Досы көпті жау алмайды. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 5 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

САБАҚ: Қазақ тілі

Мектеп: Павлодар қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі.

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: А.Ж.Казанбаева

Сынып: 5 Т2

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім атауы:

Қазақстандағы ұлттар достығы

Сабақтың тақырыбы

Досы көпті жау алмайды

Жүзеге асатын оқу мақсаттары

А3. Ауызша мәтіндер құрауда қазақ тіліндегі төл дыбыстардың дыбысталуын, үндестік заңын ескеріп айту.

О2. Хат, хабарлама, жарнама мазмұнын түсіну, стильдік ерекшелігін анықтау.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: Орфоэпиялық норманы сақтап ауызша сөйлемдер құрастырады.Жазба жұмысын орындайды.

Көптеген оқушылар: Орфоэпиялық норманы сақтай отырып, ауызша әңгіме құрастырады.Жазба жұмысын орындау барысында сөйлем құрылымына мән береді.

Кейбір оқушылар: Орфоэпиялық норманы сақтайды, ертегі, хат, сөйлем құрастырады. Сөздерді орынды қолданады.Жазба жұмысын орындау барысында стильдік ерекшелікті түсінеді, сөйлем құрылымын сақтап жаза алады.

Бағалау критерийлері

  • Орфоэпиялық норманы сақтап сөйлейді.
  • Сөздерді орынды қолданады.
  • Стиль ерекшелігін анықтайды.

Дескриптор

  • Сөйлем,ертегі құрастырғанда орфоэпиялық норманы сақтайды.
  • Сөздерді орынды қолданады.
  • Сөйлем құрылымын сақтайды.
  • Стиль ерекшелігін түсінеді.

Тілдік міндеттер

Адалдық, достық

Құндылықтар

Досқа адал болу,қиын сәтте қол ұшын беру

Осыған дейін меңгерілген білім

Ұлттар достастығы

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

3 минут

Қызығушылықты ояту. Тақырыпты анықтау. Ребус шешу.

, с , ық

Сабақтың мақсаты, бағалау критерийімен таныстыру.

Интербелсенді тақта

Слайд №1-3

Сабақтың ортасы

12 мин

11 минут

10 минут

2 минут

1-тапсырма. Жұптық жұмыс.Мұғалім оқушыларға екі түрлі сурет ұсынады. Олар сурет бойынша тақырыппен байланыстырып, 5 сөйлем құрастыру қажет.

Бағалау критерийі:

  • Орфоэпиялық норманы сақтап оқиды.
  • Сөйлем құрылымын сақтайды.
  • Достық туралы ой айтады.

Оқушылар бір-бірін жұлдызша сыйлау арқылы бағалайды. Оқушыларға сабақ басында жұлдызша таратылады.

2-тапсырма. Жеке жұмыс. «Адасқан әріптер» ойыны. Мұғалім әріптер береді, оқушылар тақырыпқа қатысты 3 сөйлем құрастыруы қажет.

А л а о ы қ д с д т ө г з с е р б і к ө п к с о д

Мұғалімнің кері байланысы.

3-тапсырма. Сыныпты екі топқа бөледі. «Сұрақ--хат» ойыны. Шағын мәтін құрастыру.

Тақырыпты қатыстырып сұрақтарға жауап беру. Әр топ кезекпен шығады, топта 6 оқушының болғаны дұрыс. Бірінші оқушы 1 сөз айтады,келесі оқушылар өз сұрақтарына жауап береді, осылай шағын мәтін құрастырылады.

  • Кім? Не? (1 зат есім)
  • Қай жерде? (жатыс септігіндегі сөз)
  • Не істеді? (сөйлем)
  • Ол не айтты? (1 төл сөз)
  • Адамдар не деді? (төл сөз)
  • Оқиға немен аяқталды? (1 сөйлем)

Бағалау. «Екі жұлдыз,бір тілек»

Слайд №4

Сабақтың соңы

2 мин

Оқушылар өздері таңдаған смайликке стикерін жапсырады.

- сабақта бәрі қызықты болды

- түсінбеген тұстар бар

- сабақ қызықсыз болды

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау, берілетін уақыт, қолданатын дерек көздеріне байланысты бөліп оқыту.

Топта бірлесіп оқыту.

Тапсырмалардың өзара байланысты болуына баса назар аударылады.

Жұмыс нәтижесі жетістік критерийлері арқылы бағаланады.

Отбасы құндылықтары.

Отан – отбасынан басталады.

Интерактивті тақта сабақ материалдарын демонстрациялау мақсатында қолданылады.

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ/оқу мақсаттары жүзеге асты. Оқушылар белсенділік танытты.

Оқу атмосферасы жағымды болды. Саралау принциптері жүзеге асты.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу