Менің Тәуелсіз Қазақстаным (Қ. Сарин «Тәуелсіздік» өлеңі). Қазақ тілі (орыс сыныбы), 5 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Сабақ : № 3-тоқсан

Мектеп: Алматы қ. ХББ НЗМ

Пән: қазақ тілі

Күні :

Мұғалім: Еламанова А.Н.

Сынып: 5 Т2

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім:

Сабақтың тақырыбы:

Менің Тәуелсіз Қазақстаным (Қ. Сарин «Тәуелсіздік» өлеңі)

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

О4. Мәтіндерге салыстырмалы талдау жасау

 

Сабақ мақсаты:

О4. Мәтіндердің тақырыбын, мазмұндық құрылымын салыстыру.

Құндылықтарды игерту:

«Мәңгілік ел» жалпықоғамдық құндылығы:

  • Тіл мен мәдениет

НЗМ құндылығы:

  • Өзіне және айналадағы адамдарға құрмет;
  • Ынтымақтастық;
  • Жауапты азаматтық позиция;
  • Отбасы мүшелеріне, құндылықтарға деген құрмет;
  • Өмір бойы білім алу.

Аталған құндылықтар сабақ тақырыбы арқылы оқушылардың топтаса және жеке отырып жұмыс жасаулары, сын тұрғысынан ойлай білу, ақпаратты өңдей білу,өзіндік көзқарасын дәлелдей алу дағдылары негізінде жүзеге асады.

Пәнаралық байланыс:

География, ағылшын, орыс тілі пәндерінен алған білімдерін еркін қолданады

АКТ-ны қолдану дағдылары:

Слайд, бейнеклип

Бағалау критерийлері:

Мәтіндердің тақырыптық айырмашылығын ажырата алады;

Мазмұнық ерекшеліктерін ажырата алады;

Тілдік мақсаттар:

Тәуелсіз ел, бейбітшілік, 1991 жыл, көп ұлтты, ұлан-байтақ.

Независимая страна, мир, 1991 год, многонациональная

independent country, Peacefully, 1991, multinational

Дифференциация

Оқушылардың барлығы: Оқыған мәтінін жұбынан түсіндіре алады

Оқушылардың көбісі: Екі мәтіннің тақырыптық айырмашылығын ажырата алады; Мазмұнық ерекшеліктерін ажырата алады;

Оқушылардың кейбірі: Мәтіндердің идеясын салыстыра алады;

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

7 мин

Қызығушылықты ояту

Психологиялық ахуал орнату.

Оқушылар шеңбер болып тұрады, бір-бірінен үйренген жақсы қасиеттерді айтады. «Мен сенен ... үйрендім»

Топқа бөлу.

«Кемедегінің жаны бір» әдісі бойынша әр топтан 1 капитаннан шығады:

- екі ескек

- бір желкен

-бір матрос таңдап алады.

Үй жұмысын сұрау.

Сабақтың ортасы

1мин

3мин

7мин

8мин

10мин

4мин

2мин

Назарын шоғырландыру

Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен, бағалау критерийлерімен таныстыру.

Оқылым алды тапсырма: Жұпта Қазақстан тарихы туралы білетіндерін талқылайды.

1-мәтін.

Қазақстанның тарих сахнасынан ойып тұрып орын алып, Тәуелсіз ел болып құрылғанына 25 жыл толып отыр. Қазақстан- бүгінде Еуразияның жүрегінде орналасқан, тату-тәтті өмір сүріп жатқан көпұлтты мемлекет. Аз уақыттың ішінде еліміз бізден едәуір уақыт бұрын тәуелсіздіктерін алған мемлекеттерді қуып жетіп, спорт, білім, ғылым, мәдениет, өнер жағынан әлемнің алпауыт елдерімен терезесі теңеле түсуде.Татулық пен бірлікті алға тартқан Елбасымыз көш бастап, Қазақстан бүгінде Орта Азиядағы дамушы елдерден алда келеді. Әлемдік дәрежеде спорттық жарыстарды ұйымдастырып, мықты деген елдердің ұйымына төраға болып, дүние жүзіне аты әйгілі, өзінің қандай ел екенін уақыт өткен сайын дәлелдей түсуде. Тәуелсіздігін алған күннен бастап Қазақстан дамудың жаңа сатысына көтеріліп, талай биік белестерді бағындырып келеді. Өзге елде жалауымыз көк аспанда желбіреп, рухымызды асқақтатар айбынды әнұранымыз шырқалғанда әрбір қазақстандықтың жүрегінде еліне деген мақтаныш сезімі орнайды.

 2-мәтін.

Тәуелсіздік тұғырына жету жолында талай жыл күреспен арпалысып келдік. Иә, дана халқымыз бірлік болмаса тірлік болмайтындығын бекер айтпаған. Бірлік болмай, патшаның отарлық саясатының қыл бұрауы мойынға мықтап түскенде ғана, халық өзінің кешегі азат өмірінің көзден ұшқанын аңғарады. Тек аңғарып қоймай, кешегі даланы еркін жайлаған халық атқа қонды. Кенесарыдай батыр бабамыздың бар мақсаты ─ елінің тәуелсіздігі еді. Сол тәуелсіздік жолында өз өмірін құрбан етті. Сын сағатта өз мүддесінен ел мүддесін жоғары ұстады. Наурызбай, Ағыбай, Басығара, Жоламан батырлар да Кенесары хан қозғалысын қолдап, оны пір тұтты.Талай жылға созылған осы күрес халықтың әлі де сойыл ұстап, жауға аттанар ерлері барын танытты. Исатай мен Махамбетті де ереуіл атқа ер салдырып, егеулі найза қолға алдырған, еңку-еңку жер шалдырған, темір қазық жастанып, беркініп садақ асындырған, біртіндеп жауды қашырған да сол, ұлы жол, азаттық жолы еді ғой! Тәуелсіздік үшін күрес бір сәт те толастаған емес, ол теңіз толқыны сияқты қат- қабат жарға соғып жатты. Кеңес тарихы болса олардың әрбір толқынын бір-бірінен айырып алып, аймақтық оқиғалардың қатарына жатқызды. 1916 жылғы ұлт-азаттық төңкерісі де осы тұрғыдан қаралып келеді. Ал шындығында 1916 жылғы оқиға империяның бүкіл шығысында болды. Ол сонау Азия, Африка, Оңтүстік Америкадағы ұлт-азаттық қозғалыстардың ешқайсысынан кем емес-ті. 

Оқылым тапсырмасы:

«Ішкі және сыртқы шеңбер» әдісі:

2. Сынып оқушыларын 1,2 топқа бөліңіз;

3. Бірінші топты ішкі шеңберге, екінші топты сыртқы шеңберге орналастырыңыз;

4. Ішкі шеңбердегілер орындыққа жайғасады, ал сыртқы шеңбердегілер музыка әуенімен шеңберді айналады;

5. Музыканы тоқтатқан кезде, сырт шеңбердегілер өз тұсына отырады;

6. Оқылған материал бойынша сырт шеңбердегілер айтады, іштегілер тыңдайды ( 3-5 минут ) ;

7. Жұптасып, бірінің сұрағына жауап беріп, диалог құрады және тағы музыка жіберіп, қайталайсыз;

8. Ішкі шебердегілерді сырт шеңберге шығарып, орнын ауыстырасыз.

Оқылымнан кейінгі тапсырма:

Ж.

Екі мәтінмен толық таныс болған соң оқушылар мәтіндерді салыстырып талдайды.

  • Екі мәтін не туралы?
  • Мазмұнында қандай ерекшелік бар?
  • Мәтіндер қандай тақырыпта жазылған?

Бағалау критерийі

Дескриптор

Мәтіндерге салыстырмалы талдау жасау

Оқыған мәтінін жұбынан түсіндіре алады

Екі мәтіннің тақырыптық айырмашылығын ажырата алады

Мазмұнық ерекшеліктерін ажырата алады

Қалыптастырушы бағалау

Мұғалім әр оқушыны жасаған жұмысына қарай бағалап жүреді. Үлгермей жатқан оқушыға көмектеседі.

Сергіту сәті: Қазақстан жұлдыздарының орындауындағы «Елім менің» әнін тыңдап, бірге айтады.

Арайлап таңым, асқақтап тауым,Ән ойнап көгім, күй тартты көлім.Қол жетті, міне, аңсаған күнге,Жасай бер, жаса, қазағым менің.Қазақстаным – жасыл орманым,Қуанышымды жасыра алмадым.Аңсаған бабам, аңсаған елім!Бостандық еді – ау асыл арманың.Қайырмасы:Елім менің аңсаған,Тас бұғаудан босаған.Құтты болсын отауың- оу,Берік болсын –ау босағаң.Бабамның қаны, анамның жасы,Сіңген бұл далам, қымбатсың маған.Береке –бірлік қамалдың басы,Ұрпаққа мәңгі тіл қатшы, далам.Күйінсін жауың, сүйсінсін досың,Жиылсын қауым, құйылсын көшің.Ертеңің үшін аянба, ерім,Ояншы, елім, жиылсын есің.Қайырмасы:Ұрпақ үшін, ел үшін,Атамекен жер үшін.Берекең мен бірлігің – оу,Таси берсін – оу өрісің

https://www.youtube.com/watch?v=_qxEO_JmV4o

Сабақтың соңы

3 мин

Кері байланыс: «Менің баспалдағым»

Оқушылар сабақтан алған дағдыларының қай сатыда екенін стикерге аты-жөнін жазып, өзім жеттім деген баспалдағының тұсына жапсырады.

Үйге тапсырма беру. Қазақстанның тәуелсіздіктен кейінгі жетістіктері жайында оқып келу.

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды?

Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме?

Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба?

Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2.

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

Аргументтер:

Әлеуметтік желілер арқылы тегін жарнама жасау,

алыстағы достармен, тума-туыстармен тез хабар алмасу,

көптеген кеңестер оқу,

көп уақытты бос өткізуге болады,

виртуалды өмірде өмір сүру,

тек қана ғаламтор арқылы сөйлесу денсаулыққа зиян.

Бағалау критерийі

Дескриптор

Әртүрлі жанрдағы мәтіндерді жазу үшін құрылымын ескере отырып, қарапайым жоспар құру.

Өз пікірін білдіреді

Дәлел, мысал келтіреді

Өз қорытындысын шығара алады

Бағалау критерийі

Дескриптор

Әртүрлі жанрдағы мәтіндерді жазу үшін құрылымын ескере отырып, қарапайым жоспар құру.

Құрылымын дұрыс құра алады

Тақырыпты толық қамти алады

Келісу/келіспеу ұстанымын анық бере алады

ЭССЕ жазу барысында қатаң сақталынуы тиіс ТАЛАПТАР:• Жеке көзқарастың көрінісі;• Фактілі дәлелдер (аргументтер);• Теоретикалық негіздеме;• Терминдерді қолдану;• Цитаталарды келтіру;• Әртүрлі көзқарастарды мысалға алу;• Логикалық заңдылықтың сақталынуы;• Салыстыру және қорытындылау әдістерін қолдану;• Сауаттылық (пункт., орфогр.);• Қолд. ғылыми еңбектерге сілтеме жасау.

Эссенің жазылу құрылымы:1. Кіріспе. Тақырыптың негізгі мәні мен негіздемесі тезис түрінде көрсетіледі;2. Тақырыпты дамыту: Тақырыпқа сәйкес бар біліміңізбен: теория, фактілер, идея, ақпараттар, паралелдеу, аналогия, ассоцация, теңеу, сұрақтар қою, т.б. қолданып, дәлелдейсіз (аргументация).Мыс. 1. Аргумент түсіндіру мысал (факт) байланыстырушы сөйлемдер. 2. Аргумент түсіндіру мысал (факт) байланыстырушы сөйлемдер;3. Қорытынды. Жалпылау мен аргументтеріңіздің логикалық қорытындысы. «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні”.

Эсседе жеке сөздер, бірге, бөлек және дефис арқылы жазылатын сөздерді орфографиялық нормаға сай жазады

Эсседе көтерілген мәселеге келісу – келіспеу себептерін айқын көрсетеді.

«ПОПС» формуласы бойынша берілген тақырыпты ашады.

«ПОПС» формуласы

•Бірінші сөйлем «Менің ойымша,... »

•Екінші сөйлем «Себебі, мен оны былай түсіндіремін … »

•Үшінші және төртінші сөйлем «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын … » (2 сөйлем)

•Бесінші және соңғы сөйлем «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім ...» және мынандай нақыл сөзден мысал келтіремін.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу