Төл теңгенің тарихы. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 5 сынып, дидактикалық материал.
1 – мәтін.
Теңге туралы қызықты деректер Мемлекеттің егеменді ел екенін айқындайтын бірден-бір белгі − ақша айналымында өзіндік төл вальютасының болуы. Бұл − мемлекеттің нағыз ел болуып қалыптасқан нышаны. Ұлттық валюта қалыптастыру — көп күш пен еңбекті талап ететін, күрделі үдеріс. Бірақ Қазақстан тәуелсіздігін алғанына 2 жыл толмай жатып, 1993 жылы 15 қараша күні теңгені ресми түрде ақша айналымына енгізді. Ол қазақстандық валютаның дүние есігін ашқан күн болып естептеледі.
Ұлттық валюта — теңге туралы бірнеше қызықты дерек ұсынамыз.
1.Теңгенің ең алғашқы дизайны қалам, калька және тушь арқылы салынды, өйткені әрлеушілердің қолында бұдан басқа ешқандай құрылғы болмаған.
2. Теңгенің бірінші топтамасы Harrison & Sons фабрикасында, Лондонда басылып шығарылды. Оны елге жеткізу үшін тасымалдаушылар 18 әуе сапарын жасаған. Ол Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бақылауымен орындалып, өнеркәсіпке арналған жабдық ретінде тасымалданған. 3. Қазақстанда ақша басып шығаратын өз фабрикамыз 1995 жылы ашылды. Соның арқасында Қазақстан ерекше атаулы күндерде мерекелік банкноттар шығаруға мүмкіндік алды.
4. Ұлттық валютаның атауына «сом», «ақша», «алтын» секілді атаулар бақталас болған. Яғни, теңге атауымен бірге осы нұсқалар да таңдауға түскен.
5. Теңге — жалған ақша жасаушыларға қарсы тұра алатын, әлемдегі ең қауіпсіз валюта. Америкалықтар теңгенің технологиясына сүйеніп, доллар қауіпсіздігін күшейткен. Доллардың тарихы XVIII ғасырдан бастау алады.
6. Теңге банкнотасы қатарынан үш рет 2011, 2012 және 2013 жылдары дүниежүзіндегі ең үздік қағаз ақша ретінде танылды.
7. 50 теңгелік қағаз ақшада Қазақстанның Тұңғыш президентінің портреті тұруы тиіс болған, алайда Нұрсұлан Назарбаев мұндай мәртебеден бас тартқан.
2 – мәтін.
1992 жылдың 27 тамызы күні Ұлттық банк теңге купюрасының үлгілерін бекітті. Ертесіне қазақ валютасын өмірге келтірген суретшілер Тимур Сүлейменов, Меңдібай Алин, Ағымсалы Дүзелханов, Қайролла Әбжәлеловтер Англияға аттанды. 1992 жылы теңге дизайнындағы портреттер бекітілді. Теңге Ұлыбританияда басылып шықты. 1993 жылдың 12 қарашасы күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасында ұлттық валюта енгізу туралы» Жарлыққа қол қойды. 1993 жылдың 15 қарашасында Тәуелсіз Қазақстан Республикасының төл валютасы айналымға енді. Ескі ақшаны қазақстандық теңгеге айырбастау 1993 жылы 15 қарашада сағат 8.00-де басталып, 20 қарашада сағат 20.00-де аяқталды. Ұлттық Банк бастапқыда 1 теңгені сол кездегі мың рубльге бағалаған болатын. Дегенмен, еліміздің саяси, әлеуметтік мәселелері және мемлекетаралық қатынастар ескеріліп 1 теңге 500 сомға бекітілді. 1994 жылы қағаз тиындардың орнына жезден жасалынған 2,5,10, 20 және 50 номиналды монеталар шықты. Ұлттық валюта банкнот және монета түрінде айналысқа енгізілді. Қазір банкнот - Ұлттық Банктің Алматы қаласындағы Банкнот фабрикасында, ал монета - Өскемендегі Монета сарайында шығарылады. Ел Президентінің Жарлығымен 1997 жылдан бері 15 қараша төл валютамыздың туған күні әрі қаржыгерлер күні болып белгіленді. 2006 жылы 15 қарашада жаңа үлгідегі банкноттар айналысқа енгізілді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?