Уақыт неге зымырайды? Қазақ тілі (орыс сыныбы), 7 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Сабақ : № 12

Мектеп: Қарағанды қ. ХББ НЗМ

Күні:

Мұғалім: Жусупова А.А., Омирбекова Д.Ш.

Сынып: 7L2

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Уақыт неге зымырайды?

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

О5. Қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді оқу

7.О5. Қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді кесте, диаграмма, сызба, шартты белгілер түрінде ұсыну.

Сабақ мақсаты:

Оқушылардың барлығы

Ақпаратты іріктей алды.

Мәтіннің мазмұнын шартты белгілермен берді.

Оқушылардың көпшілігі

Ақпаратты талдай алды.

Ақпаратты сызба түрінде ұсынды.

Оқушылардың кейбірі

Ақпаратты өзіне қатысты өңдей алды.

Ақпаратты салыстырмалы сызба түрінде ұсынды.

Құндылықтарды игерту:

Өзіне және өзгелерге құрмет мұғалім мен оқушылардың бір-бірімен амандасуында, сыпайы, ойын ашық білдіріп, тыңдауда, сабақты уақытында бастап, аяқтауда, тапсырмаларды нұсқалық бойынша орындауда, бір-біріне қолдау көрсетуінде көрініс табады. Патриотизм мен азаматтық жауапкершілік уақытты пайдамен өткізу қажеттігін түсіну арқылы жүзеге асырылады. Өмір бойы оқу қағидасы ақпаратты өздігінен табу, сабақ мақсатын білуде, кері байланыс беруде, рефлексия жасауда, алған білімінің практикалық мәнін түсінуде көрініс табады. Ашықтық оқушыларға ақпаратты алуында бірдей мүмкіндіктер беруде, сабақ мақсатын бірге құрастыруда, бағалау мен кері байланыс беруде, бірнеше көзқарастың бар екенін түсінуде орын алады. Еңбексүйгіштік жұмыс орынын таза сақтауда, оқушылардың белсенді жұмысында, ал шығармашылық жаңа идеяларды ұсынуда көрініс табады.

Пәнаралық байланыс:

Әлеуметтану

АКТ-ны қолдану дағдылары:

PowerPoint таныстырылымы

Тілдік мақсаттар:

Оқушылар:

Тұрақты тіркестермен танысып, мағынасын ашады.

Пән лексикасы және терминология:

Арнайы сөздік берілген.

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

Мәтінде «_______» туралы ақпарат берілген. Мазмұны бойынша «________» адамдар санаты мысалға келтірген. Менің ойымша, мен ______ санатқа жатамын. Себебі _______________ .

Осыған дейін меңгерілген білім

«Күн тәртібі – уақыт тиімділігін арттыру кепілі» тақырыбында презентация дайындалды.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақ басы

5 мин

Қызығушылықты ояту үшін миға шабуыл.

Сурет бойынша лексикалық тақырыпты болжайды.

Тақырыпқа ену үшін сұрақтарды жұпта талдайды:

Адамның өз өмірінде үлкен жетістіктерге жетуі немен байланысты деп ойлайсыз?

Мақсатқа жетудің қандай стратегияларын білесіз?

Сіз өзіңізге қандай мақсат қойдыңыз, оны қандай жоспармен іске асырып жатырсыз?

Оқу мақсатымен, тілдік мақсатпен танысады;

Жетістік критерийлерін болжайды;

Жетістік критерийлерімен танысады.

Слайд 1-5

Сабақ ортасы

10 минут

10 минут

10 минут

5 мин

Тапсырма:

Жаңа сөздермен жұмыс (Сөздік алдын-ала үйге жаттауға беріледі. Сөздік жұмысты жарыс, ойын түрінде өткізуге болады. Мысалы: 1-топ сөзді айтады, 2-топ оның синонимі мен антонимін айтады; Оқушылар шеңберде тұрады, бір оқушы сөз айтып доп лақтырады, ұстаған адам оның синонимін айтады; Тақтаға көп сөз жазып жарысады);

Мәтіннің мазмұнымен танысыңыз;

Ақпарат мазмұнын талдаңыз;

Ақпаратты өзіңізбен салыстырып бағалаңыз;

Ақпарат талдауы бойынша сызба дайындаңыз.

Жұмысыңызды жұпта, топта, сыныпта қарастырыңыз.

Слайд 6

Сабақ соңы

5 мин

Рефлексия. Оқушылар қиық қағаздарға жазып береді.

Сабақта маған не пайдалы болды?Сабақта маған не қызықты болды?Сабақта маған не қиын болды?

Слайд 7

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциация үш түрде іске асады:

1- үлгерімі төмен оқушыларға қолдау жұптық жұмыста үлгерімі жақсы оқушылар тарапынан көрсетіледі.

2 –оқушылардың тапсырмасынан күтілетін нәтиже дифференциацияланған.

Оқушылар бір-бірін дискрипторлар тұсына «+» белгісін қоя отырып, бағалайды. Сол арқылы кері байланыс беріледі.

Сабақ философияға қатысты болғандықтан, белсенді азаматтық позициясын қалыптастыруға септігін тигізеді. Сабақта оқушылардың өміріне қауіпті ештеңе пайдаланылмайды. PowerPoint таныстырылымы, аудиофайл тыңдау үшін компьютер қолданылады.

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырылды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды?

Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме?

Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба?

Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақ талаптарға сай өтті. Оқушылар сөздік қорын молайтты. Жұпта бір-біріне қолдау көрсетіп, қарым-қатынас жасады.

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2..

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу