Компьтердің тілін табу – өнер. (3-сағат). Қазақ тілі (орыс сыныбы), 5 сынып, сабақ жоспары.
САБАҚ: | 3-сабақ | ||||||||||||||||||||
Күні: | |||||||||||||||||||||
Сынып: 5 Т2 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | |||||||||||||||||||
Бөлім тақырыбы | Компьтердің тілін табу – өнер. (3-сағат) | ||||||||||||||||||||
Сабақтың түрі | Жаңа сабақ | ||||||||||||||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | 5.А4.Шағын көлемді мәтіндердің мазмұнына жоспар құру, соған сүйеніп баяндау. | ||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаттары | Барлық оқушыларМәтіннің негізгі аспектілерін (негізгі ой) анықтайдыКөптеген оқушыларШағын көлемді мәтіндердің мазмұнына жоспар құрадыКейбір оқушыларМәтіннің негізгі аспектілерін (негізгі ой) талқылайды | ||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Шағын көлемді мәтін мазмұнына жоспар құра аладыЖоспарға сай ойын баяндай алады | ||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Пән лексикасы және терминология: шағын көлемді мәтін, жоспарДиалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:танымал, атақты, неізін қалаушы, өзгертті, даму, заманауи, дүниежүзі, құмарлық, ойлау қабілеті | ||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс: | информатика | ||||||||||||||||||||
Ұлттық құндылықтар | Өзіңе және қоршаған ортаға деген сыйластық: әлеуметтік бейімделу мен салауатты өмір салтын меңзейді. Өз мәдениеті мен тіліне деген құрметпен қатар өзге мәдениет пен тіл, құқ, әдеп және көзқарастарға деген құрмет сезімін білдіреді. | ||||||||||||||||||||
Мектеп құндылықтары | Өзіңе және қоршаған ортаға деген сыйластық; оқушылардың өз бетімен білім алуына қажетті дағдыларды қалыптастыру. | ||||||||||||||||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | 5.Т1 Тақырыпты тірек сөздер арқылы болжау.5.А4.Шағын көлемді мәтіндердің мазмұнына жоспар құру, соған сүйеніп баяндау. | ||||||||||||||||||||
Жоспар | |||||||||||||||||||||
Жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер | |||||||||||||||||||
Сабақтың басы 6 минут 6 минут
1 минут 6 минут 3 минут | Ұйымдастыру.Оқушыларды түгендеу.Сабаққа болжам жасауСынып қабырғаларында мақалдар жабыстырылып тұрады. Оқушылар сыныпты айналып жүріп, өздеріне ұнаған мақал қасына барады. Мақалдағы тірек сөздер анықталып, содан соң мақал мағынасы ашылады. Сабақтың белгілі бір өнерге қатыстылығы анықталады. Өнерлі өрде озар, Өнерсіз жігіт жер соғар. Өнерліге өлім жоқ. Шаштараз сақал түзетер, Өнерпаз шаһар түзетер. Өнерліге есік ашықКері байланыс- мақалдағы тірек сөздерді анықтайды- мақал мағынасын ашадыСұрақтар:- Жоспар деген не?- Жоспарды не үшін құрамыз?- Сіздер жоспар құрасыздар ма?- Қарапайым жоспарды қалай түсінеміз?- Жоспар деген сөзге топтастыру жасаңыздар (тақтада орындалады)Кері байланыс- оқушылардың жоспар туралы білетіндері сараланады;- сұрақтардың сабақ мақсатына қатыстылығы анықталады.Топқа бөлуОқушылар суреттер суыру арқылы екі топқа бөлінеді. Суырған суреттері бойынша ойларын айтады. Өнердің қай түрі сабақта талқыланатынын болжайдыОқушылар сөздер мен сөз тіркестерінің баламаларын түсіндірме сөздікке қарап жазады.
Осы сөздерді қолданып, төменде көрсетілген суреттер бойынша өз ойларын айту керек. (тапсырма слайдпен көрсетіледі) Бұл атақты адамдарда белгілі бір жоспар болды ма, қалай ойлайсыңдар?
| ||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 10 минут 10 минут | Кері байланыс- сөздер мен сөз тіркестерінің баламаларын айтады- сурет бойынша өз пікірін білдіреді Тапсырма 1) «Араласып кеткен оқиғалар» стратегиясы бойынша жұмыс істеу. Екі топқа екі түрлі шағындау мәтін таңдап алынады. Мәтін бір бет қағазға жазылады, бөлімдер бойынша бірнеше бөлікке бөлінеді. Ол бөліктер партаның бетіне орындары ауыстырылып, араластырылып, жайылып қойылады. Оқушылар осы мәтіннің бөліктерін оқып, мазмұнына қарай тауып құрастырады. Әр топқа құраған мәтіннің мазмұнын айтады. Бірінші топ мазмұндағанда келесі топ мұқият тыңдайды. Себебі бірінші топ мәтін бойынша тірек сөздер ұсынғанда, келесі топ сол тірек сөз бойынша дерек, мәлімет айту керек.
2) Ұсынылған мәтіннің әр бөлігіндегі негізгі ойды тауып, бір сөйлеммен жазу тапсырылады. Әр топтың жазғанын тыңдай келе, ішінен біреуі таңдап алынып, тақтаға жазылады. Міне, осылайша мәтін жоспарын құру дағдыларын қалыптастыру көзделеді. Дайын болған жоспарларды бағалау критериіне сай топтар бағалайды. Оқушылар топта жоспар құру туралы ойларын ортаға салады 1-топ мәтіні Билл Гейтс — қазіргі заман бизнесінің әлем мойындаған бірегей феномені мен техномагнаты. Нарықты бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы көшбасшы атанған ең бай тұлға. Билл Гейтстің ұлы идеясы: «Әр үстелде және әр үйде — компьютер». Біле білсеңіздер экран, клавиатура осыдан жиырмы жыл бұрын ғылыми қиял болған. Ерте кезден-ақ Гейтс компьютердің индустриялы жетістігі үшін ең бастысы — стандарттар жасау керектігін түсінді. Ол осыны ең бірінші жасап шыққандар ғана, бүкіл компьютерлік өнеркәсіпте билікке жететінін де ұғынды. Гейтс он екі жасынан бастап компьютерге деген ерекше құлшыныспен қарады. Колледжде оқып жүргенде өзінің кейінгі әріптесі Пол Аленмен әр түрлі бағдарламалық жобаларға көптеп қатысты. Кейін ол Алленмен Microsoft компаниясын құрады. 1975 жылы студент кезінде ол Аленмен бірігіп, компьютер тілдерінің бірі — BASIC нұсқасын жасады. Алғашында екі адамнан құралған ұжымда қазір қырық сегіз мыңнан астам адам жұмыс істейді және 25 миллиард доллардан астам таза кірістері бар. 2-топ мәтіні Facebook Марк Цукербергтің компьютеріндегі бір жоба ғана болатын. Егер ол өзінің қалауы болғанда оны әлдеқашан сатып жіберген болар еді. Ол желіні сатудан бас тартты. Себебі ол Thefacebook-ке белгіленген сомаға емес, болашақта әлемді дүр сілкіндіретін жобаға қызықты. Facebook кішкене бастама болғанымен, Марктің мақсаты үлкен болды. Алдымен Facebook бір университеттің (Гарвард) деңгейіндегі жоба еді. Сосын Yahoo компаниясы желіні 1 миллион АҚШ долларына бағалағанда, ол миллиондық жобаға айналды. Дегенмен, Марк оны миллиардтық сатыға жеткізді. Марк Цукербергтің үлкен мақсаттары мен тамаша жоспарлары болатын. Ол бүкіл әлемді өзіне тартатын ықпалды ойластырды. Миллиондаған қаржыны қамтитын капиталды күтпей, өзінің университеттегі жатақханасынан, бар жоғы бірнеше мың АҚШ долларымен бастады. Ал қазір ол әлемдегі ең жас миллиардер атанып отыр. Марк Цукерберг Facebook-ті ғаламтордың негізгі орталығына айналдыруды мақсат етті. Ол Google-мен бәсекелес болуға дейін барды. Тәуекелге бас ұрмаған кәсіпкер сәтті бизнеспен айналыса алмайды. Марк Цукерберг те тәуекелдің аттауынан өтті. Марк Facebook желісін дамыту үшін оқудан кетіп, тәуекелге барды. Google-ға қарсы келіп, тәуекелге барды. Демек, тәуекелсіз үлкен дүмпу орын алмайды. Қалыптастырушы бағалау. Топтар бір-бірін бағалайды. Кестеде түрлі түсті қарындашпен күлтешені бояп, өз ойларын білдіреді. Жасыл - жақсы түсінді, оқу мақсатын орындай алды;сары - әлі де дамытуы керек; қызыл - мүлде түсініксіз
| http://blogtime.kz/ERNUR/bill-geytstyn-10-syry.html https://www.zharar.com/kz/3595-milliarder.html | |||||||||||||||||||
Сабақтың соңы Рефлексия 3 минут | Сабақтың соңында оқушылар: Үйренгендері туралы ойланады 1. Не үйрендік? 2. Не оңай болды? 3. Не қиын болды? |
Қосымша ақпарат | ||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | ||
Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады. Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады. | Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз. | Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе? Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме? Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма? Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар? | ||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
| |||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?