Менің Тәуелсіз Қазақстаным (Қ. Сарин «Тәуелсіздік» өлеңі). Қазақ тілі (орыс сыныбы), 5 сынып, дидактикалық материал.


Хат дегеніміз — біруге жазған хабарламаңыз. Хатты қағазға немесе басқа да материалдарға жазады. Жалпы айтқанда хат деп — бір немесе бірнеше адамдардың қағазға немесе басқа да материалдарды қолданып бір біріне хазған хабарламалары.Хаттың шығу тарихы.Алғашында хатты қолмен қағазға немесе басқа да заттарға (ағаш бөлікке, теріге) жазған хабарлама деп аталған. Қазіргі таңда хат жазуға электронды түрде қосылған. Яғни электонды почта немесе sms хабарламалар да жатады. Соған қоса әр түрлі медиа хаттар суреттер, видеолар да жіберуге болады.Қызықты деректер.Әлемдегі ең үлкен хат — пергаменттен жасалған. Оның ұзындығы 10 м, ені 7 метр. Бұл хат XVI ғасырда персиялық шах түрік сұлтаны ұлы Сүлейменге (Сулейман великолепный) жазған. Қазіргі таңда хат Анкараның этнографиялық мұражайында сақтаулы.Ең кішкентай хаттың қлшемі 23*36 м. Бұл хат 1983 жылы Стокгольмның почталық мұражайында сақталған екен. Хат бүкіл талаптарға сай мөрленіп, маркасы қойылып, сәйкес тарифпен ақшасы 1983 жылы төленген.Гинестің рекордтар кітабына сәйкес әлемдегі ең қымбат хат Линкольннің құлдықты жою туралы хаты. Бұл хат 2008 жылы Нюйорк қаласындағы Сотбис аукционында 3,4 милион доллорға сатылған. Сатып алушы жеке америкалық коллекционер.

Хаттама - жиналыстарда, кеңестерде, конференцияларда және алқалық органдардың мәжілістерінде мәселені талқылау мен шешім қабылдаудың барысы туралы мәлімет беретін құжат. Толтырудың тәсілі мен көлемі жағынан хаттамалар стенография, фонография, конспект жəне сөйлеген сөздердің мазмұны жазылмаған ықшамды түрде болып келуі мүмкін. Қысқа хаттамаларда күн тәртібі, сөйлеушілердің аты-жөні, сөйлеген сөздердің тақырыбы және кабылданған шешімдер көрсетіледі. Сөйлеген сөздердің толық мәтіні келтірілмейді. Толық хаттамаларда сөйлеген сөздердің барлығы көрсетіледі. Хаттаманың толықтық дәрежесін жиналыстың өзі айқындайды. Бұл жағдайда құжаттың заңдылық жарамдылығын қамтамасыз ету қажет. Құжаттың заңдылық жарамдылығы барлық қажетті деректермен, олардың дұрыс толтырылуымен және хаттамадағы мәліметтердің шындыққа сәйкестігімен анықталады. Мысалы, жиналысқа қатысушылардьң санының көрсетілуі маңызды, ол қабылданған шешімнің жеткілікті дауыспен қамтамасыз етілгенін көрсетеді.

Хаттаманың деректемелері: мекеменің атауы; құжаттың атауы; мәжілістің өткен күні; индексі (нөмірі); мәжіліс өткен орын; бекіту грифі (егер қажет болса); тақырыбы (жиналыстың, алқалық органның атауы); мәтін.

Мәтіннің кіріспе бөлігінде қатысушылардың құрамы, күн тәртібі; негізгі бөлігінде тыңдалған мәселе, сойлеген сөздер және қабылданатын қаулы көрсетіледі. Құжаттың соңында төраға мен хатшының қолы қойылады.

Хабарландыру - бірдеңе туралы хабарлау мақсатында газетке, журналға, басылған немесе бір жерге ілініп қойылған мәтін.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу