Компьтердің тілін табу − өнер. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 5 сынып, дидактикалық материал.
Оқылым мәтіні
Кітап пен компьютер дос болыпты. Компьютер оған бір күні былай дейді:
-Кітап, мені қарашы, менімен барлық адам жұмыс істейді! Тұрмыста, білім алуда, медицинада, музыкада, айта берсем көп қой. Сені қазір кім оқиды? Сен босқа жүрсің ғой.
Кітап:
-Әй достым, сен олай деме. Сенімен көп шаруа бітіруге болады, бірақ сенен көп зиян келеді ғой, соны ескердің бе?
-Зиян!.. ол сенде, себебі сені ешкім оқымайды. Сол себепті сен шаң-шаң болып тұрсың да, адам деген құдіретке микроб таратасың. Сондай-ақ, сенен мол информация алып ешкімді де қарық болмайды да. Ол жағынан мен тиімдімін. Менің интернет деген бауырымды білесін бе? Ол кез-келген ақпаратты тез тауып береді.Көрдің бе, Интернет бауырымнан басқа менде, Электронды оқулық, Компьютерлік ойындар деген бауырларым бар. Олар балалармен тез тіл табысады.
Кітап:- Достым,компьютер, сен ештеңе түсінбейді екенсің. Саған айт не, айтпа не бәрібір. Біз бұлай дауласып тұра бергенше, Білім деген бабамызға барып қайтайық. Біздің қайысымыз адамға көбірек пайда әкелетінімізді сол бабамыз айтсын. Қане, кеттік.Екеуі күн жүріп, айды өткізіп, ұлы ғұлама, ақылшы Білімге де жетеді. Білім бұларды төрге отырғызып, жағдайларын сұрай бастайды.
Білім:- Қош келдіңіздер, қадірлі қонақтар! Адам баласына қажет уақытта былай жүргендерің жайдан-жай болмас. Иә, сіздерді маған қандай шаруа әкелді, айта беріңдер.Компьютер:- Құрметті білім баба, біздің сізге келген себебіміз мынадай түсінбеушіліктен болды.Біз сіздің арқаңызда өмірге келіп, бүкіл адамзаттың пайдасына жарап жүрміз.Енді кітап достым екеумізден қайсымыздың адамға пайдамыз көп тиеді, соны біле алмай дал болудамыз. Менің ойымша, адамзатқа мен болсам болды, кітаптың қажеті жоқ сияқты.Кітап:- Жоқ ,жоқ, мен оның мұнысына келіспеймін. Мен адамдарды бауырмалдыққа, үлкендерді сыйлауға және де басқа жақсылықтарға үйретем емес пе? Бұл сонда қалай болғаны?Білім:- Екеуіңнің де сөздеріңнің жаны бар. Дегенмен қазіргі заманда компьютер адамдар арасында өте маңызды роль атқарады. Ол адамға көп пайда әкеледі, бірақ зияны да жеткілікті. Егер адамдар компьютерден бөлінетін ультракүлгін сәулелерден қорғайтын қауіпсіздік ережесін сақтаса, ештеңе де болмайды. Осындай жағдайда компьютер адамға ең жақын көмекші болды. Бірақ, кітаптың да, компьютердің де адам өмірінде алатын орны ерекше. Оларды бір-бірімен салыстыруға болмайды.Ақырында компьютер мен кітап татуласып, ұзақ өмір сүріпті.
Бағалау критерийі | Дескриптор | Ұпай | ||
Шағын көлемді мәтіндердің мазмұнына жоспар құра алады |
| |||
Жоспарға сүйеніп баяндай алады. |
|
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?