Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 5 сынып, дидактикалық материал.


Тәуелсіздік жылдарындағы еліміздің ең айтулы жетістіктері

Тәуелсіздіктің тұғырын биік ұстаған Қазақстан 24 жыл ішінде өте көптеген жетістіктерге жетті. Дегенмен мемлекет тарихында алтын таңба болып қалатын елеулі оқиғалар легі қандай? 24 жылды артта қалдырған Тәуелсіздік еліміздің басты оқиғаларына көз жүгіртейік.

1991 жыл — Қазақстанның Тәуелсіздігін жариялауы

1991 жылы Қазақстан Республикасы тәуелсіз, егеменді ел деп жарияланды. Сол жылы  17-желтоқсанда Алматыдағы Орталық алаңда Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі жариялануына және 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының бес жылдығына арналған митинг болып өтті.

1992 жыл

1992 жылдың  2 наурызда Қазақстан БҰҰ-ның мүшесі атанды. Сол жылдың басында Қазақстанның мемлекеттік рәміздерін: әнұран, елтаңба және туды жасауға конкурс жарияланды. 1992 жылдың 4 маусымында ҚР Президенті «ҚР мемлекттік Туы», «ҚР Мемлекеттік Елтаңбасы», «ҚР Мемлекеттік Әнұраны туралы» заңға қол қойды.

1993 жыл

1993 жылдың 28 қаңтарында Жоғары кеңес Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Конституциясын қабылдады. Қазақ тілі енді ресми түрде мемлекеттік тіл деп саналады. Сол жылы ұлттық валюта енгізу жөніндегі Мемлекеттік комиссия құру туралы шешім қабылданды. Оның төрағасы болып премьер-министр Сергей Терещенко тағайындалды. Сонымен бір мезгілде Ресеймен ортақ рубль аймағы туралы келісімге қол қойылды. Дербес ақшаның енгізілетіні туралы Қазақстан халқына небары үш күн бұрын ғана хабарланды.

1994 жыл

1994 жылы Байқоңыр ғарыш айлағы Ресейге жалға берілді. Келісім бойынша, көршілерге оны пайдалану жылына 115 миллион долларға түспек. Бірақ республика алғашқы нақты ақшаны тек 1999 жылы ғана алуға қол жеткізді. Шілде айында ғарышқа екінші қазақ — Талғат Мұсабаев ұшты, бірақ ол Ресей федерациясының азаматы ретінде ұшқан еді. Ғарышқа екінші рет ұшып барған соң Талғат Мұсабаев Ресей федерациясының батыры және Қазақстанның «Халық қаһарманы» атағына ие болды.

1995 жыл

1995 жылдың 30 тамызында қазіргі қолданыстағы ҚР Конституциясы қабылданды. Ол бойынша республика президенттік басқару түріне көшеді, енді заң шығарушы органды тек мемлекет басшысы ғана тарата алады.

1996 жыл

95-ші жылы күзде Қазақстанда ұлттық әуе тасымалдаушы пайда болды. «Эйр Қазақстан» компаниясына азаматтық авиацияны тұрақтандырып, жаңадан ұшақтар алынып, ішкі және халықаралық бағыттарға әуе қатынастары көбейтеді деген үміт артылды.

1997 жыл

1997 жылдың 10 ҚР Президенті Н. Назарбаев «Қазақстан — 2030:Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» атты Жолдауын жариялады.

1998 жыл 

1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы реформасы басталды. Мемлекет зейнетке шығу жасын да ұлғайтты. Егер посткеңестік Қазақстанда әйелдер мен ер адамдар зейнеткерлікке тиісінше 55 және 60 жаста шығып келген болса, енді олар 58 және 63 жаста шығатын болып белгіленді.

1999 жыл

1999 жылдың 10 қаңтарында Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтті. Сайлауда дауыс бергендердің 79,78 % қолдауына ие болған мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жеңіске жетіп, тағы жеті жыл мерзімге сайланды.

2000 жыл

2000 жылдың 10 қазанында Астанада халықаралық экономикалық ұйым ретінде Кеден одағына қатысушы мемлекеттердің басшылары қол қойған Еуразиялық экономикалық қоғамдастық құрылды. Қауымдастықты құру туралы келісімге Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Беларусь, Тәжікстан қол қойды. Кейіннен қауымдастық Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуына байланысты алынып тасталды.

2001 жыл

Еліміз Тәуелсіздіктің 10 жылдығын атап өтті. Сол жылы Рим папасы Иоанн Павел II Астанаға келді.

2002 жыл

2002 еуро айналымға енгізілді. Осы жылдың қаңтар айында «Қазкоммерцбанк», «БанкТұранАлем» және «Халық банк» 30 млн еуроны аалып келді. Бұл кезде еуро құны Ұлттық банк есебіне сәйкес 150,97 теңгеге, ал доллар 154,10 теңгеге тең болды.

2003 жыл

2003 жылы 10 мың теңгелік номиналды банкнот айналымға енгізіліп, Қазақстандағы ең ірі купюра болды.

2004 жыл

2004 жылдың 28 мамырында Шығыс Қазақстан облысында Перизат Ускембаева есімді Қазақстанның 15 миллионыншы тұрғыны дүниеге келді. Ал оның егізі қазақ санының 16 миллион есебін ашты.

2005 жыл

2005 жылдың 4 желтоқсанында кезекті Президент сайлауы өтті. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 91,15% дауыспен үшінші мәрте Мелмекет басшысы болды.

2006 жыл

Осы жылы теңгенің жаңа үлгілері айналымға шығарылды және «Самұрық» мемлекттік қоры құрылды. Кейін «Қазына» қорымен бірігіп, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ болды.

2007 жыл

Бұл жыл  еліміз үшін ғана емес бүкіл әлем үшін тарихтағы ең ірі қаржылық дағдарыспен есте қалды. Экономикалық дағдарыс Қазақстанды да шарпып өтті.

2008 жылы

Осы жылы 13 қазанда «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамға айналды.

2009 жылы

Қаңтар айында Ұлттық банк басшысы болып Григорий Марченко қайта келді. Осы кезде доллар бағамы 150 теңге деңгейіне жетті.

2010 жылы

Қазақстан Еуропаның Қауіпсіздік және Ынтвмақтастық Ұйымына төрағалық етіп, желтоқсан айында елімізде саммит өткізілді.

2011 жылы

Қазақстанда VII Қысқы Азия ойындары өті. Қазақстандық спортшылар 70 медаль иеленді. Оның ішінде 32 алтын, 21 күміс және 18 қола алды.

2012 жылы

Осы жылдың 22 қарашасында 2017 жылғы Әлемдік көрмеге елімізде өткізу құқығына ие болғаны туралы белгілі болды. Халықаралық көрме бюросының мүшелерінің қатысуымен Астана 103 дауыс жинады.

2013 жылы

24 тамыз Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қатысуымен «Қазақстан-2050» Стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр» тақырыбында Қазақстан халқы Ассамблеясының XX мерейтойлық сессиясы болып өтті.

2014 жылы

2014 жылдың тамыз айында Үкіметте қайта құрылымдау болды. 17 министрлік пен 9 агенттіктің орнына елде 12 министрлік және шамамен 30 комитет құрылды. Қаржы полициясы жабылды, оның қызметін мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы күрес істері жөніндегі агенттік алды. ТЖМ қызметі Ішкі істер министрлігіне берілді. Сонымен қатар, Энергетика министрлігі, Мәдениет және спорт министрлігі, Инвестициялар және даму министрлігі, сонымен қатар Ұлттық экономика министрлігі құрылды.

2015 жылы

27 шілдеде Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымының мүшесі атанды.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу