Компьютердің тілін табу – өнер. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 5 сынып, дидактикалық материал.


Дидактикалық материалдар.

Берілген мәтінді толықтырып жазу.

12 ж_ лт_қс_н. М_ға_н анам планшет с_тып әпер_і. Ол с_ңғы үлг_де ж_с_лғ_н, с_нс_рлы, к_п ф_нкци_налды құр_лғы. Мен өте бақ_ _ _ымын!

12 желтоқсан. Маған планшет сатып әперді. Ол соңғы үлгіде жасалған, сенсорлы, көп функционалды құрылғы. Мен өте бақыттымын!

Сынып оқушылары қойылған сұраққа жауап береді.

Оқушылар тақтадан БҮБ кестесін көріп, стиль туралы не білетіндіктерін дәптерге жазып шығады.

Білемін

Үйренгенім

Білгім келеді

С «Анықтама бұрышы»

Оқушылардан алдымен «Стиль» сөзін қалай түсінетіндігі туралы сұралады. Мысалы, киім кию стилі, шаш қою стилі.т.б Ал біздер сөзді сөйлеу, жазу стильдерін қолданамыз. Қазақ тілінде стильдің 5 түрі бар: ауызекі сөйлеу, көркем әдебиет, ғылыми, публицистикалық және ресми іс-қағаздар стилдері.

Ресми ісқағаздар  стилі (официально-деловой стиль)

Іс-қағаздарда, нұсқау хаттар мен кеңсе құжаттарында қолданылады (использ. в деловых бумагах, инструктивных письмах, документах)

  •  Ресми стильде ақпарат анық, дәл жеткізіледі. (официальность, точность)
  •  Кітаби, ресми сөздер мен тіркестер, хабарлы сөйлемдер, терминдер қолданылады (книжные и официальные слова и сочетания, повествовательные предложения, термины).

Ресми іс-қағаздары үлгісіне арыз (заявление), өмірбаян (автобиография), сенімхат (доверенность), қолхат (расписка), хабарландыру (объявление), бұйрық (приказ), хаттама (протокол) т.б. жатады.

Сынып оқушыларына жазылым алды тапсырмада сұрақтар қойылады. Жауап түсінікті әрі нақты білдіреді.

  • Бұл мәтін қандай жанрға жатады? /күнделік жазбасына/
  • Күнделік, хат, хабарлама жазу қандай стильге жатады./ресми/
  • Кім хабарландыру жазып көрді?

Тапсырмалар шартты белгілер арқылы беріліп, түсіндіріледі.

  • Хабарландыру – қай стильге жатады деп ойлайсыздар? /ресми/(хабарландыруда өлең, эпитет жолдары жазылмайды)
  • Хабарландырудың мазмұны қандай болу керек? /Не? Қайда? Қашан? болды/
  • Хабарландыруда қандай ақпарат болады? /нақты, қысқа/
  • Тағы немен хабарландыруды толықтыруға болады? /өтініш, тілек/

Жағдаятты сұрақ тудыру.

Бірақ жоғалтқан затты біреу тауып алуы мүмкін. Сіз қымбат затты тауып алдыңыз, өзіңізге қалдырасыз ба, әлде табылған заттың иесін іздейсіз бе?

  • Бұл жағдайда хабарландыруда не жазылады? (табылды, Қайда?Қашан?Қандай?Қайда алуға болады? Кімнен? Қашан?)

Хабарлама мен хабарландыру үлгілері.

Ақпараттық  хабарлама

25.09.16 ж.                                                                             Атырау қ.

Биыл 26 қыркүйекте Қазақстанда алғаш рет аталып өтетін «Еңбек күніне» орай қаламызда мерекелік шара өтеді. Бұған барлық аулы-елді мекен тұрғындары қатысады. Облыстың әкімі... еңбек ардагерлерін «Еңбек ардагері» медалімен марапаттайды. Сонымен қатар, «Ауыл және отбасы» байқауы өтеді.

Іс-шараның өтетін орны: Атырау қ., Исатай-Махамбет алаңы.

Басталуы: сағ 16.30.

Хабарландыру!14 сәуір күні, сағат 15.00-де Мектептегі оқушылар комитетінің ұйымдастыруымен

«Көктемі шақырады» атты фестиваль өткізіледі. Келемін деушілерге есік ашық. Бағдарламада:1.  Мектептің тәрбие ісінің меңгерушісінің құттықтау сөзі.2.  Көркемөнерпаздар өнер көрсетеді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу