Қазақстан: менің көзіммен. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 5 сынып, дидактикалық материал.
Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары
Пән: қазақ тілі
Сынып: 5 Т2
Бөлім/Тақырып | Менің тәуелсіз Қазақстаным | ||
Оқыту мақсаты | А1.Тақырып бойынша меңгерген жаңа сөздерді олардың синонимдерімен, антоним, омонимдерімен қатар қолдану, ойын жеткізе білу. | ||
Ойлау дағдыларының деңгейі | Түсіну және қолдану | ||
Бағалау критерийі | Өлең мазмұнын жеткізу барысында жаңа сөздер мен олардың синонимдерін қолдану | ||
Тапсырма | Сөздік жұмысы: ұлан байтақ дала – дархан дала, шұғылаға толы дала – шуақты дала, қорған болу – қорғау, сақтау, көзінің қарашығындай қарау, жәннат – жұмақ Айтылым тапсырмасы. Берілген өлеңді тыңдап, автордың ойын қара сөзбен жеткізіңіз. Тыңдалым мәтіні: Жан дала – жәннат дала Өзіңсің , Қазақстан, ән, арманым да, Аяулым, алтын бесік, қара орманым да. Бір нәрсе жетпейді деу қате болар Өзіңдей ұлан байтақ далам барында. Гүл дала – Қазақстаным.
Сен барда ғажап шебер, ғажап ұстамын, Түсінем өзендердің саз ағыстарын. Қалай ақын болмайын, мен түгілі Ұшады көгіңе жыр жаза құстарың. Қырандар қанатында даңқы кеткен, Дән дала – Қазақстаным.
Сен менің шұғылаға толған даламсың, Жасампазым, сан асу жолдарды аларсың. Бабамның көздерінің қарашығы ең, Баламның бақытына да қорған боларсың. Жан дала – Қазақстаным.
Керемет өріледі гүл өңірде өлең, Кезің қандай өрік пен шие гүлдеген. Жүрегіме сыйғызып бар бейнеңді, Қалсам деп ем өзіңнің жүрегіңде мен. Кең дала – Қазақстаным.
Керегі жоқ даңқ дейтін маған сөренің, Жетер біраз есіңде қала алса өлеңім. Халқым маған сенеді әлсіз демей, Үйткені мен, туған жер, саған сенемін. Жасай бер , Қазақстаным. Күләш Ахметова | ||
Бағалау критерийі | Дескриптор | ||
Өлең мазмұнын жеткізу барысында жаңа сөздер мен олардың синонимдерін қолдану |
| ||
|
Пән: қазақ тілі
Сынып: 5 Т2
Бөлім/Тақырып | Менің тәуелсіз Қазақстаным | ||||||||
Оқыту мақсаты | А1.Тақырып бойынша меңгерген жаңа сөздерді олардың синонимдерімен, антоним, омонимдерімен қатар қолдану, ойын жеткізе білу. | ||||||||
Ойлау дағдыларының деңгейі | Қолдану және талдау | ||||||||
Бағалау критерийі | Тақырыпты талқылау барысында жаңа сөздерді қолдану | ||||||||
Тапсырма | Суреттер галереясы: Оқушылар өз жұптарымен бірге сынып қабырғасындағы кез келген суретті таңдайды.
Сөздік жұмысы: Берілген суретті сипаттайтын негізгі тірек сөздерді және олардың синонимдері, омонимдері, антонимдерін жазып, астына іліңіз.
Айтылым тапсырмасы Астындағы сөздерді пайдаланып, қабырғадағы барлық суреттер бойынша жұбыңызбен талқылау жүргізіңіз. | ||||||||
Бағалау критерийі | Дескриптор | ||||||||
Тақырыпты талқылау барысында жаңа сөздерді қолдану |
| ||||||||
|
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?