Компьютердің тілін табу - өнер. 4-бөлім. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 5 сынып, презентация.


А6. Тірек сөздерді дұрыс қолданып иллюстрацияларды сипаттау

Сабақтың мақсаты:

тірек сөздерді сәйкесінше қолданады;

тақырыпқа қатысты еркін пікір білдіреді.

Бағалау критерийі:

1-тапсырма

ЖЖ

Бейне мәтінді тыңдаңыз және мәтіндегі көп нүктенің орнына бейнемәтін бойынша тиісті сөзді немесе сөз тіркесін қойып жазыңыз. Жұмыстың соңын сыныпқа таныстырып, салыстырулар жүргізіңіздер, өзара бір-біріңізге баға беріңіздер.

__________________ тарихы 1969 жылы басталады. Ресми деректерге сүйенсек, 1970 жылы алғашқы электронды пошта қолданысқа енгізілсе, 1989 жылы адамдардың бір-бірімен байланысуы үшін чат­­­­­ өмірге келді. Бүгінгі таңда ғаламтор жастардың ____________________ айналды. Оның _________________ әрине сөз жоқ. Мәселен, кез келген _____________________, ______________________ - барлығын ғаламтор беттерінен ______________ табасың. Дегенмен пайдасымен қатар _______________ да жоқ емес.

Соңғы жылдары техникалық жаңалық ретінде кең қолданыс тапқан Wi-Fi технологиясының пайдасымен қатар денсаулыққа тигізер зияны да бар. Атап айтар болсақ, ми қантамырларына кері _________________________, олардың тартылып, қысылуына әкеліп соғаы. Бұл өз кезегінде бас ауруын тудырады. Ғалымдар мұндай шешімге мектеп оқушыларына жүргізілген _____________________ кейін келді. Олар оқушылар ұйқыға жатқанда жастықтарының астына Wi-Fi желісі қосылған құрылғылар салып жүрген. Ал келесі күні балалардың денсаулық жағдайларын тексергенде олардың басы ауырып, тез __________________ байқаған. Сонымен қатар үйінде Wi-Fi желісін пайдаланушылар өз бөлмесіндегі өсімдіктерге де назар аударған жөн. Өйткені жүргізілген тәжірибе негізінде Wi-Fi желісі өсімдіктердің өсуіне кедергі келтіреді. Қосулы Wi-Fi модемімен бір бөлмеде тұрған алты өсімдік түрі он екі күнде-ақ құрғап қалған.

2-тапсырма

ЖЖ

Төменде ұсынылған тірек сөздер мен суреттерді қолдана отырып, әңгіме құрастырыңыз. Алдыңғы тыңдалым барысындағы ақпараттарды қолдануға болады. Сынып болып талқылап жұмыстың критерийін жасақтаңыздар.

«Wi-Fi пайдасы мен зияны қандай?»

Тірек сөздер:

ғаламтор, пайда, зиян, мәлімет, дерек,

шаршау, зерттеу,

айырылмас серік, оңай, әсер етеді,

байқалған.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу