Компьтердің тілін табу − өнер. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 5 сынып, сабақ жоспары.
САБАҚ: 1-сабақ | Мектеп: | ||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||||||||||||
Сынып: | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | |||||||||||||||||||
Бөлім тақырыбы | Компьтердің тілін табу − өнер | ||||||||||||||||||||
Сабақтың түрі | Жаңа сабақ | ||||||||||||||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | Т1. Тақырыпты тірек сөздер арқылы болжау. | ||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаттары | Барлық оқушылар Тірек сөздерді түсінеді Көптеген оқушылар Тақырыпты болжай алады Кейбір оқушылар Тірек сөздерді орынды қолдана алады | ||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Тірек сөздер арқылы тақырыпты болжай алады Тірек сөздерді орынды қолдана алады | ||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Алғаш рет, ағылшындық, есептеуіш машина, компьютердің атасы, электронды есептеуіш машина, ХІХ ғасыр, ғалым. | ||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Информатика | ||||||||||||||||||||
Мектеп құндылықтары | Ынтымақтастық: өзіне жағымды қатынастарды дамытуды, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастыруды және сындарлы көзқарасты дамытуды, өзара қарым-қатынастар құрған кезде сыни ойлай білуді қамтиды. | ||||||||||||||||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | Аспан әлемінің құпиялары | ||||||||||||||||||||
Жоспар | |||||||||||||||||||||
Жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер | |||||||||||||||||||
Ұйымдастыру 5 минут 5 минут 5 минут
2 минут 5 минут 10 минут 5 минут | Суретті пазл. Оқушыларға сурет қиындылары таратылады. Қиындыларды бір-біріне сәйкестендіру арқылы сурет құрастырады, шыққан заттың атауын тақтаға жазады. Сол арқылы топтасып, құраған суреттері туралы білетіндерін айтады. Тақтаға жазылған сөздер арқылы қандай тақырып қозғалатындығын болжайды. Сабақтың мақсаты, бағалау критерийі таныстырылады. Тыңдалым алдындағы тапсырма. Тақтадан сөздер мен сөз тіркестері көрсетіледі. Оқушылар сөздердің мағынасын бір-біріне түсіндіреді, қажет болса сөздікпен жұмыс жасайды. Алғаш рет, ағылшындық, есептеуіш машина,, компьютердің атасы, электронды есептеуіш машина, ХІХ ғасыр, ғалым. «Кім жылдам?» Әр оқушы берілген сөздердің ішінен өзі жақсы түсінетін 2 сөзді стикерге жазады. Оқушылар ішкі және сыртқы шеңберге отырады. Алғашқы 1 минутта ішкі шеңбердегі оқушылар стикердегі сөздерін көрсетеді, сыртқы шеңберде отырған жұбы тез арада сол сөздерді қатыстырып сөйлем құрау қажет, 2 минутта сыртқы шеңбер сөзді ұсынады, ішкі шеңбердегілер сөйлем құрау керек. Кері байланыс: оқушылар өздерінің жұптары қаншалықты тез әрі дұрыс сөйлем құрай алғандықтары туралы кері байланыс береді. Берілген сөздер арқылы тыңдалатын мәтін не туралы болатындығын болжайды. «Компьютер қалай пайда болды?» мәтінін тыңдайды. Тыңдалымнан кейінгі тапсырма. Тірек сөздерін қолдана отырып, төмендегі сұрақтарғы жауап береді.
ТЖ. Алғашқы компьютерлер туралы алған ақпаратты, бүгінгі күннің компьютерлері туралы білетін мәліметтерін жинақтай отырып, «Кеше-бүгін-болашақ» тақырыбында постер дайындайды. Постер дайындау барысында алғашқы компьютерлер туралы, қазіргі компьютердің мүмкіндіктері туралы ақпарат береді және болашақтың компьютерлері қандай болатындығына болжам жасайды. Сынып алдында топтар жұмыстарын қорғайды. Қорғау барысында тірек сөздерді қолданады. Топтар бір-бірін критерийге сай бағалайды.
Ж. Бос орындарға мағынасына қарай қажетті сөздерді қойып, сөйлемдерді көшіріңіз. Компьютер сөзінің анықтамасы __________ 1897 жылы ағылшындық Оксфорд сөздігінде пайда болыпты. Алғашқы электрондық ______________ ______________салмағы көптеген тонна болатын және бірнеше бөлмені алып тұратын. «Адамсыз есептеулер автоматының» авторы Чарлз Бэббидж болатын. Оны қазіргі __________________________ ___________ деп те атайды. Қажетті сөздер: есептеуіш машиналардың, компьютердің атасы, алғаш рет. | Суреттер Слайд http://aitaber.kz/blog/qyzyqderek/4257.html | |||||||||||||||||||
Рефлексия 3 минут | Ең, ең, ең... Ең қызықты болғаны .... Ең маңызды ақпарат... Ең қиын болғаны.... | ||||||||||||||||||||
Қосымша ақпарат | |||||||||||||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | |||||||||||||||||||
Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады. Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады. | Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз. | Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе? Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме? Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма? Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар? | |||||||||||||||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
| ||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?