Компьтердің тілін табу – өнер/ Компьютерде жұмыс істеу ережесі (4-сағат). Қазақ тілі (орыс сыныбы), 5 сынып, сабақ жоспары.


САБАҚ:

4-сабақ

Күні:

Сынып: 5 Т2

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім тақырыбы

Компьтердің тілін табу – өнер/ Компьютерде жұмыс істеу ережесі (4-сағат)

Сабақтың түрі

Жаңа сабақ

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

5.ТБ1.Ыңғайластық қатынасты білдіретін және қарсылықтық қатынасты білдіретін жалғаулықтардың қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушыларЫңғайластық қатынасты білдіретін және қарсылықтық қатынасты білдіретін жалғаулықтардың қызметін біледіКөптеген оқушыларЫңғайластық және қарсылықтық қатынасты білдіретін жалғаулықтарды ауызша сөйлеу барысында қолдана аладыКейбір оқушыларЫңғайластық қатынасты білдіретін және қарсылықтық қатынасты білдіретін жалғаулықтардың қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдана алады

Бағалау критерийлері

  • ыңғайластық, қарсылықтық жалғаулықтардың қызметін біледі
  • ыңғайлас, қарсылықты жалғаулықтармен сөйлем құрай алады (ауызша, жазбаша)

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология: ыңғайлас, қарсылықты жалғаулықтарДиалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:жаттығу, қауіпті, сақтау, арнайы көзілдірік, назар аудару, нашарлаған, әдетке айналдыру.

Пәнаралық байланыс:

информатика

Ұлттық құндылықтар

Өзіңе және қоршаған ортаға деген сыйластық: әлеуметтік бейімделу мен салауатты өмір салтын меңзейді. Өз мәдениеті мен тіліне деген құрметпен қатар өзге мәдениет пен тіл, құқ, әдеп және көзқарастарға деген құрмет сезімін білдіреді.

Мектеп құндылықтары

Өзіңе және қоршаған ортаға деген сыйластық; оқушылардың өз бетімен білім алуына қажетті дағдыларды қалыптастыру.

Осыған дейін меңгерілген білім

5.А4.Шағын көлемді мәтіндердің мазмұнына жоспар құру, соған сүйеніп баяндау.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы 3 минут

Ұйымдастыру.Оқушыларды түгендеу.Сабақ мақсатымен таныстыру

Қызығушылықты ояту.

Тақырыпты керекті әріптерді дұрыс қою арқылы болжайды.

Ж..тты..у, қау..пті, са..т..у, арнайы көз..лді..ік, на..ар а..дару, наш..рла,,ан, әде..ке айн..лд..ру. Сабаққа болжам жасалады.

Сабақтың ортасы4 минут

3 минут

8 минут

1 минут10 минут

10 минут

4 минут

Сұрақтар:

  • «Ыңғайлас», «қарсылықты» деген сөздердің мағынасы қандай?
  • Шылау не үшін керек? Оның грамматикалық мағынасы бар ма?
  • Ыңғайлас және қарсылықты жалғаулық дегенді қалай түсінесіңдер?

Слайдпен жұмыс. (Ыңғайластық, қарсылықты жалғаулықтарды еске түсіру)

Ыңғайластық 

және, әрі

Мен/бен/пен

Да/де, та/те

Қарсылықты 

Бірақ

Алайда

Дегенмен

Әйтпесе

Әйткенмен

Сонда да

1-тапсырмаАлдын-ала әртүрлі ыңғайластық және қарсылықты жалғаулықты шылаулармен жасалған сөйлемдер сынып қабырғаларына ілінеді. Оқушылар екі себетке бөлек-бөлек ыңғайлас және қарсылықты жалғаулықты сөйлемдерді тез-тез жинайды. Содан соң сөйлемдердің жасалуын бір-бірлеріне түсіндіреді. Қарсылықты және ыңғайластық жалғаулықты шылаулардың айырмашылығын өздері дәлелдейді.

Сынып қабырғасында ілініп тұратын сөйлемдер:1. Ғаламтор – бұл дүние жүзіндегі компьютерлер мен серверлер жиынтығы.

2. Ғаламтор – ең соңғы жаңалықтарды оқып, ауа райы туралы мәлімет алуға, қандай да бір тауарға не ұшақ билетіне тапсырыс беруге, аз уақыт аралығында электронды пошта арқылы хабарламалар алмасуға және тағы да басқа көптеген мүмкіндіктер ұсынады.

3. Электронды поштаның жылдамдығы телефонмен бірдей, бірақ мұнда екі жақты абоненттердің бір сәтте болуы қажет емес.4. Ғаламтордың пайдасы көп, алайда компьтерде көп отырудың адамға зияны бар.

5. Ғаламтор арқылы дүниежүзілік мәдени және ғылыми жетістіктермен танысуға болады.

6. Веб-беттер ақпараттың алуан түрлерін – мәтін, сызба, дыбыстық және бейне жазбаларды қамтиды. 7. Интернетте отырып-ақ өзіне керектіні сатып алуыңа болады, бұл өзіңе пайдалы, біірақ та әрбір заттың өз уақыты, өз орны болу керек емес пе?

8. Ғалымдар ғаламтормен тым әуестену артық салмақ жинау мен кедейлікке алып келе алады дейді, алайда адамның өзіне деген сенімділін көтеретіндігін де жасырмайды. 9. Компьютер мен ғаламторға әуес жандардың банкротқа ұшырап, бар жиғандарынан айырылу мүмкіндіктері жоғары екен.10. Ғаламтордың пайдасы зор, дегенмен де интернеттің жақсылықтарымен бірге келеңсіз жақтары да барын естен шығармағанымыз жөн.

Кері байланыс

- Ыңғайлас және қарсылықты жалғаулықтардың қызметін біледі;- Қарсылықты және ыңғайластық жалғаулықты шылаулардың айырмашылығын өздері дәлелдейді.

Оқушыларды жұпқа бөлу

Балаларға 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10 сандарын айту. 1 мен 6, 2 мен 9, 3 пен 8, 4 пен 7, 5 пен 10 сандарын жұптастыру.2-тапсырма: Көп нүктенің орнына ыңғайластық және қарсылықтық қатынасты білдіретін жалғаулықтарды дұрыс қойып жазыңдар. Жалғаулықтар төменде ұсынылған.

1.Монитордың алдында отырған адам көз алдындағы экранның үнемі өте аз уақыт мезетінде жыпылықтап тұратындығын сезбейді, ________ оның кері әсері міндетті түрде болады. 2. Компьютердегі ойындардың арасында балалардың психикасына әсер ететін ойындар бар, _________ ата-аналардың көпшілігі бұған мән бермейді. 3. Компьютердегі жұмысты істеп болғанда ________ арасындағы үзілісте көз бұлшық еттеріне түскен күшті жоятын жаттығу жасаіыздар. 4. Компьютердің алдында тапжылмай ұзақ отырған адамның ____, баланың да басы ауырып кетеді. 5. Компьютерде ұзақ уақыт бойы отырғанда иық пен еңсені тік ұстамау ________ түзу отырмаудың соңы остеохондроз деген омыртқалық ауруға әкеліп соғу мүмкін.

Керекті шылаулар: бірақ, мен, және, алайда, даКері байланыс:Көп нүктенің орнына ыңғайластық және қарсылықтық қатынасты білдіретін жалғаулықтарды дұрыс қойып жазадыЖЖ «Компьютер алдында отырған кезде нені ескеру керек?» бейнеролигін көріп, негізгі ой мен идея анықталады. 3-тапсырма. Жазылым. Бейнеролик бойынша сыныптастарыңа жазбаша кеңес береді. Жазба жұмысында ыңғайлас және қарсылықты жалғаулықтардың болуы шарт.

Кері байланыс- Бейнебаянның негізгі ойы мен идеясын анықтайды:- Ыңғайлас және қарсылықты жалғаулықтарды қолданып, сыныптастарына жазбаша кеңес береді.Бағалау.Оқушылар көршілерінің жұмысын алмастырып, бағдаршам әдісі бойынша бағалайды. Мысалы, “жасыл” – дайын, “сары” – күмәнді, “қызыл” – дайын емес.

Бағалау критерийлері таратылып беріледі.

Бағалау критерийлері

Жасыл – дайын;Сары – күмәндіҚызыл – дайын емес

1

ыңғайластық, қарсылықтық жалғаулықтардың қызметін біледі

2

ыңғайлас, қарсылықты жалғаулықтармен сөйлем құрай алады (ауызша, жазбаша)

http://anamenbala.kz/453

https://www.youtube.com/watch?v=8UdhifoIKsw

«Компьютер алдында отырған кезде нені ескеру керек?»

бейнеролигі

https://sabaqtar.kz/informatika/4337-internett-paydasy-men-ziyany.html

Сабақтың соңы Рефлексия 2 минут

Сабақтың соңында оқушылар:

Үйренгендері туралы ойланады

1. Не үйрендік?

2. Не оңай болды?

3. Не қиын болды?.

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу