Астана – тәуелсіздік символы. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 5 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

ӘБ жетекшісі: Байдильдинова Д.К.

Сабақ : 3-тоқсан

Мектеп: Алматы қ. ХББ НЗМ

Пән:

қазақ тілі

Күні :

Мұғалім: Абдул Рахманұлы А.

Сынып: 5

Қатысқан оқушылар саны:12

Қатыспағандар:

Бөлім:

Менің Тәуелсіз Қазақстаным

Сабақтың тақырыбы:

Астана – тәуелсіздік символы

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

А2. Сөз мәнері мен сөйлеу этикеті

ТБ1. Сөз таптары

Сабақ мақсаты:

Қазақша ұлттық этикет формаларын пайдалану.

Ыңғайластық қатынасты білдіретін жалғаулықтардың қызметін білу және ауызша жұмыстарда орынды қолдану.

Құндылықтарды игерту:

«Мәңгілік ел» жалпықоғамдық құндылығы:

  • Тіл мен мәдениет

НЗМ құндылығы:

  • Өзіне және айналадағы адамдарға құрмет;
  • Ынтымақтастық;
  • Жауапты азаматтық позиция;
  • Өмір бойы білім алу.

Аталған құндылықтар сабақ тақырыбы арқылы оқушылардың топтаса және жеке отырып жұмыс жасаулары, сын тұрғысынан ойлай білу, ақпаратты өңдей білу,өзіндік көзқарасын дәлелдей алу дағдылары негізінде жүзеге асады.

Пәнаралық байланыс:

География, ағылшын, орыс тілі пәндерінен алған білімдерін еркін қолданады

АКТ-ны қолдану дағдылары:

Интерактивті тақта, слайд.

Бағалау критерийлері:

  • Қазақша ұлттық этикет формаларын сақтай отырып қарым-қатынасқа түседі
  • Ыңғайластық қатынасты білдіретін жалғаулықтардың қызметін біледі
  • Ыңғайластық қатынасты білдіретін жалғаулықтарды ауызша жұмыстарда орынды қолданады

Дифференциация

Оқушылардың барлығы: өз ойын жүйелі жеткізе алады, ыңғайластық жалғаулықтардың қызметін түсінеді.

Оқушылардың көбісі: Ұлттық этикет формаларын сақтай отырып қарым-қатынасқа түсе алады

Оқушылардың кейбірі: Ыңғайластық қатыснасты білдіретін жалғаулықтарды ауызша жұмыстарда орынды қолдана алады.

Тілдік мақсаттар:

Нұр, араласаң, асыл, ұшан-теңіз, қадам, бассаң, қарсы алады, тарайды.

Осыған дейін меңгерілген білім

Денсаулық – зор байлық

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

7 мин

Қызығушылықты ояту

  • Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу.
  • Ой сергіту.

Жұлдыздың суреті таратылып беріледі. Жұлдыздың қырларына өз бойында бар 5 жақсы қасиетін жазады. Әркімнің отырған орнына барып, жұлдыздарын көріп, келісетін болса+, келіспесе – қойып кетеді. Мақсаты: Оқушының өзіндік бағасын көтеру.

  • Жаңа тақырып, оқу мақсаттары, жетістік критерийлерімен таныстыру.
  • Топқа бөлу. Кәмпит түстеріне байланысты 2 топқа топтасады.

Сабақтың ортасы

3 мин

15 мин

15 мин

Назарын шоғырландыру

«Астана» сөзін есіткенде сіздердің көз алдарыңызда қандай ассоциациялар келеді, не елестейді. Оқушылар екі минут ішінде ойларына келген ассоциацияларын жазып шығады. Ж.

Өз ассоциацияларымен бөліскісі келген оқушалардан сұралады. Оқушылардың жұмыстарын тыңдап болған соң, Астана жайлы ақындардың да өз ассоциациялары бар екендігін айта отырып:

1-тапсырма. Топтарға ақын С.Қалиұлының «Астана символдар қаласы» өлеңінің реттілігі өзгертіліп таратылады.

«Астанадан тарайды нұрдың бәрі, Араласаңасылдың нелер кені, Символдарда. Астана – бұлбұл бағы. Елестейді осында – ел ертеңі. Оқығандай боласың том-том кітап, Қадам бассаң, қарсы алар символдары. Тарихың да, салт-дәстүр, өнерің де – Ұшан-теңіз білімге кенелтеді».

1. Қарамен жазылған сөздердің мағынасын талдайды.

2. Топтар өлеңнің логикалық бірізділігін ескере отырып реттілікті қайта қалпына келтіреді. Өз нұсқаларын ұсынады. Неліктен осындай реттілікті таңдағандарын дәлелдейді.

Мұғалім тақтада өлеңнің дұрыс реттілігін көрсетеді. Оқушылар өздерінің жұмыстарымен салыстырады.

Бағалау критерийі

Дескриптор

Қазақша ұлттық этикет формаларын пайдалану.

Өз пікірін негіздейді

Ұлттық этикет формаларын сақтайды.

Сөз мағынасын түсінеді.

Әрбір топтан бір оқушы: «Астана – символдар қаласы» өленің мәнерлеп оқиды.

Миға шабуыл:

  • Автор өлеңінде Астананы немен салыстырады?
  • Ел ертеңі деген сөз тіркесін қалай түсінесіздер?

Қалыптастырушы бағалау

Оқушылар топ ішінде жұпқа бөлінеді.

2 тапсырма.

«Астана тәуелсіздік символы» тақырыбында диалог құрастырады.

«Нұр, араласаң, асыл, ұшан-теңіз, қадам, бассаң, қарсы алады, тарайды, мен (бен, пен, менен, бенен, пенен), да, де, та, те, және әрі» тірек сөздерін пайдалана отырып диалог құрастырамыз.

Жұптар өз диологтарын тақтада рөлдік ойын арқылы көрсетіп береді.

Бағалау критерийі

Дескриптор

Ыңғайластық қатынасты білдіретін жалғаулықтардың қызметін білу және ауызша жұмыстарда орынды қолдану.

Ыңғайластық жалғаулықтарды қолдана алады

Берілген тақырыпта диалогқа түсе алады

Диалог барысында ұлттық этикет формаларын сақтай отырып қарым-қатынасқа түсе алады

Кері байланыс.

Сабақтың соңы

5 мин

Үйге тапсырма

Рефлексия

Бүгінгі белсенділігіңізге көңіліңіз тола ма?

Егер мүмкіндік болса қандай іс-әрекетіңізді басқаша жасар едіңіз?

Сабақ барысында жасаған тапсырмалар болашақ өмірде қажет бола ма?

Хаттың құрылымы қандай болуы қажет екендігі туралы ақпарат жинап келеді. Қазақстан жайлы шетелдік досына жазылатын хаттың жоспарын жасап келеді.

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды?

Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме?

Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба?

Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2.

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу