Қазақстан жері – ұлттар достығы мекені. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 5 сынып, дидактикалық материал.


Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар

Бағалау критерийлері:

Бейнематериал мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді.

Эссе жаза алады.

Дескрипторлар:

Эссе құрылымын сақтайды (кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды).

Болымды, болымсыз етістіктерді орынды қолданады.

1-тапсырма.

Бейнематериалды тамашаланып, жұптық талқылау жұмысы өтеді. Оқушылар бір-біріне сұрақтар қояды. Одан кейін топ ішінде талқылау жұмысын жүргізеді.

Сұрақтар:

Қазақстанда қанша ұлт өкілдері тұрады?

1 мамыр қандай мереке?

Қазақстан халқын мерекемен кім құттықтады?

Бірлікке қатысты қандай мақал-мәтелдер айтылды?

2-тапсырма.

Болымды етістіктерді болымсыз етістікке айналдыру. (тұрады, көмектеседі, айтады, өмір сүреді, достасады, жетеді, сақтайды)

3-тапсырма. Жеке жұмыс.

«Қазақстан жері – ұлттар достығы мекені» тақырыбы бойынша бейнематериалдың мазмұнын негізге ала отырып, эссе жазады.

(Эссе жазуда абзац құрылымын ескеру.

Абзац жазудың негізгі шарттары: Мәтіндер негізінен бірнеше абзацтан тұрады. Бір абзацта бір ой толықтай ашылып жазылады . Әр абзац тақырыптық сөйлемнен ,қолдаушы сөйлемнен және қорытынды сөйлемнен тұрады.Тақырыптық сөйлем – абзацтың негізгі идеясын көрсетеді.Қолдаушы сөйлемдер – тақырыптық сөйлемдегі ойды ашатын сөйлемдер. Қорытынды сөйлем – абзацтағы ойды қорытындылайтын сөйлем.)



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу