Компьтердің тілін табу – өнер. (3-сағат). Қазақ тілі (орыс сыныбы), 5 сынып, дидактикалық материал.
http://blogtime.kz/ERNUR/bill-geytstyn-10-syry.htm
Билл Гейтстың 10 сыры
Билл Гейтс — қазіргі заман бизнесінің әлем мойындаған бірегей феномені мен техномагнаты. Нарықты бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы көшбасшы атанған ең бай тұлға. Алайда, Билл Гейтс байлық пен техниканың данышпаны арқылы ғана тартымды емес. Бизнестегі процесстердің дамуын алдын-ала сезу мен жеңіске деген асқан құлшынысы, көшбасшылық стильді жасап шығарды, бұндай адамды іскер әлем бірінші рет көрді.Сіздер Билл Гейтстің көшбасшылығы мен менеджменттегі жетістіктерін білгіңіз келсе, Билл Гейтс нені ұсынатынын білгілеріңіз келсе, онда Suntop Media консалтингтік компанияның құрушыларының бірі Дез Деарловтың: «Бизнес жол: Билл Гейтс. Әлемдегі ең бай, ең табысты бизнес — көшбасшының 10 сыры» еңбегінде бұл сұрақтарға толық жауап ала аласыздар!!! Microsoft жайында жаңа мағлұматтары бар бұл кітап, Гейтстің таңғажайып жетістіктерінің сырын ашып қана қоймай, бизнесте жетістікке жетем деген әр адамға пайдалы, өмірінен, мансабынан алынған әмбебап сабақтар мен стратегияларды ашасыздар. Сіздер жұмысқа шынымен сіздің қызметіңізге ғашық ақылды адамдарды қалай жинау керек екендігін, бәсекелестерді қалай күлге айналдырып жіберуді және басқа да оның сырларымен бұл кітапта таныс боласыздар.Билл Гейтстің ұлы идеясы: «Әр үстелде және әр үйде — компьютер». Біле білсеңіздер мына экран, клавиатура осыдан жиырмы жыл бұрын ғылыми қиял болған. Ерте кезден-ақ Гейтс компьютердің индустриялы жетістігі үшін ең бастысы — стандарттар жасау керектігін түсінді. Ол осыны ең бірінші жасап шыққандар ғана, бүкіл компьютерлік өнеркәсіпте билікке жететінін де ұғынды. 1980-жылдарда Гейтстің басшылығымен Microsoft бағдарламалық тілдердің жасаушысынан барлық нәрсе жасайтын жан-жақты копьютерлік компанияға айналды. Мысалы, Windows жүйесі, Word және Excel сияқты қосымша айқындауыштар, басқа да бағдарламалар. Бұл тұрғыда Гейтс компьютерлік индустрияны толықтай өзгертті.Гейтс он екі жасынан бастап компьютерге деген ерекше құлшыныспен қарады. Колледжде оқып жүргенде өзінің кейінгі әріптесі Пол Аленмен әр түрлі бағдарламалық жобаларға көптеп қатысты. Кейін ол Алленмен Microsoft компаниясын құрады.Ол тамаша оқушы болды, не нәрсемен айналысса да, бәрін озып шығатын. Жеңіске деген құштарлығы ерте кезден байқалатын. Ал математикаға деген махаббаты болса, компьютерге деген ынтасын оятты.Аңғарылғандай, Гарвардтың дипломы Гейтске керек емес еді. 1975 жылы студент кезінде ол Аленмен бірігіп, компьютер тілдерінің бірі — BASIC нұсқасын жасады. Саусағының ұшындағы жаңа әлемге арбалған ол, 1977 жылы Алленмен құрған көп еңбекті қажет ететін кішкентай компьютерлік компаниядағы жұмыстары үшін Гарвардтағы оқуды аяқтамады. Ал компания болса Microsoft деп аталды.Алғашында екі адамнан құралған ұжымда қазір қырық сегіз мыңнан астам адам жұмыс істейді және 25 миллиард доллардан астам таза кірістері бар.Microsoft өзінің жетістігін 5 факторға балайды:Бірінші. Ұзақ мерзімдік қондырғыЕкінші. Нәтижеге бейімделуҮшінші. Командалық жұмыс және жеке бастамаТөртінші. Клиенттерге деген асқан адалдық және өнімнің сапасын орнатуБесінші. Клиенттермен тұрақты байланысКомпания өзінің қарамағына дарынды, шығармашылықты адамдарды алып, оларды еліктіргіш, зияткерлік шақыртулардың бірегей байланысы, ең бастысы жұмыстың өте ыңғайлы шарттары арқылы ұстап қала білді. Сыйақы мен мадақтау да өз көмегін тигізді. Microsoft мәдениетінің көрсеткіші ретінде, мына фактты айтсақ болады, компанияда 1980-жылдары жұмыс істеген қызметкерлер әлі де еңбек етеді. Олардың көбісі отыз жас шамасында акциялардың көтерілуіне байланысты миллионер болды, алайда олар жұмыстарын жалғастыруда.Microsoft менеджерлерінің бірі: «Олар өмірде тағы не істей алады? Тағы қайдан осыншалықты ләззат ала алады? » — деп айтқан еді.Жете зерттеулер Microsoft және оның керемет басты қожайынының жетістігінің 10 сырын анықтады. Міне, Билл Гейтстің құпиялары:Бірінші құпия. Керек уақытта және керек жерде болу. Microsoft жетістіктерін, бірінші персоналды компьютер үшін IBM операциялық жүйесін жабдықтау мақсатында қол жеткізген сирек кездесетін бақ деп санауға болмайды. Гейтс IBM мен келіссөздер жасаудың маңыздылығын түсінді. Ол персоналды компьютердің тарихын өзгерте алатынын ұқты және алты ай бойы «жолы болғыш» атану үшін тынбай еңбек етті.Екінші құпия. Техникаға ғашық болу. Microsoft компаниясының созылмалы жетістіктерінің көрінісі Гейтстің техникалық білімі еді. Ол осы салаға байланысты негізгі шешімдерді өз бақылауында ұстады. Көп жағдайда ол қарсыластарына қарағанда технологияның даму бағытының болашағын көре білді. Сондықтанда процессті басқара алатын.Үшінші құпия. Тұтқындарды алмау. Гейтс – өте қатал қарсылас. Не мақсатты көздесе де, тек жеңіске жетуді көздейді. Келіссөздер жүргізу кезінде өте мейірімсіз болады. Бұл оны алаңдатпайды және ол қарсыластарды жоқ қылу ісінің маманы.Төртінші құпия. Жұмысқа тек ақылдыларды алу. «Ақыл-ойдың жоғарғы даму шамасына ие адамдар» — бұл Microsoft жасаған ең ақылды адамдарға арналған анықтама. Бастапқы кезден-ақ Гейтс компания ең ақылдыларды қызықтырыру керек деген болатын. Бұл сөз кей топтар тарапынан сынға ұшырады, алайда жақсы жақтары да болды. Мысалы, колледжді бітірген, дарынды студенттер, өз мамандығы бойынша жұмысқа тұра алатын.Бесінші құпия. Жүзіп ұстауға үйренісу. Microsoft-та Гейтс тынымсыз, өз бетімен үйрететін машина жасап шығарды. Оның пайымдауынша қателік жасауды болдырмайтын жалғыз осы жол. Оның қарсыластары осыншалықты абайламайды.Алтыншы құпия. Алғысты күтпеу. Гейтс атақ пен зұлымдық ешқашан бір-бірінен ажырамайды деген ұйғарымға келген болатын. Жауларың көп болмай, бай адам бола алмайсың.Жетінші құпия.Болжағыштың позициясының орнына тұру. Билл Гейтс бизнес-көшбасшысының жаңа бейнесі. Көп жылдар бойы ол, өзін компьютерлік индустриядағы болжағыш екенін дәлелдеп келді. Оның технологияны тереңдеп түсінуі және мәліметтерді синтездеудің әмбебап тәсілі, оған болашақтың тенденциясын көре алу және Microsoft стратегиясын басқаруды береді.Сегізінші құпия. Барлық позицияны бақылауда ұстау. Microsoft жетістігінің негізі — көп көлемді жобаларды бір уақытта басқара білу қабілеті. Гейтсті «көп міндетті адам», — деп атайды, ол бір уақытта, әр түрлі техникалық тақырыптарға бірнеше әңгіме жүргізе алады екен. Бұл компания тактикасында көрініс табатын керемет қабілеттілік. Компания әрқашан жаңа нарықты және жаңа программалық қосымша айқындауышты зерттейді. Бұл өз кезегінде «үлкен істі» өткізіп алмайды.Тоғызыншы құпия. Байт өлшемі бойынша бизнес жасау. Фондық нарықта Microsoft салыстырмалы түрде үлкен емес компания. Басқарушы топқа қолайлы жағдай жасау үшін, өзінің ішінде ұсақ ұяшықтарға бөлінеді. Кейде Microsoft әр апта сайын тармақталатын сыңайлы. Гейтс қарапайым құрылым жасап, компаниясында толық бақылау сақтайтындығына сенімді.Оныншы құпия. Доптан көзді алмау. Гейтс екі он жылдық бойы кәсібінің шыңында. Осы уақыт аралығында әлемнің ең бай адамына айналды. Оның байлығы мен жетістігіне қарамастан, Гейтс екпінін бәсеңдеткен емес. Оның сөздері бойынша, оны «үлкен істі» өткізіп алу үрейі жетелейді. Ол басқа IBM, Apple сияқты компьютерлік компаниялардың қателіктерін қайталағысы келмейді.
https://www.zharar.com/kz/3595-milliarder.html
1. Армандай біліңіз Көп адамдар Марк Цукербергті жолы болған студент деп біледі. Тағы біреулер оның "Facebook" әлеуметтік желісі соншама қаржы алып келетініне сене қоймайды. Шындығында бұл пікірлер дұрыс емес. Ол бір түнде миллиардер атанған жоқ. Оның атақ пен байлыққа жетуі бір түс сияқты басталған. Ол кішкене жоба үшін барлығынан бас тартуға дайын болды. Наполеон Хилл айтқандай: "Ықылас – бар табыстың бастауы". Марк Цукерберг өз ойлағанын қызығушылықпен жүзеге асыра білді. Егер сіз Марк секілді атақ пен байлыққа кенелгіңіз келсе, өз ықыласыңызға жол беріңіз. 2. Ауқымды ойлаңыз Facebook Марк Цукербергтің компьютеріндегі бір жоба ғана болатын. Егер ол өзінің қалауы болғанда оны әлдеқашан сатып жіберген болар еді. Ол желіні сатудан бас тартты. Себебі ол Thefacebook-ке белгіленген сомаға емес, болашақта әлемді дүр сілкіндіретін жобаға қызықты. Facebook кішкене бастама болғанымен, Марктің мақсаты үлкен болды. Алдымен Facebook бір университеттің (Гарвард) деңгейіндегі жоба еді. Сосын Yahoo компаниясы желіні 1 миллион АҚШ долларына бағалағанда, ол миллиондық жобаға айналды. Дегенмен, Марк оны миллиардтық сатыға жеткізді. 3. Кішкенеден бастаңыз Марк Цукербергтің үлкен мақсаттары мен тамаша жоспарлары болатын. Ол бүкіл әлемді өзіне тартатын ықпалды ойластырды. Айталақ, ол басында кішкентай ғана жобадан ары қарай дамыды. Миллиондаған қаржыны қамтитын капиталды күтпей, өзінің университеттегі жатақханасынан, бар жоғы бірнеше мың АҚШ долларымен бастады. Ал қазір ол әлемдегі ең жас миллиардер атанып отыр. Жоқтан барды жасау оңайға соқпайды, дегенмен даңққа апарар жол болары хақ. 4. Өзіңізге деген сенім Өзіңізге деген сенім қоғаммен жұмыс істеу саласында ең басты қасиет болып табылады. Біреуге сенім артып, сіз ешқашан сәтті бизнесті бастай алмайсыз. Төменге түңілместен, алға басып, қанша сәтсіздіктерге тап болсаңыз да, алған беттен артқа қайтпау керек. Жоспарды іске асыруда соңына дейін күресу керек. "Сіздер әлі жассыздар және онымен мақтануға тиіссіздер.Өз сенімдеріңізге тірек болыңыздар" - Трип Хокинс 5. Құштарлықпен алға басыңыз Немен айналысқанды жөн көресіз? Қалауыңызға қарсы келмейсіз бе? Жұмысқа орналасасыз ба, әлде жұмыс орнын ашасыз ба? Марк Цукербергтің жетістігін қайталау үшін сізде осы сұрақтарға нақты жауап болуға тиіс. Марк жастайынан бағдарламалауға қызығатын. Сол энтузиазммен әлемнің беделді университіне оқуға түседі. Әркім де Марк Цукербергке қызыға қарайды. Дегенмен, мақсатын жүзеге асыру үшін оның Гарвардтан шығып кеткенін көп адам біле бермейді. Үлкен таңдауда жаңылмау миллиард долларға тартатын бизнестің кілті екенін ұмытпауымыз керек. 6. Сынға дайын болыңыз "Менің өзім тірі кезімде мен туралы кино түсірілмесе екен деп тілеймін" - Марк Цукерберг Әрбір табысты кәсіпкер секілді Марк та өзіне тиесілі сынды алды. Сын да дамудың бір баспалдағы болғандықтан, ол ешбір теріс әрекеттерге бармады. Сыннан сүрінбеуге тырысты. Керісінше, ол оған демеу болды. 7. Ұқыпты бола біліңіз "Менің ойымша, біздің қолымыздан келді. Жоспардан қалып немесе ауытқып кеткен жеріміз жоқ. Маңыздысы табыс алып келуде емес, қоғамға қолайлылық жасай білуде. Біз тура бағытпен өсіп келеміз" - Марк Цукерберг. Бизнесте ұқыптылық өте маңызды рөл атқарады. Ұқыпты іскерлер кімдермен қарым-қатынаста болып, кімдерден аулақ болуды жақсы біледі. Жетістікке жету үшін алдымен тер төгу керек. Кез-келген адам ең басында екі қалтасы толған табысқа бірден кенелмеген. Әрбір миллиардер өз жолында қажырлы еңбектенген. Сол себепті олар жеңіске жетті. 8. Алыптармен бәсекелесуден тайынбаңыз Марк Цукерберг Facebook-ті ғаламтордың негізгі орталығына айналдыруды мақсат етті. Ол Google-мен бәсекелес болуға дейін барды. Марк ғаламтор алыбынан сескенді ме? Жауап: Жоқ. Алыптардың да осал жері бар емес пе? Тек батылдық таныта білу қажет. Себебі тәуекелді жеңіске алып бару үшін бизнесте де ер тұлғаның батылдығы қажет. 9. Нақты бағытыңыз болсын "Қандай мақсатпен алға ұмтылсаңыз да, оның бүкіл әлемге пайдасы тиетін болсын" - Марк Цукерберг. Не үшін Google Facebook-ке қарсы келмеді. Марк оған қарсы келе алмайтындай ұсыныс жасады. Міне, сол себепті Уоррен Баффет, Билл Гейтс және Эндрю Карнеги секілді бизнестің алыптары бағытты маңызды деп білді. Еңбектің нәтижесі ең төмен дәрежені көрсетсе де, ол бір әрекеттің есебінен болады. Демек, үдеріс бар. "Энергия, ой және капиталыңды біріктіре біл" - Эндрю Карнеги 10. Тәуекелге баруды үйреніңіз "Ғаламдық үдеріс барысында, тәуекелге барғысы келмейтін адамдар - нағыз тәуекелбасты адамдар" - Роберт Кийосаки Тәуекелге бас ұрмаған кәсіпкер сәтті бизнеспен айналыса алмайды. Марк Цукерберг те тәуекелдің аттауынан өтті. Марк Facebook желісін дамыту үшін оқудан кетіп, тәуекелге барды. Google-ға қарсы келіп, тәуекелге барды. Демек, тәуекелсіз үлкен дүмпу орын алмайды екен.Дереккөзі: https://www.zharar.com/kz/3595-milliarder.html© www.ZHARAR.com
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?