Компьютердің тілін табу - өнер. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 5 сынып, сабақ жоспары.


САБАҚ:

Мектеп: Атырау қаласы ХББ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім тақырыбы

Компьютердің тілін табу - өнер

Сабақтың түрі

Жалпылау және меңгерілген ақпаратты жүйелеу сабағы

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

5.О4. Мәтіндердің тақырыбын, мазмұндық құрылымын салыстыру.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар

  • мәтіндерге тақырып қояды, салыстырады;

Көптеген оқушылар

  • мәтіндердің мазмұндық құрылымын салыстырады;

Кейбір оқушылар

  • мәтіндердің мазмұндық құрылымын салыстыруда ерекше ой айтады.

Бағалау критерийлері

  • Мәтіндердің тақырыбын, мазмұндық құрылымын салыстырады.

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология:тақырып, мазмұн

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: үстел үстілік компьютер, пернетақта, тінтуір, жүйелік блок,

Пәнаралық байланыс

Информатика пәні

Мектеп құндылықтары

  • Өзіне және айналадағы адамдарға құрмет: әлеуметтік бейімдеушілікті және салауатты өмір салтын ұстануды білдіреді. Өз мәдениеті мен тіліне құрмет сияқты, басқа да мәдениеттер мен тілдерге, құқықтарға, адамгершілік пен пікірлердің әртүрлілігіне құрметті қамтиды.

Осыған дейін меңгерілген білім

Компьютердің пайдасы туралы мәліметтерді жинақтай отырып, постер құрды.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

2 минут

Оқушылар сабаққа ұйымдастырылады.

Оқу мақсаты таныстырылады.

Сабақтың ортасы

6 минут

8 минут

15 минут

5 минут

5 минут

2 минут

Оқылым алды тапсырма

1-тапсырма

  • ЖЖ.Тақтадан компьютер мен ноутбуктың суреті көрсетіледі. Олардың ұқсастығы мен айырмашылығы туралы сөйлеседі. Орындарынан тұрып келесі жұптармен бірігіп сөйлеседі. Тағы бір жұппен алмасып пікірлеседі.

Кері байланыс

Қандай өзгеше жауаптар болғандығы сұралады.

Оқылым тапсырмасы

2-тапсырма

  • ЖЖ. Тақырыбы көрсетілмеген екі мәтінмен танысады.

Өздері түсінбеген сөздерді стикерлерге жазып тақтаға жапсырады. Барлық оқушылар шығып стикердегі сөздерді оқиды. Басқа жұптағы оқушылар кезектесіп өздері білетін сөздердің мағынасын қазақша түсіндіреді. Өздері түсінбеген сөздерін сөздіктен қарай алады.

1-мәтін

(Үстел үстілік компьютерлер)

Біз үстел үстілік компьютерлерді жұмыста, үйде, мектепте, кітапханада және тағы басқа жерлерде қолданамыз. Олар кішкентай, орташа, үлкен бола алады және әдетте үстел үстінде тұрады. Ол пернетақта, тінтуір, монитор және жүйелік блоктан тұрады.

Көптеген үстел үстілік компьютерлерді жаңарту, жетілдіру немесе ішіне жаңа бөлшектер салу оңай. Үстел үстілік компьютерлердің тағы бір артықшылығы – бұл олардың бағасы. Егер қызметі жағынан бірдей болатын үстел үстілік компьютер мен ноутбукты салыстыратын болсаңыз, бағасы жағынан үстелік үстілік компьютер арзанырақ болатынын байқайсыз.

2-мәтін

(Компьютердің зиянынан қалай қорғану керек?)

Компьютер тұрған бөлменің ауасын жиі тазалап тұру керек. Сонымен қатар күн сайын ылғалды тазалық жұмыстары жүргізілу керек. Монитормен жүзіңіздің арақашықтығы кемінде 50 см болуы қажет. Ересек адамдар үшін әр екі сағат сайын, ал балалар үшін әр жарты сағат сайын 15 минут үзіліс міндетті түрде қажет. Оқуға тиісті болған құжаттарды принтерден басып шығарып алып оқыңыз, көзіңіздің саулығына үлкен пайдасы бар. Компьютермен жұмыс істеп болғаннан кейін қолыңызды салқын сумен жуыңыз.

3-тапсырма

«Карусель» әдісі

Сыныпта 7 партаның үстінде тапсырмалар жазылған қағаздар жатады. Әр топ қағаздағы сұрақтарға 1 сөйлеммен жауап жазып, келесі партадағы тапсырмаларға жүре береді. Айналып жүріп барлық тапсырмаларды орындап шыққаннан кейін, олар соңғы орындаған жұмыстарының жанына тоқтайды.

Тапсырмалар

  • Бірінші мәтінге тақырып қойыңыздар.
  • Екінші мәтінге тақырып қойыңыздар.
  • Екі мәтіннің ортақ тақырыбын жазыңыздар
  • Бірінші мәтіннің мазмұны не туралы?
  • Екінші мәтіннің мазмұны не туралы?
  • Бірінші мәтіннің идеясы не туралы деп ойлайсыңдар?
  • Екінші мәтіннің идеясы не туралы деп ойлайсыңдар?

Ф. Әр топ өздері тоқтаған парақшадағы жауаптарды оқып, өздеріне ұнаған жауаптарды атайды, ол жауаптардың неге ұнағанын түсіндіреді.

Оқылымнан кейінгі тапсырма

Ж.

Мәтіннен үзінділер

Үзінділер қай мәтіннен алынған?

Үстел үстілік компьютерлер

1

Балалар әр жарты сағат сайын 15 минут үзіліс жасау керек.

2

Құжаттарды принтерден басып шығарып оқыған жөн.

3

Оған жаңа бөлшектер салу оңай.

4

Компьютермен жұмыс істеп болғаннан кейін қолыңызды салқын сумен жуғаныңыз дұрыс.

5

Олардың артықшылығы бағасы.

Ф. Тапсырманың жауабы слайдтан көрсетіледі. Әр оқушы өзін-өзі бағалайды.

http://www.balalaralemi.kz/article/2629/Komp_yuter-turaly-malimet#.WM1TnlWLTIU

http://www.balalaralemi.kz/article/353/Komp_yuterdin-ziyanynan-qalai-qorganu-kerek#.WM41nFWLTIU

Сабақтың соңы Рефлексия

2 минут

Өздерінің осы сабаққа қандай деңгейде араласқанын бағдаршамның түстері арқылы дәптерлеріне белгілеп қояды.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу