Компьютердің тілін табу – өнер. 5-бөлім. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 5 сынып, сабақ жоспары.


САБАҚ: 11

Мектеп: Атырау қаласы ХББ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Койшыбаева Нургул Онгаровна

мұғалім -модератор

Сынып:

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім тақырыбы

5-БӨЛІМ: Компьютердің тілін табу – өнер

Сабақтың түрі

Жаңа сабақ

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

Т6. Тыңдалым материалдары бойынша жауап беру

5.Т6.Тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар

сөздердің мағынасын анықтайды;

мәтін мазмұнын түсінеді.

Көптеген оқушылар

мәтін бойынша берілген тапсырмаларды орындайды;

сұрақтарға жауап береді.

Кейбір оқушылар

мәтін мазмұнын өте жақсы түсінеді;

сұрақтарға дәйекті жауап береді.

Бағалау критерийі

Мәтін мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға дұрыс жауап береді.

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология: өнер, білім, жылдам хабар, алғызады, дүниеге келген, оқытушы, ағартушы, даярлайтын, маман, адамгершілік, мейірімділік.

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

өмір сүрген, ел үшін, қазақ жастары, мақсаты, ұрпақ тәрбиесі

Пәнаралық байланыс

Қазақ әдебиеті

Мектеп құндылықтары

Академиялық адалдық: өзге адамдардың пікірі мен идеяларына деген құрмет, академиялық адалдық ұстанымдарын сақтау

Осыған дейін меңгерілген білім

«Бес қадам» әдісі арқылы алдыңғы біліммен байланыс орнатылады.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

1 мин

4-5 минут

Ұйымдастыру:

-оқушылардың сабаққа қатысын тексеру;

- сабақ мақсатымен таныстыру;

Алдыңғы біліммен байланыстыру:

«Бес қадам» әдісі

Оқушылар бір –бірден ортаға шығып, сынып еденіне қойылған із бойынша жүре бастайды. Әр қадамды басқан сайын өткен сабақтағы 1 ақпаратты айту керек. Егер айта алмай қалса, ортаға келесі оқушы шығарылады.

Келесі қысқартуларды қолданыңыз:

МН =Мұғалімге арналған нұсқаулық

МЖ = Мұғалім жасаған

ӨД = өзге дерек көздері

Сабақтың ортасы

7-8 минут

10 минут

8 минут

10 минут

Бағалау критерийі

Дескриптор

оқушы

Мәтін мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға дұрыс жауап береді

бос орынға қажетті сөздерді қояды

дұрыс жауапты анықтап, астын сызады

ақиқат және жалған ақпаратты анықтайды

графикалық органайзер жасайды

қойылған сұрақтарға жауап береді

Оқушыларға бағалау критерийі таныстырылады.

Тыңдалым алды тапсырма:

Сөздікпен жұмыс:

өнер, білім, жылдам хабар, алғызады, дүниеге келген, оқытушы, ағартушы, даярлайтын, маман, адамгершілік, мейірімділік

Оқушыларға сөздер таратылып беріледі. 2 минут ішінде сол сөздің мағынасын\аудармасын табу қажет: 1) сөздіктен қарауға; 2) сыныптасынан сұрауға рұқсат етіледі.

Уақыт аяқталған соң, оқушылар барлық сөзді дәптерлеріне жазып алады (мұғалім барлық сөздерді тексеріп шығады).

Тыңдалым кезіндегі тапсырма: (3 минут үзінді тыңдатылады)

1) Мәтін бойынша бос орынға қажетті сөздерді қойыңыз.

А) Оқығанды көңілге

... тоқылық.

Ә) Өнер –білім бар жұрттар

Тастан ... салғызды.

Б) Көзіңді ашып жұмғанша,

... хабар алғызды.

2) Мәтін бойынша дұрыс жауапты анықтап, астын сызыңыз.

Ыбырай Алтынсарин 19-ғасырда\18 ғасырда өмір сүрген. Ол қазіргі Торғай\Қостанай облысында дүниеге келген.Орскіде қазақ жастарынан оқытушылар\ағартушылар даярлайтын мұғалімдер мектебін ашады.

3) Мәтін бойынша ақпараттың ақиқат, жалған екенін анықтаңыз.

ақпарат

ақиқат

жалған

Ыбырай Алтынсарин қазақ жастары үшін училищелер ашқан.

Ол қазақ қыздары үшін Атырауда, Ақтөбеде, Торғайда мектеп –интернат аштырған.

Алғаш рет «Қазақ хрестоматиясы» оқулығын құрастырған.

4) Мәтін мазмұны бойынша графикалық органайзер жасаңыз. (Оқушылар мәтінді тыңдап, берілген графикалық органайзерді толтырады. Мысалы: табиғат, өнер-білім)

Таныстырылым жасау:

Оқушылардан тыңдалым кезіндегі тапсырмалардың жауаптары сұралады.

Тыңдалымнан кейінгі тапсырма:

«Бетпе –бет» әдісі

Оқушылар 2 қатарға қарама –қарсы отырады.

Мұғалім тыңдалым материалы бойынша қарапайым, анықтаушы, интерпретациялық, бағалаушы, шығармашылық, тәжірибелі сұрақтар құрастырып ұсынады. Бір қатардағы оқушылар мұғалімнің нұсқауымен сағат тілі бойынша ауысып, бір –бірінің сұрақтарына жауап береді. Барлық оқушы сұрақты қоюшы және сұраққа жауап беруші рөлін атқарады, өзара бағалау үшін дәптерлеріне белгілеп отырады.

Ф. Мұғалім оқушылардың сұрақтарға нақты және толық жауап беруін бағалайды.

Кері байланыс:

«2 жұлдыз, 1 тілек» бойынша оқушылар бір –біріне кері байланыс береді.

С = барлық сынып

Т = топтық жұмыс

ЖЖ = жұптық жұмыс

Ж = жеке жұмыс

Тәж = оқушы тәжірибесі

К = мұғалімнің көрсетуі

Ф = формативті бағалау

https://www.youtube.com/watch?v=ArRFj7ZUuDo

Сабақтыңсоңы

2-3 минут

Рефлексия: Бүгінгі сабақта алған ақпараттарын саралайды.

Маңыздылық аймағы

Ішкі шеңберге- маңызды

Сыртқы шеңберге- маңызды емес



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу