Туған жерім - Қазақстан. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 5 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Сабақ : № ІІІ тоқсан

Мектеп:

Пән: қазақ тілі

Күні:

Мұғалім:

Сынып: 5 Т2

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім:

Менің тәуелсіз Қазақстаным

Сабақтың тақырыбы:

Туған жерім - Қазақстан

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

Т2. Назарын шоғырландырып тыңдау

Сабақ мақсаты:

Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну және нақты ақпаратты анықтау;

Құндылықтарды игерту:

«Мәңгілік ел» жалпықоғамдық құндылығы:

  • Отансүйгіштік, өз елін мақтан тұту;

Рухани-адамгершілік құндылығы:

  • Өзіне және айналадағы адамдарға құрмет;
  • Ынтымақтастық;

Аталған құндылықтар сабақ тақырыбы арқылы оқушылардың жұптаса және жеке отырып жұмыс жасаулары, сын тұрғысынан ойлай білу, ақпаратты өңдей білу,өзіндік көзқарасын білдіре алу дағдылары негізінде жүзеге асады.

Пәнаралық байланыс:

Дүниетану, өнер пәндерінен алған білімдерін еркін қолданады

АКТ-ны қолдану дағдылары:

Интертақта көмегімен бейнеролик көрсету, аудиоматериал тыңдату, слайд

Бағалау критерийлері:

Тыңдалым мәтінінің негізгі ойын анықтай алады;

Сөйлемдерді нақты ақпараттармен толықтырып жаза алады;

Түсінген мәліметтерін пайдаланып, өз көзқарасын білдіре алады;

Тілдік мақсаттар:

«Туған жерім – Қазақстан» тақырыбына қатысты тірек сөздерді меңгерту:

Дифференциация

Оқушылардың барлығы: тыңдаған ақпараттарын пайдаланып айта алады;

Оқушылардың көбісі: тыңдаған ақпараттарын өз сөзімен баяндап, көзқарасын білдіре алады;

Оқушылардың кейбірі: тыңдаған ақпараттар негізінде өз көзқарасын білдіріп, мысалдар келтіре алады;

Осыған дейін меңгерілген білім

Қазақстан туралы кейбір ақпараттарға ие

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

7-8 мин

Қызығушылықты ояту

Психологиялық ахуал орнату:

«Жүректен жүрекке» әдісі бойынша оқушылар шеңбер бойымен тұрып, бір-біріне тілек айтады. Тілек айтқан адамына ортадағы қораптан кішкене жүрекшені алып береді. Көңілді әуен ойнап тұрады.

Жұптастыру:

Бір түсті жүрекшелерге ие болған оқушылар бір-бірімен жұп құрайды.

Үй жұмысын сұрау.

Тақырыпты болжау:

«Қазақстанды таныстыру» бейнеролигі арқылы

«Қазақстанды таныстыру»:

https://youtu.be/ZIO90Ci00KQ

Сабақтың ортасы

30 мин

Назарын шоғырландыру

1-қадам. Тыңдалымалды тапсырма: Сөздік жұмысы

Оқушылар өздері білетін ақпараттары бойынша сөздердің синонимдерін тауп көреді, мұғалім көмегімен тексеріп, дұрыс/бұрысын анықтайды.

Синонимдерімен сәйкестендіріңіз:

Киелі

Бай дала

Кең

Егемендік

Қойнауы алтын жазира дала

Қасиетті

Тәуелсіздік

Өркендеу

Даму

Байтақ

2-қадам. Тыңдалым: «Туған жерім – Қазақстан»

Оқушылар тыңдалым тапсырмаларымен танысады.

Тыңдалым мәтінін 2 рет тыңдап, берілген тапсырмаларды орындайды.

Тыңдалым тапсырмалары:

Бағалау критерийі

Дескриптор

Тыңдалым мәтінін түсіну және нақты ақпараттарды анықтау

Қажетті сөздерді анықтап, сөйлемдерді толықтырады

Мәтіннің негізгі ойын өз сөзімен жазады

Қалыптастырушы бағалау

Жұптағы оқушылар бір-бірінің жұмыстарын тексеріп, сәйкес белгіні қояды:

  • Тапсырмалар барлығы дерлік дұрыс;
  • Тапсырмалардың көпшілігі дұрыс;
  • Тапсырмалардың кейбіреуі дұрыс;

Мұғалім оқушылардың жұмыстарын бақылап, кері байланыс береді.

3-қадам. Тыңдалымнан кейінгі тапсырма: Сұхбат

Оқушылар өздері бұрыннан білетін және тыңдалым барысында түсінген ақпараттарын пайдаланып, «Қазақстан қандай?» тақырыбында бір-бірімен сұхбат құрады.

Бағалау критерийі

Дескриптор

Түсінген мәліметтерін пайдаланып, өз көзқарасын білдіру

Жаңа сөздер мен синонимдерді қолданады

Тақырыпқа қатысты сұрақтар қояды

Өз көзқарасын білдіреді

Қалыптастырушы бағалау

Оқушылар бағалау критерийлері негізінде бір-біріне пікір(ұсыныс) айтады.

Мұғалім бақылауы бойынша өз пікірін білдіреді.

Аудиомате-риал: «Туған жерім – Қазақстан»

Сабақтың соңы

4-5 мин

Кері байланыс

«Қазақстан картасы»

Оқушылар сабақтың басында алған қағаз жүрекшелерге сабақтағы өз іс-әрекеттері бойынша кері байланыс жазып, жабыстырады. Ауызша оқиды.

Мен сабақта .....

Үй тапсырмасы: Туған жер, Отан туралы 3 мақал-мәтелді мағынасын түсініп жаттау. Жаңа сөздерді қайталау.

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды?

Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме?

Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба?

Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2.

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу