Уақыт және мен. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 7 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары
Сабақ : № 14 | Мектеп: Қарағанды қ. ХББ НЗМ | |||||
Күні: | Мұғалім: Жусупова А.А., Омирбекова Д.Ш. | |||||
Сынып: 7L2 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | ||||
Сабақтың тақырыбы: | Уақыт және мен | |||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: | А4. Мәтіннің негізгі аспектілерін анықтау және талқылау 7.А4. Шығармадағы кейіпкерлерге автор берген мінездеменің тілдік құралдарын талдау. | |||||
Сабақ мақсаты: | Оқушылардың барлығы Мысалдардан көркемдеуіш құралдың 5 түрін дұрыс анықтады. Өлеңнің тақырыбын тапты. Өлеңнің көркемдік құралдарын тапты. Оқушылардың көпшілігі Мысалдардан көркемдеуіш құралдың 10 түрін дұрыс анықтады. Өлеңнің идеясын тапты. Өлеңнің көркемдік құралдарының мәнін ашты. Оқушылардың кейбірі Мысалдардан көркемдеуіш құралдың 15 түрін дұрыс анықтады. Өлеңнің автордың уақытқа берген мінездемесін ашты. Өлеңнің көркемдік құралдарының қызметін талдады. | |||||
Құндылықтарды игерту: | Өзіне және өзгелерге құрмет мұғалім мен оқушылардың бір-бірімен амандасуында, сыпайы, ойын ашық білдіріп, тыңдауда, сабақты уақытында бастап, аяқтауда, тапсырмаларды нұсқалық бойынша орындауда, бір-біріне қолдау көрсетуінде көрініс табады. Патриотизм мен азаматтық жауапкершілік уақытты пайдамен өткізу қажеттігін түсіну арқылы жүзеге асырылады. Өмір бойы оқу қағидасы ақпаратты өздігінен табу, сабақ мақсатын білуде, кері байланыс беруде, рефлексия жасауда, алған білімінің практикалық мәнін түсінуде көрініс табады. Ашықтық оқушыларға ақпаратты алуында бірдей мүмкіндіктер беруде, сабақ мақсатын бірге құрастыруда, бағалау мен кері байланыс беруде, бірнеше көзқарастың бар екенін түсінуде орын алады. Еңбексүйгіштік жұмыс орынын таза сақтауда, оқушылардың белсенді жұмысында, ал шығармашылық жаңа идеяларды ұсынуда көрініс табады. | |||||
Пәнаралық байланыс: | Әлеуметтану | |||||
АКТ-ны қолдану дағдылары: | PowerPoint таныстырылымы, аудио мәтін | |||||
Тілдік мақсаттар: | Оқушылар: Тұрақты тіркестер мен тура мағынадағы сөздер ерекшелігі. Пән лексикасы және терминология: Көркемдеуіш құралдар терминологиясы. Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: Өлеңде келтірілген «_______» сөзі/тіркесі «________» жатады. Себебі оның мақсаты - _______________ жеткізу. | |||||
Осыған дейін меңгерілген білім | «Уақыт неге зымырайды?» тақырыбында шырайларды қолданды. | |||||
Жоспар | ||||||
Жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер | ||||
Сабақ басы 3 мин | Қызығушылықты ояту үшін миға шабуыл. Оқу мақсатымен, тілдік мақсатпен танысады; Жетістік критерийлерін болжайды; Жетістік критерийлерімен танысады. | Слайд 1-4 | ||||
Сабақ ортасы 20 мин 20 мин | Тапсырма: Көркемдеуіш құралдарды қайталау мақсатында, оқушыларға көркем шығармалардан үзінді беріледі. Оқушылар оның тілдің көркемдік құралдарынан қай түрі екенін анықтап, оның себебін түсіндіреді.
| Слайд 5-21 Слайд 22 Дидактикалық материалдар №2 | ||||
Сабақ соңы 2 мин | Рефлексия. Оқушылар қиық қағаздарға жазып береді. Сабақта маған не пайдалы болды?Сабақта маған не қызықты болды?Сабақта маған не қиын болды? | Слайд 23 | ||||
Қосымша ақпарат | ||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | ||||
Дифференциация үш түрде іске асады: 1- үлгерімі төмен оқушыларға қолдау жұптық жұмыста үлгерімі жақсы оқушылар тарапынан көрсетіледі. 2 –оқушылардың тапсырмасынан күтілетін нәтиже дифференциацияланған. | Оқушылар бір-бірін дискрипторлар тұсына «+» белгісін қоя отырып, бағалайды. Сол арқылы кері байланыс беріледі. | Сабақ философияға қатысты болғандықтан, белсенді азаматтық позициясын қалыптастыруға септігін тигізеді. Сабақта оқушылардың өміріне қауіпті ештеңе пайдаланылмайды. PowerPoint таныстырылымы, аудиофайл тыңдау үшін компьютер қолданылады. | ||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырылды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? | Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз. | |||||
Жалпы баға Сабақ талаптарға сай өтті. Оқушылар сөздік қорын молайтты. Жұпта бір-біріне қолдау көрсетіп, қарым-қатынас жасады. Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1. 2.. Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1. Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?