Уақыт және мен. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 7 сынып, презентация.


Сынып жұмысы

Лексикалық тақырып:

Уақыт және мен

Оқу мақсаты

А4. Мәтіннің негізгі аспектілерін анықтау және талқылау

7.А4. Шығармадағы кейіпкерлерге автор берген мінездеменің тілдік құралдарын талдау.

Бағалау критерийлері

Оқушылардың барлығы

Мысалдардан көркемдеуіш құралдың 5 түрін дұрыс анықтады.

Өлеңнің тақырыбын тапты.

Өлеңнің көркемдік құралдарын тапты.

Оқушылардың көпшілігі

Мысалдардан көркемдеуіш құралдың 10 түрін дұрыс анықтады.

Өлеңнің идеясын тапты.

Өлеңнің көркемдік құралдарының мәнін ашты.

Оқушылардың кейбірі

Мысалдардан көркемдеуіш құралдың 15 түрін дұрыс анықтады.

Өлеңнің автордың уақытқа берген мінездемесін ашты.

Өлеңнің көркемдік құралдарының қызметін талдады.

Викторина: үзіндінің көркемдік құралын анықтаңыз

Ақын – от, лаулап жанар аспанға өрлей.

(М. Жұмабаев)

Жауабы: метафора, себебі автор ақынды отқа ұқсатып тұр. Екеуінің ортақ белгісі аспанға ұмтылу. Аспан – идеалдың символы. Метафора тұтас ұғымдарды қатар қойып, бейнелеп көрсетеді.

Викторина: үзіндінің көркемдік құралын анықтаңыз

«Арыстан еді Исатай». (Махамбет)

Жауабы: метафора, себебі автор Исатайды арыстанға ұқсатып тұр. Екеуінің ортақ белгісі батылдығы. Арыстан – батылдықтың символы.

Викторина: үзіндінің көркемдік құралын анықтаңыз

«Сөз бақпаған момын ағайынның бәрi де Қодарды қараламады». (М.Әуезов).

Жауабы: Осы үзiндiдегi «қараламады» деген eтicтiк метафоралық тәсiлмен өзiнiң тiкелей мағынасынан шығып, стильдiк жаңа ұғымда жасалған. Метафораның ең басты стильдік ерекшiлiгi – ойды бейнелi жеткiзетiндiгi.

Викторина: үзіндінің көркемдік құралын анықтаңыз

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,

Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.

Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,

Басқан жері сықырлап, келіп қалды. (Абай).

Жауабы: Кейіптеу, себебі автор қысты жандандырып, құда кейпінде суреттеп тұр.

Викторина: үзіндінің көркемдік құралын анықтаңыз

Жел - тым тентек бір бала,

Жан сүйгені - cap дала,

Дамыл алмай жүгіред.

Жауабы: Кейіптеу, себебі автор желді жандандырып, бала кейпінде суреттеп тұр.

Викторина: үзіндінің көркемдік құралын анықтаңыз

Ақпа құлаққа айтсаң, ағып кетер,

Құйма құлаққа айтсаң, құйып алар (Мақал).

Жауабы: метонимия. Себебі «ақпа құлақ» «ұғымсыз» мағынасын, «құйма құлақ» «ұғымтал», «зерек» мағынасын ауыстырып тұр.

Викторина: үзіндінің көркемдік құралын анықтаңыз

Қырда айқасты балға, орақ

Құшақтасты көп тұмақ!

Айғайласып тас атып,

Жабылды өңшең жұлма тон. (I. Ж.)

Жауабы: Бұл сөйлемдердегі метонимиялар — балға, орақ, көп тұмақ, жұлма тон. Бұлар, негізінен, зат атаулары, бірақ адамдар, кісілер, мағыналарында қолданылып тұр.

Викторина: үзіндінің көркемдік құралын анықтаңыз

Ал тағы бір кезде үй іші мәз-мәйрам болып отырғанда, жабырқап, түнеріп, мең-зең боп үндемей қалатын да әдеті бар, үй іші осы әзілмен ілесе тегіс Әйгерімге қарады. (М. Ә.)

Жауабы: Бұл сөйлемдердегі метонимиялар — үй іші. Бұлар, негізінен, зат атаулары отбасында отырған туған-туыс мағыналарында қолданылып тұр.

Викторина: үзіндінің көркемдік құралын анықтаңыз

Осылардың ішіндегі шебері – анау жез мұрт.

Жауабы: синекдоха. Себебі жез мұрт адам орнына жұмсалып тұр, бүтіннің орнына бөлшекті қолданып тұр.

Отыз тістен шыққан сөз отыз рулы елге жайылады.

Жауабы: синекдоха. Себебі отыз тіс көп адам мағынасында айтылып, бүкіл елге жайылатынын мезгеу болады. 

Викторина: үзіндінің көркемдік құралын анықтаңыз

Қазақта қасқыр да көп, түлкі де көп,

Алайда, жіп тақпаймыз ешкімге деп,

Сөз жүгіртіп шағыстырған қасекеңдер

Түлкіге қалып жатыр күлкі де боп.

Ауырған арыстан»)

Жауабы: Аллегория (пернелеу). Себебі адамдар арасындағы қатынастарды астарлап жануарлар әрекетімен көрсетеді.

Викторина: үзіндінің көркемдік құралын анықтаңыз

Ызыңдап, ұшқан мынау біздің маса,

Сап-сары, аяқтары ұзын маса.

Өзіңе біткен түсі өзгерілмес,

Дегенмен, қара яки қызыл маса.

Үстінде ұйықтағанның айнала ұшып,

Қаққы жеп қанаттары бұзылғанша.

Ұйқысын аз да болса бөлмес пе екен,

Қоймастан құлағына ызыңдаса? (А.Байтұрсынов)

Жауабы: Аллегория. себебі «ызыңдап, ұшқан мынау біздің маса» — автордың өзін астарлы бейнелеп, «үстінде ұйықтағанның айнала ұшып», қоғамның енжар, жалқау, ұйқыдағы күйден оятуын көрсетеді.

Викторина: үзіндінің көркемдік құралын анықтаңыз

«Айтатұғын жөнім бар,

Ишанға не десем де,

Жұмаққа тура бастайтын,

Ел серкесі көсемге» (Абай)

Жауабы: ирония. Себебі ишанның теріс қылықтарын «жұмаққа тура бастайтын» деп әшкерелейді.

Викторина: үзіндінің көркемдік құралын анықтаңыз

«Шыбықтай жігіт шығар өңі нұрлы,

Өнері өзің теңдес сегіз қырлы.

Шеберден мін алатын мініскерсің,

Ер шығар тоты құстай неше түрлі» (Біржан)

Жауабы: ирония. Себебі Жиенқұлдың кемшілігін тоты құсқа теңеп, мысқалдайды.

Викторина: үзіндінің көркемдік құралын анықтаңыз

Қарыңды қағып - су қылдым,

Суыңды сілкіп - бу қылдым.

Түтініңмен таң атқыздым.

Жеріме жұлдыз жаққыздым (Т. Жароков)

Жауабы: Гипербола (ұлғайту) – затты не құбылысты шамадан тыс ұлғайтып көрсету.

 

«Аққан жасы сел болған,

Етегі толып көл болған...»

Жауабы: Гипербола (ұлғайту) – затты не құбылысты шамадан тыс ұлғайтып көрсету.  

Викторина: үзіндінің көркемдік құралын анықтаңыз

«Ойпаң-ойпаң жерлердің

Ат шалар оты қалмады», -

Жауабы: екі жолдың соңғысы - литота. Себебі затты не құбылысты кішірейтіп көрсетіп тұр.

Дария шалқар көлеміз

Жер болып қалған суалып.

Жауабы: екі жолдың соңғысы - литота. Себебі затты не құбылысты кішірейтіп көрсетіп тұр.

Викторина: үзіндінің көркемдік құралын анықтаңыз

Жолығысу сағаттары

Қалайынша өтті тез.

Қара түнде шамдай жанған

Қарсы алдымда отты көз

Жауабы: Теңеу. Себебі отты көз (синекдоха) жарық шаммен салыстыра суреттеген.

Алтын күнді, қара жерді сағындым,

Жан-жолдасым – жүйрік желді сағындым. (М.Жұмабаев).

Жауабы: Эпитет (айқындау) – күннің ақын үшін айрықша сипатын алтын суретті сөзі арқылы білдіреді.

Викторина: үзіндінің көркемдік құралын анықтаңыз

Көресің кей адамды

Түн секілді қараңғы.

Жүреді ылғи туғызып

Басыңа ақыр заманды.

Көресің кей адамды –

Жұлдызға жол салады,

Күн секілді жанарлы,

Таң қалдырып ғаламды.

Жауабы: Теңеу. Себебі адамды күнмен және түнмен салыстыра суреттеген.

Тапсырма

Алмас Темірбайдың өлеңін оқыңыз;

Өлеңнің мәтін жұпта талқылаңыз;

Өлеңдегі көркемдеуіш құралдарды табыңыз;

«Қар кесегі» әдісі бойынша жауаптарыңызды тексеріңіз.

Рефлексия

Сабақта маған не пайдалы болды?

Сабақта маған не қызықты болды?

Сабақта маған не қиын болды?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу