Уақыт неге зымырайды? Қазақ тілі (орыс сыныбы), 7 сынып, дидактикалық материал.
Уақыт неге зымырайды?
О5. Қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді оқу
7.О5. Қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді кесте, диаграмма, сызба, шартты белгілер түрінде ұсыну.
№ | Жетістік критерийлері | 5 | 4 | 3 |
1 | Ақпаратпен жұмыс істей алуы | Ақпаратты өзіне қатысты өңдей алды. | Ақпаратты талдай алды. | Ақпаратты іріктей алды. |
2 | Ақпаратты сызба түрінде ұсына алуы. | Ақпаратты салыстырмалы сызба түрінде ұсынды (3 категорияда). | Ақпаратты сызба түрінде ұсынды. | Мәтіннің мазмұнын шартты белгілермен берді. |
Тапсырма:
Жаңа сөздермен жұмыс; 10 минут
Мәтіннің мазмұнымен танысыңыз; 5 минут
Ақпарат мазмұнын талдаңыз; 5 минут;
Ақпаратты өзіңізбен салыстырып бағалаңыз; 3 минут;
Ақпарат талдауы бойынша сызба дайындаңыз. 7 минут.
Жұмысыңызды жұпта, топта, сыныпта қарастырыңыз. 5 минут.
Сөз | Синоним | Антоним |
бөлек | оңаша, оқшау, дербес, жеке | Бірге |
босқа | Бекеpге, текке | |
мезгіл | уақыт | |
өлшеулі | мөлшеpлi, санаулы | өлшеусіз |
рәсуа қылу | Ысыpап қылу, шығын қылу | үнемдеу |
ұры | Өзгенің затын рұқсатсыз алатын адам | |
есептеу | санау | |
сүріндіру | құлату | Қолдау, көтеру |
ес білген сәті | Ақыл кірген уақыт | |
саналы | Ойлы, зерделі | Ықтиярсыз, амалсыз |
адам бойына сіңуі | әдет болып кету; қалыптасып кету; дағдыға айналу | Адамның |
төрелік | арбитраж | |
есейту | сақайту | |
ескірту | көнерту, тоздыру | жаңарту |
қуаныш | қайғы | |
ем | дауа | ауру |
қолынан бәрі келеді. | Бәрін жасай алады | қолынан ештеңе келмейді. |
өзгерту | құбылту | |
бағамдау | байқау, аңдау, аңғару | |
ғұмыр | өмір | Өлім |
қысқа | Ұзын | |
қартайған | Жасарған | |
ардақтау | қастерлеу | Қинау |
сенделу | сандалу, тентіреу, бос жүру | Тірлік ету, жұмыс істеу |
борыш | парыз | |
өтеу | қайтару | |
жіктеу | бөлу | топтастыру |
жарысу | Сайысқа түсу | |
айқын | анық | Белгісіз, екіұшты |
мақсат | нысана | |
іс тындыру | Жұмыс бітіру | Бос жүру |
құлшыну | талпыну | Енжар болу |
табыс | Нәтиже, жетістік | Шығын |
Мол, таусылмас | Көп, артық | Аз |
біртіндеп | Ақыpын, жайлап, бipте-бipте | Бірден |
өрлеп шығу | көтерілу | Төмендеу |
бас имеу | рухты болу | Берілу |
белін бекем буу | Дайындалу | |
жалығу | зерігу | Қызығу |
алдау | Өтірік айту | Шындықты айту |
жалқау | Еңбекқор | |
әдет | дағды | |
жұқтыру | ||
олқылық | кемшілік | артықшылық |
жомарт | мырза | сараң |
қолы ұзын | Бәріне мүмкіндігі келетін | |
шаруа | іс | |
менсінбеу | кемсіну | құрметтеу |
арлану | намыстану | Мақтан тұту |
іс жүзінде | шындығында | |
оңды | жақсы | жаман |
опық жеу | өкіну, қынжылу, қиналу | масайрау |
арпалысу | күресу | |
кесіп айту | Нақты айту | болжау |
тетік | кілт | |
игеру | меңгеру |
Уақыт – біздің өміріміз.
Уақыт өмірімізден бөлек емес, уақыт пен өмір арасындағы байланыс өте тығыз. Уақытты босқа өткізу – мезгілі өлшеулі, құны өлшеусіз өз өмірімізді рәсуа қылу.
Кейбір адамдар уақытты өміріміздің ұрысы деп есептесе, бірі уақытты ұлы ұстаз дейді. Уақыт адамды сүріндіреді де, көтереді де. Адамның ес білген сәтінен бастап саналы әрекет етуіне әсер ететін отбасындағы тәрбие, тәрбиенің адам бойына сіңуіне әсер ететін уақыт пен оның төрелігі. Уақыт – өмір, ол өзі адамды есейтеді. Бір ғажабы: уақыт жаңа нәрсенің бәрін ескіртеді екен. Сыйлаған қуанышы мен қайғысының төрелігін өзі беріп, емін де өзі жасайды.
Адамның қолынан бәрі келеді. Біз біраз нәрсені жасап өзгерте аламыз. Тек уақытты емес. Біз уақытқа ешқашан әсер ете алмаймыз. Адам өмірге бір-ақ рет келетін қонақ екен. Тіршіліктің басы мен аяғына бағамдай қарасаңыз, адам өмірінің алтын дәуірі, нәтижелі, мағыналы, саналы ғұмыры тіпті қысқа. Адамның балалық шағындағы жиырма жылы мен қартайған тұсындағы қырық жылын шығарып тастасаңыз, оның мағыналы, мәнді ғұмыры, алтын дәуірі тек қырық жыл ғана болмақ. Оны алтындай ардақтап, оңды пайдалана алған зерделі жандар артына мәңгілік із қалтырып кетеді, ал өмірін сенделіп өткізетін зердесіз жандар өзінің адамдық, азаматтық борышын да өтей алмай, артына ешбір із қалдыра алмай кетеді.
Дүниеге уақыт және өмір тұрғысынан талдау жасап, адамдарды уақытты қадірлейтіндер және уақытты қадірлемейтіндер деп екі үлкен топқа жіктеуге болады.
Бірінші, уақытты қадірлейтіндер. Мұндай адамдар уақытпен жарысады. Оларда қандай іске болмасын алдын-ала дайындаған айқын мақсаты мен нысанасы, соған жету үшін белгілеген жоба-жоспары, соған сай өзіне қойған қатаң талабы болады. Олар күн мен сағатты, минут пен секундты санап, соған сай іс тындыруға құлшынады. Олардың тұрмысы әрқашан ретті, жинақы болады, күндер өте таудай табыс, мол нәтиже туындайды. Себебі олар әртүрлі іске біртіндеп даму заңдылығы бойынша талдау жасап, көздеген шыңына бағытталған қадамын зор сеніммен бастап, өз биігіне бір-бір қадамнан өрлеп шығуға, жолда кездесетін қиындыққа бас имеуге белін бекем буады.
Екінші, уақытты қадірлемейтіндер. Мұндай адамдар өз өміріне алдын-ала айқын мақсат-нысана қоя білмейді. Бұлардың көбі өмірін артық ұйқы, орынсыз күлкімен өткізеді, не болмаса өмірін жалығумен, зерігумен, өзін алдаумен болады. Олар еңбек етуді, ғылым-білім үйренуді қаламайтын жалқау болып, жаман әдеттерді өзіне тез жұқтырады. Қоғамдық өмірде сол жағымсыз әдеттерінен тиісті жазаларын да алады, бірақ одан сабақ қабылдамайды. Ең жаманы бұлардың көбі өзіндегі олқылықты өз басынан емес, өзгеден іздейді. Өздері қоңырқалта кедей болғанына қарамай, өзін ақылды, қолы ұзын, жомарт, мырза етіп көрсетуге тырысады. Ол өзгелер істеп жүрген шаруаны менсінбей, онымен айланысудан арланған бейне байқатады, іс жүзінде әлгі шаруаны істеу оның қолынан келмейді. Бірақ, қолынан іс келмей құр сенделіспен жүргеніне арланбайды. Бұндай адамдар өздерінің тіршілік дағдысын әрқашан оңды санап, оны өзгертуді ойлап та қоймайды. Олардың ғұмыры өз отбасына алапат дерт, қоғамдық ортасына ауыртпалық болады. Осылайша, бұндай адамдардың өмірі мән-мағынасыз, түбінде опық жеумен арпалысады.
Адам өмірінің мезгілмен байланысты үш шағы болады, ол өткен шақ, осы шақ, келер шақ. Өткен шағымыз енді оралмасқа кетті, ал осы шағымыз қолымызда, келер шағымыз тез жетіп келеді. Оны алдын ала кесіп айтуымыз да мүмкін емес. Сонда мәселенің тетігі – осы шақты игере білуіңізде. Әрбір осы шақты мықты игеруіңізден тұтас ғұмырыңызға жетерлік таусылмас байлық, ырыс, өміріңізге қажетті күш-қуат, ақыл-парасат табасыз.
http://massaget.kz/okushyilarga/uy_tapsyirmasyi/42728/
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?