Менің Тәуелсіз Қазақстаным (Қ. Сарин «Тәуелсіздік» өлеңі). Қазақ тілі (орыс сыныбы), 5 сынып, дидактикалық материал.


Пән: қазақ тілі

Сынып: 5 Т2

Бөлім/Тақырып

Менің Тәуелсіз Қазақстаным (Қ. Сарин «Тәуелсіздік» өлеңі)

Оқыту мақсаты

О4. Мәтіндерге салыстырмалы талдау жасау

Ойлау дағдыларының деңгейі

Талдау және қолдану

Бағалау критерийі

О4. Мәтіндердің тақырыбын, мазмұндық құрылымын салыстыру.

Тапсырма

Тапсырма.

А) Жұпта төмендегі тапсырманы орындаңыздар.

1-жұп. Қазақстанның жетістіктері жайында диалог құру.

2-жұп. Елдің бетке ұстар спортшылары туралы әңгіме құру.

Ә) Жұптық әңгіме негізінде мәтін құрастырып, төмендегі кесте бойынша салыстырмалы анализ жасаңыздар.

Мәтін түрі

А мәтіні

Ә мәтіні

Мәтіннің тақырыбы

Мәтіннің мазмұны

Тілдік ерекшелігі

Бағалау критерийі

Дескриптор

Мәтіндердің тақырыбын, мазмұндық құрылымын салыстыру.

Тақырыпқа сай жұпта әңгіме құрады

Әңгімелесу нәтижесімен талапқа сай мәтін құрады

Екі мәтіннің тақырыбын, мазмұнын, тілдік ерекшеліктерін салыстырады

Пән: қазақ тілі

Сынып: 5 Т2

Бөлім/Тақырып

Менің Тәуелсіз Қазақстаным (Қ. Сарин «Тәуелсіздік» өлеңі)

Оқыту мақсаты

О4. Мәтіндерге салыстырмалы талдау жасау

Ойлау дағдыларының деңгейі

Талдау және қолдану

Бағалау критерийі

О4. Мәтіндердің тақырыбын, мазмұндық құрылымын салыстыру.

Тапсырма

Тапсырма.

А мәтіні. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні — тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күні. Тәуелсіздік күні мерекесі әр жылдың 16 желтоқсанында аталып өтеді. Бұл күн ұлттық, мемлекеттік деңгейдегі елеулі мереке болғандықтан 16-17-желтоқсан күндері күнтізбеде демалыс болып табылады. Жыл сайын республика азаматтарының арасында мәдениет қайраткерлері, әлеуметтік саладағы ерекше қызметімен көзге түскен мамандар, әскери шенділер мен офицерлер, құқық қорғау саласының қызметкерлері және ел өміріндегі белсенді өзге де сала өкілдері елеулі еңбек еткендері үшін мемлекеттік марапаттармен (наградалар) марапатталады. 16-желтоқсан күні Қазақстанның барлық жерлерінде мерекелік мәдени ойын-сауық іс-шаралары ұйымдастырылады. Кешке қарай үлкен орталықтардың аспаны отшашумен көмкеріледі. Тәуелсіздік тек Қазақстан тұрғындары үшін емес, сонымен бірге, шетелдердегі қазақ халқының өкілдері үшін де маңызы зор мереке.

Ә мәтіні. 1991 жыл - еліміздің Қазақстан деген атпен бүкіл әлемге алғаш қадам басқан жылы. Сол сәттен бері міне 21 жыл да өте шықты. Қазіргі Қазақстан әлем сахнасында мақтанарлықтай беделге ие. Жас мемлекетіміз осындай аз ғана уақыттың ішінде көптеген ірі экономикалық, саяси және әлеуметтік жетістіктерге қол жеткізді. Қазіргі таңда Қазақстан жас мемлекет бола тұра, көптеген елдерден әлдеқайда алда. Еліміздің аяғынан нық тұруы, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және экономикамыздың жедел қарқынмен дамуы - қазіргі таңда негізгі стратегиялық бағыттар. Бүгінгі Қазақстан – тек өзі орналасқан аймақта ғана емес, бүкіләлемдік проблемаларды талқылауда және шешуде ықпалды рөл атқаратын ел. «Қаз тұрып, қадам басқан тәуелсіздік сәбилік тұсауын өміршең уақытқа кестірген кезден бастап, осынау 20 жылдың бедерінде айшылық жерді алты рет аттаған алып секілді, дәуір жалынын мығым ұстап, тізгінін бекем қаға білді» - деп Елбасымыз айтқандай, егемен Қазақстанды бүгінде барша әлем танып отыр.

Мәтін түрі

А мәтіні

Ә мәтіні

Мәтіннің тақырыбы

Мәтіннің мазмұны

Тілдік ерекшелігі

Бағалау критерийі

Дескриптор

Мәтіндердің тақырыбын, мазмұндық құрылымын салыстыру.

Екі мәтіннің тақырыптық айырмашылығын ажырата алады

Мазмұнық ерекшеліктерін ажырата алады

Сөздікпен жұмы жүргізе алады



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу