Компьтердің тілін табу − өнер. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 5 сынып, дидактикалық материал.


Тыңдалым мәтіні

Компьютер қалай пайда болды?

 Компьютер сөзінің анықтамасы алғаш рет 1897 жылы ағылшындық Оксфорд сөздігінде пайда болыпты. Бұл сөздікте компьютер механикалық есептеуіш құрылғы ретінде көрсетілген. Ал, жалпы компьютер сөзі ағылшын тілінің «to compute» «computer» сөздерінен шыққан. Бұл сөз «есептеу»,«есептегіш» мағынасын білдіреді.Есептеуіш техникалардың қарқынды дамуы XІX ғасырдан басталды. «Адамсыз есептеулер автоматының» авторы Чарлз Бэббидж болатын. Оны қазіргі компьютердің атасы деп те атайды.

 Ал дүниежүзі бойынша алғашқы Бэббидж машинасына бағдарлама жазған ғалым Ада Лавлейс бірінші бағдарламашы деп саналады. Ал «ЕМАС» деп аталатын бірінші электронды есептеуіш машина 1946 жылы Пинсильвания университетінде жасалды. Оны құрастырушылар-ДЖ.Моучли мен ДЖ.Эккерт.

 Алғашқы электрондық есептеуіш машиналардың салмағы көптеген тонна болатын және бірнеше бөлмені алып тұратын. Қымбаттығы сонша — мұндай машиналарды ел үкіметтері мен үлкен зерттеу ұйымдары ғана пайдалана алатын. Дербес компьютерлер жайына келсек, 1990 жылдан бастап Apple Corporation фирмасының Macintosh маркалы компьютері көпшілікке таныла бастады.

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу