Қазақстан: менің көзіммен. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 5 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Сабақ : № ІІІ тоқсан

Мектеп:

Пән: қазақ тілі

Күні:

Мұғалім:

Сынып: 5 Т2

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім:

Менің тәуелсіз Қазақстаным

Сабақтың тақырыбы:

Қазақстан: менің көзіммен

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

А1.Тақырып бойынша меңгерген жаңа сөздерді олардың синонимдерімен, антоним, омонимдерімен қатар қолдану, ойын жеткізе білу.

Сабақ мақсаты:

Жаңа сөздер мен олардың синонимдерін пайдалана отырып, өз көзқарасын білдіру

Құндылықтарды игерту:

«Мәңгілік ел» жалпықоғамдық құндылығы:

  • Отансүйгіштік, еліне қызмет ету;

Рухани-адамгершілік құндылықтар:

  • Өзіне және айналадағы адамдарға құрмет;
  • Ынтымақтастық;

Аталған құндылықтар сабақ тақырыбы арқылы оқушылардың жұптаса, топтаса және жеке отырып жұмыс жасаулары, сын тұрғысынан ойлай білу, ақпаратты өңдей білу,өзіндік көзқарасын білдіре алу дағдылары негізінде жүзеге асады.

Пәнаралық байланыс:

Тарих, музыка

АКТ-ны қолдану дағдылары:

Интертақта көмегімен бейнеролик көрсету

Бағалау критерийлері:

  • Сөздердің синонимдерін таба алады;
  • Жаңа сөздерді тиімді пайдалана алады;
  • Өз көзқарасын білдіреді;

Тілдік мақсаттар:

«Қазақстан: менің көзіммен» тақырыбына қатысты тірек сөздерді меңгерту: Дархан ел-шалқар ел, даму- алға өрлеу, кіндік қан тамған жер-туған жер, парыз-борыш, жерұйық мекен-бақытты мекен, қызмет ету-еңбек ету

Дифференциация

Барлық оқушылар: жаңа сөздерді қолдана отырып, өз ойын білдіреді

Оқушылардың көпшілігі: жаңа сөздерді қолданып, нақты деректер келтіре отырып, өз ойын білдіреді;

Кейбір оқушылар: жаңа сөздер мен білетін ақпараттарын пайдалана отырып, өз ойын көркем түрде жеткізеді;

Осыған дейін меңгерілген білім

Қазақстан туралы көпетеген ақпараттарға ие

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

7-8 мин

Қызығушылықты ояту

Психологиялық ахуал орнату:

Ассоциативтік әдіс бойынша оқушылар шеңбер бойымен тұрып, «Қазақстан» дегенде ойларына ең бірінші келетін сөз немесе сөз тіркесін айтады, себебін түсіндіреді

М: Қазақстан – қыран құс

Топтастыру: Суреттер арқылы

Сабақтың ортасы

30 мин

Назарын шоғырландыру

1-қадам. Сөздік жұмысы

Тобыңыздағы оқушылармен ақылдаса отырып, берілген сөздерді синонимдерімен сәйкестендіріңіз.

Дархан ел

Даму

Кіндік қан тамған жер

Парыз

Жерұйық мекен

Шалқар ел

Алға өрлеу

Еңбек ету

Борыш

Туған жер

Қызмет ету

Бақытты мекен

2-қадам. Бейнеролик: «Қазақстаным, алға»

  • Автор Қазақстан туралы ойын қалай жеткізген?
  • Жоғарыда танысқан сөздерге қатысты сөз тіркестерін(өлең жолдарын) жазып алыңыз.

3- қадам.

Барлық білетін мәліметтеріңізді пайдаланып, «Мен – өз Отанымның перзентімін» тақырыбында жұбыңызбен диалог құрыңыз.

Бағалау критерийі

Дескриптор

Жаңа сөздер мен олардың синонимдерін пайдалана отырып, өз көзқарасын білдіру

Қазақстан туралы нақты деректер келтіреді

Жаңа сөздерді және олардың синонимдерін пайдаланады

Қазақстанға арнаған өз ойын білдіреді

Қалыптастырушы бағалау

Жұптағы оқушылар бір-бірін «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі бойынша бағалайды

https://youtu.be/2Cp8nUyxCWY

Сабақтың соңы

4-5 мин

Кері байланыс:

Оқушылар сабақ бойынша өз іс-әрекеттеріне кері байланыс жасайды:

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды?

Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме?

Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба?

Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2.

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу