында 10 – 15 минут бой жазып тұру керек. - Табиғат аясына шығып тұру. - Саяхат құру. | |
6 | Не себептен уақытты тиімді пайдалану керек? | Табысқа жету үшін адам өз уақытын дұрыс пайдалана білуі керек. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?