Компьтердің тілін табу − өнер. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 5 сынып, сабақ жоспары.
САБАҚ: 2-сабақ | Мектеп: | ||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||||||||||||
Сынып: | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | |||||||||||||||||||
Бөлім тақырыбы | Компьтердің тілін табу − өнер | ||||||||||||||||||||
Сабақтың түрі | Жаңа сабақ | ||||||||||||||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | А4.Шағын көлемді мәтіндердің мазмұнына жоспар құру, соған сүйеніп баяндау. | ||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаттары | Барлық оқушылар Мәтін мазмұнын түсінеді Көптеген оқушылар Мәтін мазмұнына жоспар құра алады Кейбір оқушылар Жоспарға сүйеніп баяндай алады | ||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Шағын көлемді мәтіндердің мазмұнына жоспар құра алады; Жоспарға сүйеніп баяндай алады. | ||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Компьютер, кітап, білім, пайда, зиян, тиімді, маңызды роль, қауіпсіздік ережесі | ||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Информатика | ||||||||||||||||||||
Мектеп құндылықтары | Ынтымақтастық: өзіне жағымды қатынастарды дамытуды, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастыруды және сындарлы көзқарасты дамытуды, өзара қарым-қатынастар құрған кезде сыни ойлай білуді қамтиды. | ||||||||||||||||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | Т1. Тақырыпты тірек сөздер арқылы болжау. | ||||||||||||||||||||
Жоспар | |||||||||||||||||||||
Жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер | |||||||||||||||||||
Ұйымдастыру 10 минут 3 минут 2 минут 3 минут 10 минут 5+10 минут | «Суретті әңгіме». Оқушылар дәптерлеріне компьютер немесе ғаламторға қатысты сурет салады. Суреттерін бір-біріне көрсетпеулері қажет. Шеңбер бойымен отырады, бірінші отырған оқушы бастаушы болады. Өзінің суретін қатыстырып әңгіме бастайды, келесі оқушы әңгіме желісін жалғастырады. Әңгіме ішінде өзінің салған суретін қатыстыру керек. Осылайша барлық оқушы кезекпен өз суреттерін қатыстыра отырып әңгімені жалғастыра береді, әңгіме желісі үзілмеу керек. Соңғы оқушы әңгімені қорытындылайды.
Кері байланыс: оқушылар бір-біріне кері байланыс беру арқылы оқиға желісін сәтті жалғастырып кеткен немесе оқиғадан ауытқып кеткен оқушыларды анықтайды. Сабақтың мақсаты, бағалау критерийі таныстырылады. «Жер сілкінісі» ойыны. Оқушылар ортаға шығады. Мұғалім «жер сілкінісі» деген кезде барлығы араласып жүреді, «үй» деген кезде екі оқушы қолдарын жоғары созып, үйдің шатырын жасап тұра қалады, «үй астында 1/2/3 адам» деген кезде айтылған санға байланысты оқушылар үйдің астына кіреді. Ойынды 2-3 рет қайталап, соңғы айналымда сыныптағы оқушы санына қарай 3 топқа бөліп жібереді. ТЖ. Оқылым алдындағы тапсырма. Топтарға компьютер, кітап, білім, пайда, зиян, тиімді, маңызды роль, қауіпсіздік ережесі сөздері беріледі. Осы сөздерді байланыстырып мәтін құрау қажет. Топтарға мәтін таратылады. Түсініп оқып, түсініксіз сөздермен жұмыс жасайды. Мәтін мазмұнына жоспар құрады. Топтар бір-бірінің жұмысын алмастырады. Өздеріне түскен топтың жоспары бойынша: 1-топ: сурет салады (суреттерін сөйлетеді); 2-топ: көрініс қояды; 3-топ: қысқаша баяндап береді. Топтар бір-бірін бағалау критерийіне сай бағалайды.
| ||||||||||||||||||||
Рефлексия 2 минут | Бүгінгі сабақтағы 3 маңызды ақпаратты белгілеңіз | ||||||||||||||||||||
Қосымша ақпарат | |||||||||||||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | |||||||||||||||||||
Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады. Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады. | Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз. | Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе? Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме? Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма? Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар? | |||||||||||||||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
| ||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?