Қазақстан жері – ұлттар достығы мекені. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 5 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Қазақ тілі мен әдебиеті

Мектеп: Павлодар қаласындағы химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі.

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Р.Л. Даулеткалиева

Сынып: 5 Т2

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім атауы:

Қазақстандағы ұлттар достастығы

Сабақтың тақырыбы

Қазақстан жері – ұлттар достығы мекені

Сабақтың түрі

Дағдыларды бекіту сабағы

Жүзеге асатын оқу мақсаттары

Ж2.Эссе құрылымын сақтай отырып, адамды, табиғатты, белгілі бір оқиғаны сипаттап жазу

ТБ1. Сөз таптары. Болымды, болымсыз етістіктерді ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: Жаңа сөздерді меңгеріп, бейнематериалдың мазмұнын түсінеді.

Көптеген оқушылар: Берілген тақырыпқа байланысты эссе жазады.

Кейбір оқушылар: Жазылған эсселер бойынша өз пікірлерін білдіреді, талдай алады.

Бағалау критерийлері

Бейнематериал мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді.

Эссе жаза алады.

Дескриптор

Эссе құрылымын сақтайды (кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды).

Болымды, болымсыз етістіктерді орынды қолданады.

Тілдік міндеттер

Лексикалық минимум: достық, мәдениет, ұлттар достығы, 130-дан аса ұлттар мен ұлыстар, бір шаңырақ астында, Қазақстан Халықтары Ассамблеясы, 1мамыр- Қазақстан халқының бірлігі күні.

Сөйлеу мәдениетін жетілдіру үшін қолдануға ұсынылған тілдік оралымдар: менің ойымша, біріншіден, екіншіден, сондықтан, қорыта келе, т.б.

Құндылықтар

Халықтар достастығы

Пәнаралық байланыс

Қазақстан тарихы

Осыған дейін меңгерілген білім

Айтылым дағдысын дамытуға арналған мәтінмен жұмыс істеді. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап берді.

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

5 мин

1.Ұйымдастыру.

Сынып қабырғаларына бейнематериалға байланысты сөздер ілініп қойылады. Оқушылар айналып жүріп сөздермен танысады. Мағынасы түсініксіз сөздерді мұғалімнің көмегімен түсінеді.(ауызбіршілік, бірлік бар жерде, тірлік бар; ұлт өкілдері, татулық, сүттей ұйю,этномәдени орталықтар)

Сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлері, дескрипторлар талданады.

№1 слайд

Сабақтың ортасы

35 мин

Эссе жазуға дайындық жұмысы бейнематериал негізінде ұйымдастырылады.

1-тапсырма.

Бейнематериалды тамашаланып, жұптық талқылау жұмысы өтеді. Оқушылар бір-біріне сұрақтар қояды. Одан кейін топ ішінде талқылау жұмысын жүргізеді.

2-тапсырма.

Болымды етістіктерді болымсыз етістікке айналдыру. (тұрады, көмектеседі, айтады, өмір сүреді, достасады, жетеді, сақтайды)

3-тапсырма. Жеке жұмыс.

«Қазақстан жері – ұлттар достығы мекені» тақырыбы бойынша бейнематериалдың мазмұнын негізге ала отырып, эссе жазады.

(Эссе жазуда абзац құрылымын ескеру.

Абзац жазудың негізгі шарттары: Мәтіндер негізінен бірнеше абзацтан тұрады. Бір абзацта бір ой толықтай ашылып жазылады . Әр абзац тақырыптық сөйлемнен ,қолдаушы сөйлемнен және қорытынды сөйлемнен тұрады. Тақырыптық сөйлем – абзацтың негізгі идеясын көрсетеді.Қолдаушы сөйлемдер – тақырыптық сөйлемдегі ойды ашатын сөйлемдер. Қорытынды сөйлем – абзацтағы ойды қорытындылайтын сөйлем.)

ҚБ. Оқушылар жазған эсселерін оқиды. Мұғалім кері байланыс береді.

https://www.youtube.com/watch?v=TvoHbnzt5wg

1 мамыр – Қазақстан халқы үшін ерекше мереке

Сабақтың соңы

5 мин

Сабақты қорытындылау. Мұғалім оқушылардың кері байланыстарындағы ұсыныстарды келесі сабақта ескереді.

Сынып талқылауы: Жақсы эссе жаза алдық па?

Қандай қиындықтар болды?

Үйге тапсырма

М.Мағауиннің «Бір атаның балалары» шығармасын оқып келу.

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Барлық оқушылар: Жаңа сөздерді меңгеріп, бейнематериалдың мазмұнын түсінеді.

Көптеген оқушылар: Берілген тақырыпқа байланысты эссе жазады.

Кейбір оқушылар: Жазылған эсселер бойынша өз пікірлерін білдіреді, талдай алады.

Кері байланыс арқылы, яғни сұрақтар беру арқылы

Қазақстан тарихымен байланыс бар.

Интерактивті тақтадан бейнематериал көрсетілді.

Құндылығы Қазақстандағы ұлттар арасындағы достық, татулық туралы түсіктерін кеңейтті

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ мақсаттары жүзеге асты. Сынып атмосферасы жағымды болды.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу