Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 5 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

ӘБ жетекшісі: Байдильдинова Д.К.

Сабақ : 3-тоқсан

Мектеп: Алматы қ. ХББ НЗМ

Пән: қазақ тілі

Күні :

Мұғалім: Абдул Рахманұлы А.

Сынып: 5

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім:

Менің Тәуелсіз Қазақстаным

Сабақтың тақырыбы:

Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

Ж1.   Әртүрлі стильде мәтіндер құрастыру  

ТБ1. Сөз таптары

Сабақ мақсаты:

Ресми стильдің тілдік ерекшеліктері мен талаптарын дұрыс қолдана отырып, хабарлама, хабарландыру, хат жазу.

Қарсылықты қатынасты білдіретін жалғаулықтардың қызметін білу және жазба жұмыстарда орынды қолдану.

Құндылықтарды игерту:

«Мәңгілік ел» жалпықоғамдық құндылығы:

  • Тіл мен мәдениет

НЗМ құндылығы:

  • Өзіне және айналадағы адамдарға құрмет;
  • Ынтымақтастық;
  • Жауапты азаматтық позиция;
  • Өмір бойы білім алу.

Аталған құндылықтар сабақ тақырыбы арқылы оқушылардың топтаса және жеке отырып жұмыс жасаулары, сын тұрғысынан ойлай білу, ақпаратты өңдей білу,өзіндік көзқарасын дәлелдей алу дағдылары негізінде жүзеге асады.

Пәнаралық байланыс:

География, ағылшын, орыс тілі пәндерінен алған білімдерін еркін қолданады

АКТ-ны қолдану дағдылары:

Интерактивті тақта, слайд.

Бағалау критерийлері:

  • Тақырып аясында өз ойын жүйелі жаза алады
  • Ресми стильдің тілдік ерекшеліктері мен талаптарын дұрыс қолданып хабарлама, хабарландыру, хат жаза алады
  • Қарсылықты қатынасты білдіретін жалғаулықтарды жазбаша жұмыстарда орынды қолданады

Тілдік мақсаттар:

Мемлекет, көп ұлтты, егеменді, тәуелсіз,  ұлан – байтақ, орналасқан, жер көлемі, қатар қолданылады, біртұтас, мақтанамын, бейбітшілік.

Дифференциация

Оқушылардың барлығы: тақырып аясында өз ойын жаза алады, қарсылықты жалғаулықтардың қызметін түсінеді.

Оқушылардың көбісі: Қарсылықты қатыснасты білдіретін жалғаулықтарды жазбаша жұмыстарда орынды қолдана алады.

Оқушылардың кейбірі: Ресми стильдің тілдік ерекшеліктері мен талаптарын дұрыс қолданып хат жаза алады.

Осыған дейін меңгерілген білім

Денсаулық – зор байлық

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

7 мин

Қызығушылықты ояту

  • Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу.
  • Үй жұмысын сұрау.

Ой сергіту.

  • «Өткен шақ + қазіргі шақ + келер шақ» әдісі. Өткен сабақ туралы бір дерек, қазіргі көңіл күйін және алдағы сабақтан күтетін дүниелерін жазады.
  • Жаңа тақырып, оқу мақсаттары, жетістік критерийлерімен таныстыру.

Сабақтың ортасы

3 мин

10 мин

20 мин

Назарын шоғырландыру.

«Миға шабуыл»

Тәуелсіз Қазақстанның қандай жетістіктерін білесіздер?

Ең басты жетістігіміз қайсы деп ойлайсыздар?

Неліктен?

Оқушылар екі минут ішінде осы сұрақтар аясында өз пікірлерімен бөліседі. Ж.

(Мұғалім өз кезегінде, оқушыларға тірек сөздермен, көмекші сұрақтармен көмек беріне болады. Мысалы: Экспо-2017, Универсиада, Азиада, ЕҚЫҰ саммиті, Шекарамыздың бекітілуі, Астана, Теңге, Елу дамыған мемлекеттің қатарына қосылу.)

Оқушылар стикер түстеріне қарай «Спорттық жетістіктер», «Саяси жетістіктер», «Экономикалық жетістіктер» болып үш топқа бөлінеді.

1-тапсырма. «Спорттық жетістіктер» тобына хат, «Саяси жетістіктер» тобына хабарландыру және «Экономикалық жетістіктер» тобына хабарламаның стильдік ерекшеліктерін, ережесін жасау тапсырмасы беріледі (Топтардан: А3 парақта, көрнекі, нақты әрі түсінікті ереже құрастырылуы сұралады). Дайын топ өз жұмысын қорғайды, ал қалған топтар оларды бағалайды.

Бағалау критерийі

Дескриптор

Ресми стильдің тілдік ерекшеліктері мен талаптарын дұрыс қолдана отырып, хабарлама, хабарландыру, хат жазу.

Өз пікірін негіздейді

Стильдік ерекшеліктерді нақты көрсетеді.

Ережені көрнекі, нақты әрі түсінікті жасайды.

Қалыптастырушы бағалау

2 тапсырма.

Оқушыларға 1-2-3 сандары таратылып беріледі. 1 саны түскен оқушылар «Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері» тақырыбында хабарлама, 2 саны түскен оқушылар хабарландыру, 3 саны түскен оқушылар хат жазады.

«Мемлекет, көп ұлтты, егеменді, тәуелсіз,  ұлан – байтақ, орналасқан, жер көлемі, қатар қолданылады, біртұтас, мақтанамын, бейбітшілік, бірақ, алайда, дегенмен, әйтпесе, әйткенмен, сонда да» тірек сөздері мен қарсылықты жалғаулықтарын пайдалана отырып хабарлама, хабарландыру, хат жазамыз.

Бағалау критерийі

Дескриптор

Қарсылықты қатынасты білдіретін жалғаулықтардың қызметін білу және ауызша жұмыстарда орынды қолдану.

Ресми стильдің тілдік ерекшеліктері мен талаптарын дұрыс қолдана отырып, хабарлама, хабарландыру, хат жазу.

Жазба жұмысында берілген тірек сөздер мен қарсылықты жалғаулықтарды орынды қолдана алады

Берілген тақырыпта өз ойын жүйелі жаза алады

Жазылым жұмысында ресми стильдің тілдік ерекшеліктері мен талаптарын дұрыс қолданып хат, хабарлама, хабарландыру жаза алады

Сабақтың соңы

5 мин

Кері байланыс.

«ЕҢ, ЕҢ, ЕҢ...»

«Қызық, қиын, қажет...»

Үйге тапсырма беру. Тәуелсіз Қазақстанның болашағы туралы ойтолғау жазу (50 сөз).

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды?

Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме?

Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба?

Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2.

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу