Компьютердің тілін табу – өнер. 5-бөлім. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 5 сынып, дидактикалық материал.


Ресми стиль - ресми қатынастар аясында қызмет ететін стильдің бірі. Ресми құжаттар мен іс қағаздарының стилі деп те аталады.

Ресми стильге тілдік тұрғыдан төмендегідей талаптар қойылады:

  • дәлдігі немесе бір мағыналылығы;
  • айқындық немесе жүйелілік;
  • логикалық, яғни қайшылықтың болмауы, дәлелділігі;
  • баяндаудың ықшамдылығы, артық сөздің болмауы.

Хабарландыру – мекемелердің, ұйымдардың атынан оның мүшелеріне алдағы болатын іс-шаралар туралы  хабарлап жеткізетін құжат түрі.Мұнда хабарланып отырған мәселенің (жиналыс, мәжіліс, кездесу т.б. жайлар) айы, күні, болатын уақыты мен орны көрсетіледі. Соңынан хабарландырушы мекеменің, ұйымның  аты қойылады. Хабарланатын мәселенің мазмұны мен мақсатына қарай хабарландыру түрлі-түрлі көлемімен, көркемделуімен ерекшеленеді.

Қазіргі нарық заманында баспасөз беттерінде жұмысқа шақыру, бос қызмет орындарына конкурс жариялау үшін де хабарландырулар жарияланады. Хабарландыруларда қызметке алынатын кандидатураға қойылатын талаптар мейлінше тұжырымды, нақты жазылады.

Хабарландыру түрлері мен ерекшеліктері:

1.Мәжіліс, жиналыстарға хабарландыруда — Күн тәртібі толық.

2.Мәдени шараларға хабарландыруда — Бағдарламасы ұсынылады.3.Тендерге хабарландыруда – Шарттары ұсынылады.4.Вакансияға хабарландыруда – жұмыс орнына тиісті талаптар.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу