Ұлттар арасындағы достық неден басталады? М. Мағауин «Бір атаның балалары» (үзінді). Қазақ тілі (орыс сыныбы), 5 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

САБАҚ: Қазақ тілі мен әдебиеті

Мектеп: Павлодар қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: М.Д.Сапарғали

Сынып: 5 Т2

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім атауы

Қазақстандағы ұлттар достастығы

Сабақтың тақырыбы

Ұлттар арасындағы достық неден басталады?

М. Мағауин «Бір атаның балалары» (үзінді)

Сабақтың түрі

Дағдыларды дамыту сабағы

Жүзеге асатын оқу мақсаттары

Ж2.Эссе құрылымын сақтай отырып, адамды, табиғатты, белгілі бір оқиғаны сипаттап жазу.

ТБ1.5. Болымды, болымсыз етістіктерді ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану

Сабақтың мақсаты

Эссе құрылымын сақтай отырып, эссе жазуға дағдыландыру.

Болымды, болымсыз етістіктерді орынды қолдана білуге үйрету.

Барлық оқушылар:

Үзіндісінің мазмұнын түсінеді. Лексикалық минимумды орынды қолданып, эссе жазады. Болымсыз етістіктің жасалу жолын біледі.

Көптеген оқушылар:

Эссе құрылымын сақтап жазады. Адамды, бір оқиғаны сипаттап жазады. Эссе жазуда болымды, болымсыз етістіктерді орынды қолданады.

Кейбір оқушылар:

Үзіндіден аргументтер келтіре отырып, оқиғаны сипаттап эссе жазады. Мәселеге өз көзқарасын білдіріп, баға бере алады.

Бағалау критерийлері

  • Эссе құрылымын сақтап, сипаттап жазады
  • Болымды, болымсыз етістіктерді орынды қолданады.

Дескриптор

  • Эссенің құрылымын сақтайды.
  • Шығармадан дәлелдер келтіріп жазады.
  • Өз көзқарасын білдіріп, қорытынды ой айтады.
  • Болымды, болымсыз етістіктерді орынды қолданады.

Тілдік міндеттер

Лексикалық минимум

достық, бірлік, ынтымақ, ұлттар, көп ұлтты, өзге ұлт өкілі, нәсіл, татулық, сыйластық, қамқорлық, мейірімділік, жанашырлық, бауырмалдылық, бауырына басу, құрметтеу, көмектесу, өмір сүру, таныту, достасу, шаңырақ, қарым-қатынас.

Сөйлеу мәдениетін жетілдіру үшін қолдануға ұсынылған тілдік оралымдар

Менің ойымша, біріншіден, қорытындылай келе т.б.

Құндылықтар

Ашықтық. Сыйластық. Адами құндылықтар. Бауырмалдық, достастық, бірлік.

Осыған дейін меңгерілген білім

М. Мағауин «Бір атаның балалары». Үзіндімен танысып, мазмұнын білу. Кейіпкерлерге мінездеме беру.

Пәнаралық байланыс

Қазақ әдебиеті, тарих.

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

5 мин

Қызығушылығын ояту.

Суретке қатысты өз ойлары мен идеяларын жазады /1 мин/

Ықтимал жауаптар: достық, бірлік, ұлттар, көп ұлтты, татулық, сыйластық, құрметтеу, көмектесу, өмір сүру, шаңырақ, ынтымақ, достық, бейбітшілік, қарым-қатынас, нәсіл.

Жұпта бір-бірімен ойларымен бөліседі. Сынып болып талқылап, тақырыпқа шығады.

Оқу мақсаты және бағалау критерийлері, дескрипторлармен танысады.

Слайд № 1-4

Сабақтың ортасы

5 мин

3 мин

25 мин

5 мин

Мағынаны тану кезеңі

Жазылымалды тапсырма.

1-тапсырма

Сөздерді есте сақтау мақсатында тақтаға жазылады. 2-3 минут оқиды. Кейін өшіріп тасталады. Есте қалған сөздерін жазады.

Қамқорлық, мейірімділік, жанашырлық, бауырмалдылық, бауырына басу, нәсіл, өзге ұлт өкілі, құрметтеу, сыйлау, таныту, достасу.

2-тапсырма. Болымды етістіктерді болымсыз етістіктерге айналдырыңыз.

Нәсілге бөлу –

Құрметтеу –

Бауырмалдылық таныту –

Достасу –

Сыйлау –

Еркін сөйлеу -

Жазылым тапсырмасы.

Оқушылар шығармадан алынған үзінді негізінде «Ұлттар арасындағы достық неден басталады?» тақырыбында эссе (40-50 сөз) жазады.

Мұғалім сыныпты аралап бақылайды. Кейбір оқушыларға көмектеседі.

Үзіндіні үйде алдын-ала беріледі, мазмұнын біліп келеді.

 Сол күннен бастап Зигфридті ешкім сыртқа теппейтін болды. Өзі де ойынға тоймайтын бала екен. Таңертеңнен кешке дейін өзен бойында жүреді. Балалармен бірге у-шу боп суға түседі. Құмнан қорған соғады, балшықтан үй қалайды. Жапырақ желкен керіп, қамыстан қайық жасайды. Тас лақтырып қаймақ жалатады. Өтірік малтып, қақ ойнайды. Ақыры кешке үлкен жұмыс басынан келгендей, шаршап жығылады. Таң ата тағы кетеді.

 Үш-төрт аптаның ішінде аяғын күс басқан қара сирақ қара торы бала болды да шықты. Шашы ұстарамен алынған тақыр басы да қарақұйқа. Бірақ түр-тұлғасы әлі де бөлек. Тұнық көкпеңбек көзі, ақшыл сары кірпігі мен қасының өзінен бұл баланың бөтен нәсіл екені айқын танылатын. Әйткенмен, бұған жұрттың көзі үйреніп қалған еді. Көп ішінде бұрынғыдай андағайлап тұрмайтын сияқты. Тілі де біршама бастыққан.

 Балалардың арасынан жақын достар ғана емес, алты атадан, жеті атадан табысатын қандас туыстар да табылды. Ес білетін ересектерді, тіпті, Нарымбет ағаға тартқан деседі. Ахаңның үлкен ұлы Келімбет соғыста неміс әйелін алыпты, содан қалған бала екен деп те соғушылар болды. Әйтеуір көп ұзамай Зигфрид балалар мемлекетінің тең мәртебелі, хан сайлауға, «Айгөлек» ойнауға, алысуға, күресуге толық хақысы бар қатардағы азаматы боп шықты. Басқа балалармен қол ұстаса тұрып: «... пәленнің қу басы керек» - деп қыза айғайлайтын, иық тірестіре отырып «Хан жаман» деп еркін сөйлейтін дәрежеге жетті.

 Критерий:

  • Эссе құрылымын сақтайды:

1.Кіріспе бөлім

2.Негізгі бөлім

3.Қорытынды бөлім

  • Шығармадан дәлелдер келтіреді (Мысалы,...
  • Өз пікірін білдіреді (Біріншіден, екіншіден, қорытындылай келе ...)

Бағалау.

Оқушылар эсселерін оқиды. Бір-бірін бағалап, ұнаған тұстарын немесе ұсыныстарын айтады.

Мұғалім оқушыларға кері байланыс береді.

http://www.ikitap.kz/reader/muxtar_magauin_bir_atanyn_balalary#

М.Мағауин. «Бір атаның балалары»

20-22 бет

Сабақтың соңы

3 мин

Кері байланыс

Сұрақтарым бар ...

Есімде қалды ...

Түсінбедім ...

Түсіндім ...

Үйге тапсырма: Достық турал ы мақал-мәтелдер жаттау

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау, берілетін уақыт, қолданатын дерек көздеріне байланысты бөліп оқыту.

Топта бірлесіп оқыту.

Тапсырмалардың өзара байланысты болуына баса назар аударылады.

Жұмыс нәтижесі бағалау критерийлері мен дескриптор арқылы бағаланады.

Пәнаралық байланыс – тарих, қазақ әдебиеті.

Адами құндылықтар. Қазақстан – түрлі ұлттардың ортақ шаңырағы.

Мұғалім әр оқушыға өз пікірін білдіруге мүмкіндік береді.

Интерактивті тақта сабақ материалдарын демонстрациялау мақсатында қолданылады.

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақтың оқу мақсаттары жүзеге асты. Оқушылар белсенділік танытты. Оқу атмосферасы жағымды болды. Саралау принциптері жүзеге асты.

Келесі сабақта оқушылар жаттап келген мақалдарды тексеріп, ой бөліседі. Өзге халықтарда/тілдерде кездесетін мақалдың баламасын іздестіріп, қорытынды жасайды.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1: таңдалған ресурс көздері

2:топтық жұмыс

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1: жұптық жұмыс формасын қолдану

2: жоғары дәрежелі сұрақтардың қойылуы

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

Болымсыз етістіктердің тәжірибедегі дұрыс қолданысына көбірек көңіл бөлу.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу