Ырыс алды - ынтымақ. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 5 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

САБАҚ: Қазақ тілі

Мектеп: Павлодар қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі.

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: А.Ж. Копеев

Сынып: 5 Т2

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім атауы:

Қазақстандағы ұлттар достастығы

Сабақтың тақырыбы

Ырыс алды - ынтымақ

Сабақтың түрі

Дағдыларды қалыптастыру, білімді бекіту сабағы

Жүзеге асатын оқу мақсаттары

А5. Берілген сұрақты дұрыс түсініп, лайықты жауап беру, шағын диалогке қатысу.

ТБ1.5.Болымды, болымсыз етістіктерді ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану.

Сабақтың мақсаты

Графиктік мәтінді негізге ала отырып, сұрақтарға жауап береді, сөйлеу кезінде болымды және болымсыз етістіктерді қолданады.

Барлық оқушылар:

Білу, түсіну деңгейінде жауап бере алады.

Көптеген оқушылар:

Бағалау деңгейіндегі сұраққа жауап бере алады.

Кейбір оқушылар:

Жасау деңгейіндегі тапсырманы орындай алады.

Бағалау критерийлері

  • мәселеге өз көзқарасы мен пікірін білдіреді;
  • ауызша сөйлеу кезінде болымды және болымсыз етістіктерді қолданады;
  • бес жолды өлең құрастырады;
  • суреттегі негізгі мәселені анықтайды;
  • тақырыпқа қатысты сөздерді қолданады.

Тілдік міндеттер

Ынтымақ, халық, достық, бірлік, бейбіт әлем, құрметтеу, сыйлау, толеранттылық және т.б.

Құндылықтар

қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік, ашықтық, құрмет

Осыған дейін меңгерілген білім

Тақырыбы: Бірлігі жарасқан ел

Өткен сабақта оқушылар жазылым дағдыларын дамытты және жіктеу, сілтеу есімдіктері туралы білімдерін кеңейтті.

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

5 мин

Ұйымдастыру кезеңі.

Мұғалім оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Оқушыларға «Достық байланыс» атты бейнебаян көрсетіледі. Осының негізінде тақырыпты анықтайды.

https://www.youtube.com/watch?v=nzF43Ir77Ko

Мұғалім оқушыларға оқу мақсаты мен бағалау критерийлерін таныстырады.

https://www.youtube.com/watch?v=nzF43Ir77Ko

Слайд №1-2

Сабақтың ортасы

8 мин

5 мин

19 мин

Мағынаны тану.

1. Оқушыларға «ынтымақ» сөзіне қатысты кестені толтыру тапсырылады.

Ынтымақ

1 синоним

2 сын есімді тіркес

3 етістікті тіркес

4 сөзден тұратын сөйлем құрау

2. Осы тапсырманың негізінде оқушылар топқа бөлінеді:

Тек 1-тапсырманы орындағандар 1-топқа;

Тек 2-тапсырманы орындағандар 2-топқа;

Тек 1-2-3 тапсырманы орындағандар 3-топқа;

Барлық тапсырманы орындағандар 4-топқа бөлінеді

3. Мұғалім оқушылардың болымды және болымсыз етістіктер туралы алған білімдерін тексереді, қайталап еске түсіреді. Төмендегі кестені толтыруға береді.

Болымды

Болымсыз

Болымды

Болымсыз

болу

сыйламау

бағаламау

нығаю

құрметтеу

тұрмау

дамымау

сақтау

4. Топтағы оқушылар сурет бойынша сұрақтарға жауап береді. Ауызша сөйлеу кезінде болымды және болымсыз етістіктерді пайдалану керектігі ескертіледі.

Кілтті сөздер: бірлік, достық, тату-тәтті, бір шаңырақ астында, жарасымды, татулық, береке, молшылық, тыңдау, араласу, үлгі-өнеге

1-топқа «білу» деңгейіндегі сұрақ: Суретте не бейнеленген?

2-топқа «түсіну» деңгейіндегі сұрақ: Халықтардың достығы не үшін керек?

3-топқа «бағалау» деңгейіндегі сұрақ: Қазақстанда бір шаңырақтың астында 100-ден астам ұлт өкілдерінің тату-тәтті өмір сүріп жатқанына қандай баға бересіз?

4-топқа «жасау» деңгейіндегі тапсырма: «Халықтар достығы – ұлт болашағы» тақырыбында постер жасап, қорғаңыз.

Бағалау критерийлері:

1. Өз көзқарасы мен пікірін білдіреді

2. Болымды және болымсыз етістіктерді қолданады

3. Кілтті сөздерді қолданады

Ф. Бағдаршам әдісі арқылы бағалайды.

Қима қағаз

Сабақтың соңы

3 мин

Кері байланыс

Оқушылар 3-2-1 әдісі арқылы кері байланыстарын береді.

3-жаңа сөз/ақпарат

2-тілек

1- ұсыныс

Үйге тапсырма: «Бірлігі жарасқан қазақ елі» тақырыбында постер жасау. Оны қорғауға дайындалу.

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау, берілетін уақыт, қолданатын дерек көздеріне байланысты бөліп оқыту.

Топта бірлесіп оқыту.

Оқушының барлығы Білу, түсіну деңгейінде жауап бере алады.

Оқушылардың көбісі Бағалау деңгейіндегі сұраққа жауап бере алады.

Кейбіреулері Жасау деңгейіндегі тапсырманы орындай алады.

Тапсырмалардың өзара байланысты болуына баса назар аударылады.

Жұмыс нәтижесі жетістік критерийлері арқылы бағаланады.

Пәнаралық байланыс – тарих, география.

Туған жері мен елін сүю.

Интерактивті тақта сабақ материалдарын демонстрациялау мақсатында қолданылады.

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ/оқу мақсаттары жүзеге асты. Оқушылар белсенділік танытты.

Оқу атмосферасы жағымды болды. Саралау принциптері жүзеге асты.

Оқушылыар жоспарланған уақыт ішінде жұмыс жасады. Жоспарға өзгерістер енгізілмеді..

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1: Болымды және болымсыз етістік кестесін толтырды

2: Сұраұтарға белесенді жауап берді

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1: Оқушылар Қазақстан елінің достастығы туралы ақпаратты көп білу

2: Блум таксономиясының барлық сұрақ деңгейлері қамтылса

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

Болымды және болымсыз етістіктерді жазба жұмыстарында қолдануға дағдыландыру..



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу