Компьютердің тілін табу – өнер. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 5 сынып, презентация.


Компьютердің тілін табу – өнер

Сабақтың оқу мақсаттары:

5.Ж1. Ресми стильдің тілдік ерекшеліктері мен талаптарын дұрыс қолдана отырып, хабарлама, хабарландыру, хат жазу.

Бағалау критерийлері:

Ресми стильдің талаптарын дұрыс қолдана алады;

Ресми стильдің тілдік ерекшеліктерін түсініп жазба жұмысында қолдана алады;

Сол арқылы хабарлама, хабарландыру, хат жазады.

Жазылым алды тапсырма

Бос орынға тиісті әріптерді қойып, сөйлемдерді ретке келтіріп оқимыз.

Бұл мәтін қандай жанрға жатады? Әңгіме ме, күнделік пе, әлде шағын ғана мәтін бе

Стиль туралы не білеміз? ББҮ кестесін толтырыңыз

Оны кім жазды деп ойлайсыңдар? Ол қандай сезіммен жазған?

Өзіңе қымбат затты жоғалтқан уақытыңыз болды ма?

Ол зат қалай пайда болды? Ол туралы әңгімелеп беріңіз.

Адам өзі қолданып жүрген затын жоғалтып алғанда, қандай сезімде болады деп ойлайсыздар?

Хабарландыру жазып, адам көп жүретін жерлерге іліп қою керек.

Кім хабарландыру жазып көрді?

Хабарландыру –қай стильге жатады деп ойлайсыздар?Ресми

Хабарландыруды немен толықтыруға болады? /өтініш, тілек/

Эпитет

Өлең сөз

Не?

Қайда?

Қашан?

Нақты

қысқа

Хабарландыруда өлең, эпитет жолдары жазылмайды.

Хабарландырудың мазмұны (Не? Қайда? Қашан?) қандай болу керек.

Хабарландыруда нақты, қысқа ақпарат болады.

Хабарландыруды өтініш, тілекпен толықтыруға болады.

С «Анықтама бұрышы»

Оқушылардан алдымен «Стиль» сөзін қалай түсінетіндігі туралы сұралады. Мысалы, киім кию стилі, шаш қою стилі.т.б Ал біздер сөзді сөйлеу, жазу стильдерін қолданамыз. Қазақ тілінде стильдің 5 түрі бар: ауызекі сөйлеу, көркем әдебиет, ғылыми, публицистикалық және ресми іс-қағаздар стилдері.

Ресми ісқағаздар  стилі (официально-деловой стиль)

Іс-қағаздарда, нұсқау хаттар мен кеңсе құжаттарында қолданылады (использ. в деловых бумагах, инструктивных письмах, документах)

Ресми стильде ақпарат анық, дәл жеткізіледі. (официальность, точность)

Кітаби, ресми сөздер мен тіркестер, хабарлы сөйлемдер, терминдер қолданылады (книжные и официальные слова и сочетания, повествовательные предложения, термины).

Ресми іс-қағаздары үлгісіне арыз (заявление), өмірбаян (автобиография), сенімхат (доверенность), қолхат (расписка), хабарландыру (объявление), бұйрық (приказ), хаттама (протокол) т.б. жатады.

Ақпараттық  хабарлама

25.09.16 ж.                                                                             Атырау қ.

Биыл 26 қыркүйекте Қазақстанда алғаш рет аталып өтетін «Еңбек күніне» орай қаламызда мерекелік шара өтеді. Бұған барлық аулы-елді мекен тұрғындары қатысады. Облыстың әкімі... еңбек ардагерлерін «Еңбек ардагері» медалімен марапаттайды. Сонымен қатар, «Ауыл және отбасы» байқауы өтеді.

Іс-шараның өтетін орны: Атырау қ., Исатай-Махамбет алаңы.

Басталуы: сағ 16.30.

 

Хабарландыру!

14 сәуір күні, сағат 15.00-де Мектептегі оқушылар комитетінің ұйымдастыруымен «Көктемі шақырады» атты фестиваль өткізіледі. Келемін деушілерге есік ашық. Бағдарламада:

1.  Мектептің тәрбие ісінің меңгерушісінің құттықтау сөзі.

2.  Көркемөнерпаздар өнер көрсетеді.

Жазылым тапсырмасы

1-ші топ өзіне қымбат затты жоғалтқаны туралы хабарландыру жазады;

2-ші топ біреудің жоғалған затын тауып алғаны туралы хабарландыру жазады.

Рефлексия



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу