Туған жерім - Қазақстан. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 5 сынып, дидактикалық материал.
Дидактикалық материалдар
- Сөздік жұмысы.
Синонимдерімен сәйкестендіріңіз.
Киелі | Бай дала |
Кең | Егемендік |
Қойнауы алтын жазира дала | Қасиетті |
Тәуелсіздік | Өркендеу |
Даму | Байтақ |
- Тыңдалым мәтіні
Туған жерім – Қазақстан
Халқымызда «Отансыз адам – ормансыз бұлбұл» деген сөз бар. Ал менің киелі туған жерім, қасиетті Отаным – Қазақстан. Ол Еуразия құрлығында орналасқан. Қазақстан даласы – кең-байтақ. Жер көлемі бойынша әлемде тоғызыншы орын алады. Қазақстан жері қымбат түсті металдарға, саналуан өсімдіктер мен жануарларға өте бай. Сондықтан оны «қойнауы алтын жазира дала» деп атауға болады. Қазақстан – алма мен қызғалдақтың Отаны. Табиғаты да әсем. Тіпті, Алатау, Алтай, Көкшетаудың сұлулығына таңқалып ақындар жырын арнаған.
Тарихы көнеден басталатын Қазақстан өзінің тәуелсіздігін 1991 жылы 16 желтоқсанда алды. Еліміздің тәуелсіздігі үшін көп адамдар үлес қосқан. Ол адамдарды біз батырлар, қаһармандар, көшбасшылар деп еске алып, ешқашан ұмытпаймыз. Сол егеміндігін алған күннен бері Қазақстан күн сайын дамып, өркендеуде. «Мәңгілік ел» сияқты барша қазақстандықтарға ортақ мақсатымыз, рәміздеріміз, әнұранымыз, Елбасымыз бар. Төл волютамыз – теңге. Мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі. Еліміздің төрінде жарқырай жайнап бас қала Астанамыз тұр. Мен өз Отанымды сүйемін!
- Тыңдалым тапсырмалары
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?